Марк Эванстың алғашқы қауымдық өнері

Қылқалам орнына пышақ, кенептің орнына тері

Британдық суретші (ағылшын ғалымдарымен шатыстырмаңдар еу) Марк Эванс (Mark Evans) өз суреттерін теріге салады. Кәдімгі пышақтың көмегімен теріні ойып салады. Теріні ою техникасын өзі ойлап тауып, кәсіби түрде меңгерген жалғыз маман болғандықтан Эванстың жұмыстары шынымен де бірегей туындылар ретінде бағаланады.
Әрі қарай

Фотошопсыз сурет түсіру өнері

Шиваға шүкір, самса жеп, оны коламен запивать етіп тұрып, сол аяқтың бақайымен түсірген суретті фотошоптың көмегімен шедевр деңгейіне жеткізумен ешкімді таң қалдыра алмайтын заманда өмір сүріп келеміз. Бірақ, бір көргеннен фотошоппен жасалатын эффектілерді фотошопсыз іске асыруды кәсіп қылған жан да бар екен.
Әрі қарай

Мегареалист тамақ суреттері


Голландиялық суретші Тьялф Спарнэейдің (Tjalf Sparnaay) суреттері әлемде өте танымал екен. Ол суреттерін мегареализм жанрында салады және тек тамақ суреттерін. Шынайылығы соншалық, фотосуреттен айыру қиын. бірге тамашалайық.
Әрі қарай

Photoshopқа ілінбеген фотоиллюзиялар

Фотографтардың көбі фотоиллюзиялық суреттер жасау үшін фотошопқа жүгініп жатады. Алайда, сәтін салып нақ мезетте, нақ ракурста «шырт» еткізіп, қосмағыналы фотосуреттер түсіріп алған жолы болғыштар да бар. Мұндай кездейсоқтық, көбіне-көп әуесқойлар түсірген фотоларда кездеседі.
Алғаш көргенде, басыңдағы көзіңе сене алмай, дал боласың. Көз үйрене, ми қатпарларың жұмыс істей келе, бүйректен сирақ шықпайтынын ұғасың…

Кім кімді, қай жерінен?

Ол қыз мүлдем жалаңаш емес. Солай көрінді...
Әрі қарай