Із қалдыру. Өзіңнен кейін.

(31.44 Kb, 500x352)

Қар жауған. Кенеттен бұрқырады. Дайындықсыз едік. Боран ұйытқыды. Аппақ қылған. Төңіректі түгелдей. Жұмыстан қайтқам. Қолымда пакеттер. Нан-пан. Сойқан суық. Біреу тұр. Бейтаныс жан. Жалғыз-жарым. Есіктегісі – код. Жабық, демек. Сыртта ызғар. Есікті тепкілейді. Адамы жоқ. Қырсығы сол. Үйге кірдім. Жып-жылы. Тамаққа кірістім. Картопты аршыдым. Пиязды турадым. Етті еріттім. Тұз жоқ. Алу керек. Дүкенге беттедім. Бет қариды. Қысқы аяз. Бағанағы тұр. Кодты білмейді. Есікті тоқылдатады. Қайдан естісін. Аздап ұрттаған. Исі мүңкиді. Аларымды алдым. Кері келемін. Әлгіміз жоқ. Кірген бе? Белгі қалдырыпты. Қардағы ізі. Сап-сары. Сосын көрдім. Ұзап барады. Кірмеген ғой. Сарылып күтті. Сабыры таусылған. Төзімі түгескен. Осы еді. Іздің сыры.
Бөлісу:

44 пікір

edige
кірдім көрдім. жақсы жазылған. маледестен басқа. базар жоқ.
Nurgisa
Рақмет, рақмет. Шын болған. Қынжыласың ғой. Қыста суық. Шыдас бермейді. Шыдап көр! Төзу керек. Өйтпесең өлесің.
alisha
Мұз қатқан. Шалбарды айтам. Тәжірибе ғой. Көргені дұрыс.
Nurgisa
Атыраудағысы есімде. Жайық қатады. Балықшылар үймелейді. Әдемі картина. Жылда солай.
alisha
Сөз жоқ. Көпірден көр. Жоғарыдан қара. Өте әдемі. Ұнайды маған. Әсер алам.
Nurgisa
Ақ үй. Көпірдің маңы. Қарсысында — Жайық. Тасымайды әйтеуір. Көпір мықты. Әлі ескірмепті.
qisyq
Қызық. Құдияр Біләл. Осылай жазады. Маған да осы стиль. Ұнайда. Қатты ұнайды. Тоқтап. Тоқтап. Оқисың. Рахмет. Нұрғиса.
Аяп кеттім. Кімді? Әлгі еркекті. Байғұс. Кеткен екен ғой. Кіре алмай. Обал-ай. Артынан қалдырып. Сары ізді. Ақ үміт. Белгісіндей болып…
sammita
"Ұнайда. Қатты ұнайды. Тоқтап. Тоқтап. Оқисың."
:))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Nurgisa
Өмір зулағыш. Зымыран дерсің. Кідіріссіз қарқын. Аялдайық аракідік…
qisyq
Аялдайық. Артымыздан. Із қалдырып. Өткен күн. Белгісіндей.
sammita
Қисықтың пікірін оқып әлі күліп отырмын)))))))))))))))))))))))))
«Сары ізді. Ақ үміт. Белгісіндей болып…»
Nurgisa
Сен келерсің бір күні,
Сары түс боп бір түрлі…
Ақ үміттей белгі боп,
Исі жұпар қыр гүлі…
AKY
Сағынышым сенгісіз,
Шала сарғыш сыр түрі…
Қайдан, қаша белгісіз
Сен келерсің бір күні…
Nurgisa
Сенсіз жалғыз жабықтым,
Сары ізді жасырып.
Түнде есік қағып тұрм,
Туәлетке асығып…
AKY
Әжетке асық ғаламда,
Үміт алдай қарады,
Толып тұрған қуықта
Сәуле қалмай барады…
Nurgisa
:))))))) браво!!!
TERISKEI
AKY ханым, маладес! Шабытың ұрып тұр екен! Браво-Белиссимо!;)
alisha
Зәр шақырған өлеңмен, шабыт шақырған өлеңде бәлендей айырма болмайды екен -ау?!
qisyq
Кім біледі. Бәлкім екеуміз.
Дәретхана. Іздеп кетерміз.
Жарылардай болып. Жынданып.
Унитазға-үміт. Жетерміз.
Abilakim
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Подъезіңнің алдына
С… п жаздым атыңды
AKY
«Шұлығым… Кеуіп кетті. Нақ.» — деп отырсың ба))
sammita
Жұма. Жұмыс. Кеңсе. Су жоқ. Жаурадық. Ашпыз.
omarbirat
Ұйқы келді. Сағат қалды. Бір сағат. Жұмыстың бітуіне. Жұмыс аптасының. Ертең — демалыс. Екі күн.
alisha
Жұрт бақытты. Сағат қалды. Бізде өзге. Екі сағат. Қызғанып отырмын. Ішім күйді. Тұз жаламаймын. Мен қапаланбаймын. Сағат кейін. Дүйсенбіні бастаймыз. Қуана білем! Алдана білем!
Khan
Әдемі сие білу де өнер.
alisha
"Өнер алды — сары сідік" демегеніңе тәубе!
edige
Бізде қар. қалай болады екен. менттер алып кетпей ма екен нетсем…
Abilakim
Жаздым.Сідікпен.Сайлау-2011. Ешкім көрмеді.Мені.Жазуды көреді ғой.
edige
Ай Әбіл ай деген екен
alisha
Ұзақ жазба! Қанша жүрдің? Зәр шығармастан. Қуығыңды ая! Обал болады!
edige
"Қазақсан-2030" жазу үшін қанша журіп, канша сыра ішу керек болады екен а?
alisha
Осыны сылтауратып сыра ішу керек боп тұр ғой, аа???
sammita
Іш. Ыссы шәйдан. Көбірек жұт. Шықпа. Түзге. Шыда. 1 тәулік. Минимум. Тез-тез жаз. Алып кетеді. Иттер. Қиналасың. Қалып кетсе. Ішіңде. «Сияны» айтам.
Abilakim
Екі литр.Іштіп алдым.Шырын.Сидім-ай дейсің.Рахат.Сезім.Сенде сезін.
satibaldi
Бұл өнерде ерлердің қаламы әлдеқайда икемдірек екенін тілге тиек тепей кетпеске болмайды…
aktobe88
:-))))))))))))))))))))))))))
Gastarbaiter
Қисықтың кәментімен тоқтата салу керек еді. Жындыға бастап бердің кері болды...))
Aitzhan_b
Блогкэмп мақсаты не???
Біздің блогерлеріміздің жазып отырғандары не?)))
sandibek
ия. қызық. қысқа да нұсқа. сөйлемдерін айтам. ұнады.