20 жылда тек 73 адам жинай алған жамағат таратылды

«Серікқалишылар» деген атпен белгілі діни жамағат өздерінің бұдан кейін ешқандай діни және саяси оқиғаларға араласпайтындарын айтып, бүгін жамағат үйінде өткізген баспасөз мәслихатында жамағаттың таратылғандығын мәлімдеді. Жамағат басшысы Қали Қожаның (Серікқали Ермекбайұлы) берген мәліметі бойынша бұл жамағат 20 жыл ішінде тек 73 мүше ғана жинаған.

Әрі қарай

Үнді хертегісі. Лашықтан шыққан миллионер

Гангіде әрі-бері жүзіп жүрген Лакшмидің мүрдесіне қарап ойланып отырм да: біз қонаққа шақырғанда қара шайымызға мұрнын шүйіруші еді, енді өзін тіпті ит-құс жемей жатыр. Әсілі Шиваның алты қолы мен қос бұтағын ұстап тусаң да, реті келгенде лақтырып кетуден тайынбайды
Әрі қарай

КерекИнфо мотиваторлар байқауы

КерекИнфоны қысқаша қалай суреттер едіңіз? Бір-екі сөзбен қалай сипаттар едіңіз? Осы ойыңызды мотиватор арқылы жеткізіп көріңіз. Сіз үшін КерекИнфо не?

Байқауға тек мотиваторлар қатысады. Сондықтан мотиватор талаптарына сай болуы тиіс:

— тақырыпқа сай сурет, көк фон ішіне орналастырылады;
— ортасына Times New Roman шрифтімен қою қылып KEREKINFO.KZ сөзі жазылуы тиіс;
— астына сіздің КерекИнфо туралы сөзіңіз;
— суреттің ені 500 пиксельден аспауы тиіс;

Мысал үшін мынандай мотиваторлар:


Әрі қарай

Қытырлақ тауықтар

Бөлмеде аз болатындығым себепті, қазанның қасында да көп жүрмеймін. Кеше инеттегі қазақша блогтарды ақтарып отырып, солақай қолдарыммен мына тағамды дайындап көрдім.
Әрі қарай

17 жасар қазақ баласы Gillette-тің арнайы сыйлығына ие болды


Политехникалық колледж студенті, 17 жасар атыраулық Исламбек Абдужаппаров Gillette фирмасының сыйлығын ұтып алды. Күнде 5 уақыт қырынуды өзіне парыз санайтын жас өрен өзі күнделікті қолданып жүрген Gillette өнімдерінің қабықтарын лақтырмай, ұқыпты жинап жүріп, компанияның акцияларына белсенді қатысқан. 2 жылдық еңбек босқа кетпей нәтижесінде Gillette фирмасынан арнайы қырыну құралдары жиынтығын ұтып алған Исламбек қуанышты хабарын тілшілерімізбен бөлісті.
Әрі қарай

Артық болар білгенің

«Генетика мен кибернетика — құсық, аффтарларын — зынданға!» © И.В. Сталин

Кванттық физика. Очм, сенің көрген ең кішкентай нәрсе не? Мысалы, торғайдың әшауы делік. Ендеше сол әрең көрінетін торғайдың әшауы мынау құсық ғылымда — пілдікінен үлкен боп көрінед! Епті, көзбен көріп, қолмен ұстап көрмеген нәрсе туралы таз бұтақбас-ғалымдар күндіз-түні формула мүжіп, бірдеме деп жеп отырады. Өткенде біреуі маған:«барионның өмір сүру периодын білесің бе?» дейд! «Білмейм!» дедім де, әнассқа, барион дегенді де естіп тұрғаным осы. Білмегеніме қуанып кетіп, тақтаға «0,000000000000000000000000113 сек.» деп жазып жатыр. "Өзің елестетші, елестетіп көрші өзің!" деп, тап-тап беретінін қайтерсің. «Кетейнақ!» дедім лібәдқа, жұғып кетер нақ, әрі жүр.

Генетика. Бұл да жолайтын ілім емес, шешесстің. Иттің қылшығын шыны құтыға салып жіберіп, бұл қылшықтың иесі — пекинестің ұрғашысы болған дейд нақ өткенде біреу е-қазитте. Енді не бопты десем, типінақ, генетиканың кереметтігі сол — кез келген жүніңнен барлық
Әрі қарай

Әбдразақтың жұмбағы: Қара дақ құпиясы



Бірде Шалқарабад қаласындағы «Шри-Мақатнақ» атындағы храмда Әбдіразақ деген ғұлама бопты… Аха, әлгі Тибет манақтарын бұтағынан тартып, медитация мен ацралдан реалға қуып, левитациясынан түсіретін бұзық шал. Сол шал ерігіп, жұмбақ жасырып шәкірттерінің тасын ауыртпақ бопты.
Әрі қарай

4000



Керекинфоның осы форматының ашылғанына 7 айдан асты. 7 айда 3980 мақала жазылыпты. Жақында 4000-шы мақала келе жатыр. Бұрын 1000-шы мақаланы @blackbeard жазған екен, Бір бала деген ән туралы. Ал 2000 @qisyq-тың Аппақ қызы. 3000-шы мақала сәтсіз болған ба, өшірілген екен. Енді осы жақында 4000 келеді.

Ал, пікір саны 74 мыңға жақындап қалды. Күніне орташа есеппен 20 мақала жазылып, 350 пікір білдіріледі екен. Жаман емес.
Әрі қарай

Еуропа Лигасында Қазақтар күні


Жігіттер бүгін жарады. Еуропа лигасында ойнаған үш командамыз да бүгін сәтті ойнады. Қарағандыда «Шахтер» Ирландияның «Сент Патрикс» командасын 2-1 жеңіп, келесі раундқа өту үшін үлкен қадам жасады. Ал сырт алаңдарда ойнаған «Ертіс» пен «Ақтөбе» 1-1 тең түсті. Павлодарлықтар Грузияның «Олимпи» командасымен ойнаса, «Ақтөбе» Венгрияның «Кечкеметімен» ойнады. Сырт алаңда соғылған бұл голдар келесі аптада ойналатын реванш матчтарына үлкен жеңілдік әкеліп отыр.
Әрі қарай