Оқ ататын қаруды өзіңмен алып жүруге рұқсат берілу керек пе?

Құқыққорғау органдарында/күзетте қызмет етпейтін, аңшылықпен айналыспайтын азаматтарға оқ ататын қаруды, дәлірек айтқанда пистолетті, сақтауға/алып жүруге рұқсат берілгені дұрыс деп ойлайсыз ба?

Оқ ататын қаруды өзіңмен алып жүруге рұқсат берілу керек пе?

Бөлісу:

38 пікір

MamaAya
оның зардабын жақын туыс ағамыз көріп отыр, үйіндегі қаруын ерке өскен баласы алып мектепке апарып авторитет боп жүрген ғой, сабақтан соң колледж студенттерімен төбелескен, сонда біреуді жаралаған аяғынан, қазір ағамыздың ақшасы жетпей жатыр, жалғыз баласын ақтауға… керек емес менің пікірім! сол сияқты ақымақтардың зардабын кінәсіз біреу тартады ғой!!!
ken
Ағаң құқыққорғау органдарында қызметте ме?
Соңғы түзету:
MamaAya
жоқ,  кішігірім бизнес дейді ғой, әйтуір…
Adiletshu
Сөйтіп баласы сотталып кетті ма
MamaAya
Але сот болған жоқ, уақытша изоляторда отыр Жарақат алған баланың тек мамасы бар екен, кешірім бермеймін деп отыр екен. Енді қолымен істегенді басымен көтерер, амал қанша?! Бірақ жақсы бала еді, шектен тыс еркелік пен ақшаның буы түбіне жеткен шығар!!!
007
кешірім бермеймін деп отыр екен
осындай терпилалар бәрін құртат, әке — шешесі жазып тастайтыны, солардың айтқанынан шығалмайтыны бар ондайлар нақоя көшенің төбелесіне араласат, жатпайма үйінде. Сіздің ініңіздікі дұрыс өзінікін жасап тастады, енді сотта мойындамай қойса тіпті жақсы болат
MamaAya
бірақ колледжде оқитын бала бұларға кеп мектепке тиіскен деген ғана қарсы айғақтары и дәлелі бар, бәрібір мектеп жасындағы баланың қару ұстауы қылмыс қой, полюбому… ал ана жігіттің сіңіріне по серьезному зақым келген… (ойбууууй, жаман шынын айтам деп сырын айтыпты деген мен туралы екен ғой… )
007
сондада ініңіздікі дұрыс +5
MamaAya
 сотына келсенш сен!!! мүмкін көмегін тиіп қалар!
007
мен адвокат емеспінғо
MamaAya
группа поддержки деп  адвокаты бар ғой
Adiletshu
Жараланған бала да сау сиырдың боғы емес сияқты ғой. Біреудің баласының обалына қалып қайтеді. Отырғандардың көбі түзелмейді
Sashok
Екеуің әмпей-жәмпей болып қалыпсыңдар ғо.
Adiletshu
Байқасаң пікірді менің пікірімнің астына жазбайды. Бөлек пікір ғып жазып жүр. Әлі де өкпелеп жүрген сияқты
MamaAya
жооооғей өпкелеп жүргем жоқ!!! Просто типа қинап жүрмін ғой, игнорға қойып
Ispek92
Жалпы, кез-келген даурыққан мәселені жұдырықпен шешуді үйрету керек кімге болса да, мына виртуальды әлемде(керекте)нәп-нәрмәльні сөзбен жұдырықтасатындар бар, сосын анау секілді пістәлөт ап шығатындар бар(минустап жабылып). Ал жоғарыдағы сұраққа келер болсақ, мен қарсымын қару ап жүруге, жалаң бұт, жалаң қол жүрсін, ИМХО
007
жұдырықпен шешуді үйрету керек

денсауылығың тасып тұр-ау шамасы ағасы
Ispek92
Жоға, менің физикам нашар, пышақталып, атылып кеткенше(ол движениелерді қатындарский, яғни әлсіздердің ісі деп ұғам) таяқ жегенім жақсы, тепкінің астында қалсаңда.
007
лібә қазір тепкінің астында жәй қалмайсыңғой сол жерде денсаулығың қалатта өзің жансақтау бөлімінен бірақ шығасың, сол үшін пышақ немесе стволмен жүру керекбір жерге кешкісін жалғыз шыға қалсаң,
Ispek92
Осы жерде бір орынды да орынсыз сұрақ: күрес, бок және каратэге баруға ешкім кедергі болмас. Тығылып ап атысқанша алаңға шығып, күресіп бокстескен жақсы емес пе? Сыртынан қарасаң еркектерский көрінеді былай, ал пістәлөтті қатындарда ұстап, ата алады ғой. Негізі ағасы, сенің де ойың дұрыс шығар, менде көргем пышақтың көкесін, со кезде ойлайтынмын жұдырық жайлы. Содан қалыптасып қалған пікір,
MamaAya
007, сенің аулыңмен танысқалы бері-сендерде басқа вариант жоқ па деп қалдым ғой!!!! ол ауылға барған адам: Ой, мамочки, ой, мамочки, шықпа жаным шықпа деп әрең қайтатын сияқты ғой…
MamaAya
қатындар пистолет пен пышақ ап жүрсе бәле ғой,  (газовый жарайды енді) жоқ, бұл движениелер қатындарский емес, қатындардың ен 1-ші қаруы тіл ғой, кейбіреусінікі острый тырнақ, кейде шаш жұлу… табиғи қарулар ғой, жасанды емес
MickThatsMyNick
құрама штаттарда барлығының бірдей қару-жарақ ұстап жүруі кәмелеттік жастан асқан кез келген жастағы азаматтардың арасындағы теңдікті білдірсе керек. әлімжеттік, күш көрсету, қорқыту деген азаюы ықтимал, бірақ психологиялық тұрақсыз адамдардың барын да ұмытпау керек. дүкеншілер де ол жақта қару-жарақ ұстайды, бірақ қызу қанды қазаққа ол заңды енгізу әлі ерте…
MickThatsMyNick
Бұл заңның бір кемшілігі — бала кезінде, мектеп қабырғасында әлімжеттік көріп, өскенде олардан кег аламын деп, жалпы қоғамға өкпелеп, барлығына бірдей жаппай оқ жаудырып, соңында өзіне қол салатын азаматтардың көбеюі болса керек!
MamaAya
100 пайыз қанағаттанарлық жауап!-деп есептеймін…
temir1986
Қару алып жүруге мүлдем қарсымын. Әсіресе біздің қоғамда мүлдем ЖОООООООҚ. Ертең-ақ халықтың тең жартысы қылмыскер болып шығады. Ал ұзын ақшалылар әрине әрқашан тап-таза. Сосын қару алып шабу төбелесте лохтардың ісі. Шамаң жетпейме ешкімге үйде отыр. Күшің тасып барама сеніңде мұрныңды бұзады. Таяқ жегің келмейме спортпен айналас. Құрығанда қашып құтыласың.
MamaAya
соңғы прием мықты кен...  .
Құрығанда қашып құтыласың.
Erlan
кешірім береді гой, биреудин баласын соттатканнан не пайда? просто ценасын алатын котерип жатырда, 10 доллар ишин тесема?
MamaAya
20ға келіспей отыр, ақшасы барлар білгенін істеп кедейлердің балаларын осылай басынады деп… соттатқанда ары қарай кедей боп жүре бергенше біраз 20-ға көтеріліп алуына болады ғой, бізде Шымкентте басқа жаққа қарағанда ақшаның құны барлау сияқты…
Erlan
адам олгени жоккой, бирак кишкене улкендерден кателик кеткен сиякты, мылтыкты кол жетимди етип койган, газвый тапанша болган, 1-2 кунге жетпестен козін курт жіберді го, суык кару деп, казир биреуди урмак тугели, боктасанда коссякка киресин ) тек журу керек
Olzhass
құдай бетін аулақ қылсын, теориялық тұрғыда кейін сіздің ұлыңызды немесе қызыңызды біреу тапаншамен атып жараласа, ақша ұсынса алар ма едіңіз? (құдай бетін аулақ қылсын тағы да)
MamaAya
менің інім бүгін ақталып шықты, бағана тлефонмен сөйлестім, неге өйттің, анау-мынау?!-демедім, и так естіп жалыққан шығар ол сөзді, Тозақ тек жердің астында ғана емес, жердің бетінде де бар екен дейді. Ең қуаныштысы, өзі осыған дейінгі ақымақтығына өкінетінін айтты, Намаз оқып жүр екен. Қуанып қалдық шыққанына.
Соңғы түзету:
Sashok
Алмасына қоймадыңдар ма…
Arys_arlany
MamaAya
хахаха, ағамдар сыртқа білдірмеу үшін барын сап еді, аттарын атап, түстерін түстеп бермегеніме шүкір.
MamaAya
шай ішіп отырып аяқ жағын көргем, бірақ бас жағын көрмегеніме шүкір шашалып шейіт боп кетер ме едім?
bizbike
Тек жүрсең, тоқ жүресің, домаланып көп жүресің. Жағдайға байланысты ғой негізі. Мысалы әйелді/қызды/бозбаланы біреу зорламақшы болды делік, әйел оған ешқандай қорғаныс тәсілін көрсете алмайды, тапаншасы болса, қорғана алады.
barcaman_1020
Жастар арасындағы атыс шабыс міне осыдан шықпайдыма? Меніңше керек емес