Фотошопсыз сурет түсіру өнері

Шиваға шүкір, самса жеп, оны коламен запивать етіп тұрып, сол аяқтың бақайымен түсірген суретті фотошоптың көмегімен шедевр деңгейіне жеткізумен ешкімді таң қалдыра алмайтын заманда өмір сүріп келеміз. Бірақ, бір көргеннен фотошоппен жасалатын эффектілерді фотошопсыз іске асыруды кәсіп қылған жан да бар екен.
Ли Вэй – қытайлық суретші әрі фотограф, техникалық есептеулер мен мұқият ұзақ уақытқа созылған дайындықтардың арқасында салмақсыздық, құлау секілді тағы басқа иллюзияларды көрсетуге қол жеткізген бірегей суреттерімен әлемге танымал болып үлгеріпті.
Суреттерді дайындау үшін Ли Вей «көзге көрінбейтін» сымдардан, альпинистік арқан, арнайы жобаланған тіреуіштер мен тиісті эффектіге қол жеткізетін өзі ойлап тапқан айналар жүйесін қолданады.
Ли Вей суреттерді өңдеу барысында фотошопты қолданбайды, бір суретті түсіруге шамамен 6 айдай уақыт жұмсайды және әр жұмысы (суреті) шамамен 8 мың долларға бағаланады.
Ли Вейдің айтуынша оған адамдардың оның суреттерін көргендегі сезімдері қызықтырады екен. «Көбісі таңданыс білдіреді. Бәрін менің бұл суреттерді қалай түсіргенім қызықтырады».
Ли Вейдің суреттері








Дереккөз
Бөлісу:

31 пікір

Gulistan
Күшті!!! Бірақ түсіру техникасын меңгере алар емеспін
Aldeken
сілтемемен өтсең, сол жерде видеосы бар түсіру процессінің…
asaubota
арқанды қалай көрінбейтін қылып істегенін түсіне алмадым, видеоның сапасы нашар.
Aldeken
тиісінше ракурс, айна, арқанның түсі, сосын түтіннің көмегімен жасайды деп түсіндім…
beko
Соны мен де түсінбедім, сол арқанды және басқа суреттеріндегі көмекші заттарын қалай жасырған өзі?
Nurshat
қытайлардың кино туындысы «Батысқа сапарда» осы технология қолданған дейді. жын-шайтандар кеңістікте емін еркін ұшып жүреді.
a63a1
мынау менің фотошопақсыз түсіріп алған суретім
kokbori
анау не? көзім жетпей отыр
Marco
көшедегі жарық шамы ғой?! бағанасы қайда???
a63a1
жарық шамы жарық шамы
Aldeken
Кеңестік кезеңде ғимараттардың төбесіне аулаға жарық түсіру үшін осындай ДРЛ лампамен жанатын шамдар тұратын ед. Сондайлардың біреуін төбеден лақтырып жатқанда түсірген сурет шығар…
Zhan
Фантазияң күшті ғой я. Марко айтпаса түсінбес ем ананың жарық шамы екенін. Сәтті түсіріп алғансың.
ADI
Бұлар арнайы заттарымен дайындалған шығар немесе фотошоппен жасалған сурет екені анық.
kokbori
Суреттерді дайындау үшін Ли Вей «көзге көрінбейтін» сымдардан, альпинистік арқан, арнайы жобаланған тіреуіштер мен тиісті эффектіге қол жеткізетін өзі ойлап тапқан айналар жүйесін қолданады.
Ли Вей суреттерді өңдеу барысында фотошопты қолданбайды, бір суретті түсіруге шамамен 6 айдай уақыт жұмсайды және әр жұмысы (суреті) шамамен 8 мың долларға бағаланады.
aikarakoz
мдаааа… Керемет екен. Өз ісін сүйетін адам болып түр ғо, бір суретке 6 ай жұмсағанына қарағанда
asaubota
ақша көп және әр суретін 8000 долларға алатын адам бар болатын болса рахаттанып істей беруге болады әрине.
Kypshak_man
ондай ақша берсе, жұмысын кім сүймейт)))
Gastarbaiter
Жұмыс істеп отырғанда кейде ақша туралы ойлар кедергі болады. Мықты профессионалдар ақша туралы тек контрактқа қол қояр алдында ойлайды. Одан кейін азартқа толық беріліп кетеді де, тек үздік туынды жасауға, немесе бірінші болып шығуға, не қарсыласты жеңуге ойын шоғырландырады.
zhanibek_nurish
үшінші сурет тамаша екен,
madlen
тамаша, ну просто сөз жоқ
madlen
Бірақ модельдерінің түрі так себе екен )))
Nurshat
"ұршықша иіру" бұтынан ұстап қадап тастағалы тұр. тамаша екен алтыншысы,
ErNur
лібә, дегеннен басқа эпитет келмей тұр
salta
мына суреттерді қараймын деп, әлгі сайтта 1 сағат отырдым. керемет екен суреттері, со вкусом виски дегені қатты ұнады
Aldeken
со вкусом виски дегені қатты ұнады
ноу комментс…
Nurgisa
Комментке «ноу комментс» деп жазудың мәнісін түсіне алмай өтетін шығармын…
Aldeken
жынды дегенде өзің жынды деп айтқандарды жындыханада емдету керек шығар, логикаңдыссс…
Adiletshu
Ана амиго барлық суретте түскен екен. Бекмамбетовтың Хабенскийі сияқты