WSB 2010/2011 финалдары

Кеше түнде Қытайдың Гуянг қаласындағы Гуйжоу университетінің стадионында Бейжің уақытымен 21.00-де Бүкіләлемдік бокс сериясының ең үздік боксшылары арасында жекелей сынын­дағы ақтық айқастар болып өтті.
Шаршы алаңда 54, 61 келі салмақтағы боксшылар сайысында еліміздің «Астана арландары» командасының 2 боксшысы Қанат Әбутәліпов пен Ержан Мүсәпіров түскен етін. Қазақстандықтардың қарсыласы «Париж Юнайтед» командасынан француз Нордин Оубаали мен «Бейжің айдаһарлары» командасынан қытайлық Жимин Ванг болды.

Финалдық сайыс нәтижелері бойынша:
1. Қанат ұпай санымен жеңіске жетті (68-65, 66-67, 67-66). ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2. Ержан ұпай санымен жеңіліп қалды (67-66, 67-66, 66-67). :(((

тақырып барысында интернеттен материалдар пайдаланылды
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
құтты болсын! Олимпиадаға жүлдеме алды ғой? сонда біз бір салмақта екі спортшы шығара аламыз ғой?
saken
бір жолдама қалтада.
Бірақ бір салмақта екі спортшы шығара аламыз ба, білмедім. Ағылшын тіліндегі жаңалықтарда толығырақ жазылған болар.
Beytanis
Олимпиадада салмақта 1 боксшы жүйесі сияқты еді ғой…
Erke
Мусапиров кеше мусапир кейпинде коринди маган!5 раунд кисайып журип алдыда, сонгы еки рауындта жанталасып журип соккы алып калып жатты, жалпы такиканы дурыс устанбады! Мен Канаттан кори осы жигитке сеним арткам, бирак сеним акталмады! окинетин ештене жок бирак бари алда екенин умытпайык!!!
darabala
Ол кеш қозғалып қойды, ертерек ояну керек еді, соңғы екі раунд емес
Beytanis
Неге қисайып жүріп алғанын түсіне алмадым. Тәжірибелі спортшы емес, көшеде өзінен күші басым жігіттен ыққан жасөспірім секілді қылық көрсеткені жабырқатты, өте қатты жабырқатты.
saken
Қытайлықтың алаңында болған соң, жанкүйерлердің мысы басқан болар.
Ержан мықты боксшы ғой, алдағы турнирлерден Лондонға жолдама ұтып алады деп сенейік!
omarbirat
Әбутәліпов красавчик! Француздар у ішсін! :)
Abilakim
Көре алмай қалып ем… Еһ, Ержан…