Қазақтарға отчество керек пе?

Сауалнамадан тыс:

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығметоллин Мәжілістің кезекті бір отырысында бір министрге: «Я извиняюсь, что перебиваю, у меня к вам просьба: вы вот эту комплиментарность в нашем национальном стиле оставьте там для застолий — Уаке, Баке. Если обращаетесь к депутату — то по имени-отчеству, хорошо?»

«Парламент ресми орган, сондықтан ол жерде ресми түрде “обращаться нужно”» депті кейінірек осы жөнінде. Адамға қарата сөйлегенде оның есімін және «вич» жалғанған әкесінің есімін айту — орыс халқының ертеден келе жатқан ұлттық қарата сөйлеу формасы. Сәйкесінше қазіргі кезде ресми түрде де, бейресми түрде де кісіге қарата сөйлегенде орыстар оның есімі мен вичті әкесінің есімін атайды.

Иә, адамның толық аты-жөнін атағанда әкесінің атын атау қазақтарда да кездеседі — Махамбет Өтемісұлы, мәселен (сосын бұл жерде отчество ретінде емес, фамилия ретінде екенін ескеру керек). Бірақ кісіге қарата сөйлегенде әкесінің атын қосып айту қазақтарда жоқ. Ағылшындарда да жоқ, американдарда да жоқ, қытайларда да жоқ. Ендеше Нығметоллиннің ресми түрде «обращайтесь» деп отырған орыстардың обращениесінің ресми формасы (есім+вичті әкесінің есімі) қашаннан бері бізде де ресми түрдегі «обращение» болып белгіленген деген сұрақ туындады менде? Сендерде ше?
Әрі қарай

Оқ ататын қаруды өзіңмен алып жүруге рұқсат берілу керек пе?

Құқыққорғау органдарында/күзетте қызмет етпейтін, аңшылықпен айналыспайтын азаматтарға оқ ататын қаруды, дәлірек айтқанда пистолетті, сақтауға/алып жүруге рұқсат берілгені дұрыс деп ойлайсыз ба?
Әрі қарай

Жүзу білесің бе?

Бір сұрақ: Жүзу білесің бе?Жүзуді өзім енді үйреніп жүрмін. Қыздар мен апашкалар емін-еркін жүзіп жүргенде, бассейннің бір бұрышында жігіт басыммен тұрып бақылаған ұяттау екен. Нәзік жандардан көмек сұрағанша, «бассейнге батып кетті» деген атақ артық қо.  Кей құрдас-бғаттардан сұрасаң "қалай үйрендің" деп, «бізді кезінде үлкендер өзен-көл ортасына лақтырып, кейін өзің шығып ал деп құтқармаған» дегенді айтады. Ойлап қоям: «неге мен де кезінде үлкендерге суға өзімді лақтыртпағанмын» деп, жан тәтті болса өзім жағаға шығып алатындай. Бірақ екінші жағынан ойласаң, жағдай менімен басқаша аяқталғанда бұл сұрақ мүлдем қозғалмас та еді.) Өйткені суға бату фактілері қай кезде де көп болған. Білгенім, жүзуді үйрену оңай шаруа емес екен, жүзбес бұрын қол-аяқтарыңды, иығыңды, мойныңды шынықтырып, бассейн астына қайта-қайта түсіп деміңді ретке келтірген жөн. Одан кейін терең дем алып, суды мұрынға жібермеу тәсілін игеру қажет. Жүзуді кештеу және өздігінен үйреніп жүргендерге бассейннен бастаған дұрыс, өйткені олар үшін суда горизонталь позицияда болу қорқынышты. Ол үшін екі қолыңмен бассейн шетін ұстап, екі аяғыңды судың бетіне шығару керек. Содан соң терең дем алып, басыңды су астына төмен түсіріп, қолыңды жаймен жіберу қажет. Осылайша сіз суды, жалпы судың тығыздығын сезесіз. Ал тығыздық сізді батырмай судың бетінде ұстайды. Өзіңізді батып баратқандай сезінсеңіз, аяқтарыңызды түбіне тигізіп, серіппе секілді итеріліп су бетіне вертикаль позицияда қайта шығасыз. Бұл әсіресе бойы аласа адамдарға қатысты. Бірақ бұнымен шаруа бітпейді, денеңізді «бір шетінен ұстап қағылатын кілемшедей» қозғалта білу керексіз. Ол үшін икем, тәжірибе және әрине уақыт қажет. Ал арнайы резеңке бас киім мен жүзуге арналған көзілдірік құлаққа су кетуден және судың көз алмасын қысудан сақтайды. Ал аяқ башпайларыңыздың тартылып қалатын әдеті болса, суда көп болмаған дұрыс. Ең бастысы су түбіне ыңғайсыз позициямен түсіп кетсеңіз, үрейге жол бермей, алған деміңізді бірден шығарып алмаған жөн. Әзірге өз басыма аяқ-қолдарымды жиі әрі бір мезетте қозғалту күрделі боп тұр. Осындайда жүзу білмесе де, әлемді шарлайтын теңіз саяхатшыларына таң қаласын…
Әрі қарай

Кім кімді таңдайды?

Жалпы, жігіттер мен қыздардың көбісі таңдалғанды емес, таңдағанды жақсы көретіні баршамызға да белгілі. Бірақ бір-бірін бірдей таңдау жағдайлары өте сирек кездеседі. Қарым-қатынаста кімнің кімді таңдағанын кімнің кімге керегірек екенінен түсінуге болатын шығар. Ал кімнің кімге керегірек екенін байқау қиын емес. Сонымен, көп жағдайда кім кімді таңдайды деп ойлайсыз?
Бір сұрақ: Кім кімді таңдайды?
Әрі қарай