Марк Эванстың алғашқы қауымдық өнері

Қылқалам орнына пышақ, кенептің орнына тері

Британдық суретші (ағылшын ғалымдарымен шатыстырмаңдар еу) Марк Эванс (Mark Evans) өз суреттерін теріге салады. Кәдімгі пышақтың көмегімен теріні ойып салады. Теріні ою техникасын өзі ойлап тауып, кәсіби түрде меңгерген жалғыз маман болғандықтан Эванстың жұмыстары шынымен де бірегей туындылар ретінде бағаланады.

суретшінің құралдары
Кескіндерді құру барысында Эванс терінің қажетті жерлерінде үстіңгі қабатын пышақпен ойып астындағы күдерісін (замша) ашады. Бұл жұмыс мұқияттылық пен сабырлықты қажет етеді және күн, апта, айларға созылуы мүмкін.

Теріні ою үрдісі майда элементтерге назар аударуды қажет етеді. Миллиметрдің оннан бір бөлігіндей бөліктер хирургиялық дәлдікпен ойып жасалады.
Суретшінің туындыларының бағасы 250 000 фунт стерлингке дейін барады және Celebrity-listers, Premier League & International footballers және Сауд корольдығының сарайларында орналасқан.

Суреттер





Дереккөз
Бөлісу:

8 пікір

madlen
Соңғы суреттегі адам Путинға ұқсайтын сияқты…
kokbori
Тірі ме суретші?
Aldeken
Тірі болуы керек. Әйтеуір садақасына (құдайы тамағына, асына) шақыру келген жоқ әзірге…
zhanibek_nurish
Бөліскеніңе рахмет!
Черчилл де тыс қалмапты ғой. Сол фотосуретке қатысты мынабір мәлімет бар еді.
Өкініштісі сол, орыс тілінде,
Ыза
Gulzhanat
Мыналар пышақпен теріні қырып-жонып салынған суреттер дегіңіз келе ме?!!! Сөз жоқ енді
asaubota
мынау енді п**дец екен!
Zhan
О, Алдеке, сурет апталығы ма сурет көрмесінің көші дейміз бе, өзіңіз бастап кетіпсіз. Суреттер күшті не де болса…