Есе қайтты, ағааааееенннн!

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бокстан «Төртеудің турнирі» аяқталды. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция қатысқан. Басты мақсат — Олимпиада алдындағы дайындықты бір пысықтап алу. Бокс мен барсам басталып кетіпті. Аңдатпада бесте басталады деген. Қайта ертерек барғаным жақсы болыпты. Дәл, Серік Сәпиев пен Андрей Замковойдың жекпе жегіне тап болдым.
Әрі қарай

Дүйсенбіні жақсы жаңалықтармен бастайық

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Инсбрукте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиядалық ойындарда күміс медаль алыпты.

Алматыда өткен дзю-додан халықаралық турнирде Максим Раков алтын медаль, Гүлжан Иссанова қола жүлде алыпты.

Астаналық Арландарымыз Лос-Анджелестен келген матадорларды 4-те бір есебімен «сындырып» кезекті жеңістеріне жетіпті
Әрі қарай

Баскетболшы Әлжан Жармұхамедовті нешінші минутта көрсетеді?



Танымал баскетболшы екенін естігенім бар. Спортсүйер қауымға қызықты болар деп бөлісіп отырмын. Мүмкін біреулеріңіз бұрын да естіген боларсыздар. Өз басым шетел ақпараттарынан бүгін оқып отырмын.
Әрі қарай

WSB 2010/2011 финалдары

Кеше түнде Қытайдың Гуянг қаласындағы Гуйжоу университетінің стадионында Бейжің уақытымен 21.00-де Бүкіләлемдік бокс сериясының ең үздік боксшылары арасында жекелей сынын­дағы ақтық айқастар болып өтті.
Шаршы алаңда 54, 61 келі салмақтағы
Әрі қарай

Универсиаданың 6 медалі Азиаданың 70 медалынан артық



Сонымен Азиада да бітті. 70 медальмен бірінші орын алдық. Ел-жұрт қуануда. Қуаныштың да бір шкаласы болуы керек сияқты менің ойымша. Азиаданың қуаныш шкаласы Олимпиададан да асып кетті. Әлемдік бір жарысты жеңгендей болып қуандық. Неге? Менің ойымша халық спорттан сауатсыз, сондықтан болды осындай "үлкен" қуаныш. Кімдермен жарыстық, кімдерді ұттық? Корея, Жапония, Қытайлар қысқы ойындар бойынша әлемде бір салмағы бар ма еді? Хоккейден А тобына шыға алмай жүрген жапондарды ұтқанымызға қуануымыз керек пе? НХЛдан кейінгі мықты лига болып саналатын КХЛда ойнайтын Барыс хоккейшілері жапондарды шашып тастауы керек еді, олай болмады. Олимпиадалық спорт түріне жатпайтын допты хоккейден 3 құрама ғана қатысқан жарысты жеңдік, осы ма қуаныш? Биатлоннан оқтар тимей жатса да өздігінен нысаналар жабылыпты, осы ма қуаныш?
Әрі қарай

Универсиадада 1 алтынымыз бар



Бәріміз Азиада деп жүргенде Түркияның Эрзурум қаласында болып жатқан Универсиада көпшілік назарынан тыс қалған сияқты.
Қазақстан әзірше 1 алтын, 4 қола медальмен жалпы есепте 13-ші орында келе жатыр. Алтын медальды Фристайлдан Дария Рыбалова алыпты.
Универсиада 6 ақпанға дейін жалғасады.
Ресми сайты: http://www.universiadeerzurum.org/english
Әрі қарай