Ганс Мұсылман Андерсен. "Эксперимент".

Еее нақтың, мына қу дүнияның пәтуасы қашан болып еді өзі?

Баяғы өткен заманда, дін христиан аманда, қазақта иман болғанда, туалетте құман болғанда Қ. Жұбанов Университетінің психология профессоры эксперимент жүргізіпТ. Тақтаға біреудің суретін іліп қойып, топтың жартысын кіргізіп алып, айтыпТ:
Әрі қарай

Джентльмендік келісім-шарт

Заң алдындағы жауапкершілікке емес, типінақ — ұятымызға сеніп тапсырылған құпиялар болады (әрине, соңғы оқиғалар оның кейбіреулерде болмайтынын көрсетіп отыр). Кейде тіпті іздемесең де ашылып қалатын құпиялар болады. Айталық, біреудің флэшін қаравотырып, біреудің қатыны біреуге ерекше жабысып отырғанын көріп қалдым делік. Жарайд, көріп қалдым нақ. Бірақ бөрікті аспанға атып, қуануға еш себеп жоқ сияқты. Білетінің бір затқа көбейгенде тұрған ештеңе жоқ. Алжып шал болған кезде азая бастайды өзінен өзі. Енді мен мұны ешкімге айтпаймын.
Жарайды, айтып қоюым мүмкін. Айталық, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреуге. Немесе, өте-мөте сенімді адамдар мен адамдарға. Бірақ.
Бірақ елестетіп көріңіз:
— Мен саған бірдеңе айтайын, ешкімге айтпа, ия ма?
Әрі қарай

Фанаттық өмірімде 20 "выезд" жасаппын


13-sector фанаттар тобы құрылғандарына 5 жыл толуын баннер және фаермен атап өтуде. 25 тамыз 2011. Ақтөбе — Жетісу матчы.

Жақында Қарағандыға «Шахтер» — «Ақтөбе» матчына барып қайттым. Бұл фанаттық өмірімдегі жиырмасыншы выездым екен. Выезд сөзін түсіндіре кетейін: выезд деп фанаттар өз командасының басқа қаладағы ойынына сапарын айтады. Яғни, мен жиырма рет басқа қалаларға барыппын 5 жылда.
Әрі қарай

Бомждар да біреуді аяйды

Мейіржанның айтуынша, төмендегі постты мына музыканы қосып қойып оқу керек

Осыдан бірер жыл бұрын, Ақтауға қатынап, вахтамен жүрген кез. Қақаған қыстың ортасы.
Қызылорда-Маңғыстау билет болмай қап, екі пойызға алғам. Біріншісі Қандыағашқа дейін, екіншісі Қандығаштан Маңғыстауға дейін.

Өзімді тап сол сәтте бұрыңғы қызым лақтырып кетіп, сіркем су көтермей лох сезініп тұр едім,
Әрі қарай

The Плагиатор

«Мен бҰе бұлҒ, дОС?» ©СаянҮш

Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірдеңесінші жылдар. Елде жеті жоқтың бәрі жоқ: қант жоқ, нан жоқ, жарық жоқ, бензин жоқ, киім жоқ, темекі жоқ, ет… рас, ет енді — бұрында да толып тұрғаны шамалы еді, тігейіннің. Бірақ ғалымдар бар. Вильсон камерасы түгілі, белсебедінің кәмірін жамайтын да ақшасы жоқ бұтақбас ғалымдар қалайша жаңалық ашыватыр? Ол әдетте былай түсіндіріледі: «аш болса да, жалаңаш болса да, отансүйгіштікпен ғылым жолын тастамады». Әне, біздер қандаймыз деп, мәз боласың, нақ.
Әрі қарай

Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес.

Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.
Әрі қарай