Ауылда өткен 1 күн

Бүгін ауылда ас берілді. Ауыл дегенім-Жантас ,Өскеменнен 80 шақырым жерде, таулардың ортасында, Тарғын өзенінің бойында орналасқан шағын кент.Жақында нағашыларым үлкен іс бастады: ферма сатып алды,ірі-қара мал, жылқыларының санын көбейтті.
Әрі қарай

Ыстық суға демалуға бардым.

Негізі алдында сәуірдің аяғында барғам. Әне жазам, міне жазам деп қол тимеді.
Ыстық су (горячие источники) — Алматы облысы Шонжы (Ұйғыр ауданы) маңайында көптеп кездеседі. Себебі ол жер теңіз деңгейінен төмен орналысқан. Негізінен аяқ-қол
Әрі қарай

Дебют! Жаңа ғана қамаудан шықтым:)

Жаңа ғана лифттен шықтым!
Шынымен айтам:)
Қысқасы, магазинге шығып едім. Кіріп келе жатып лифтке міндім. Тоғызыншы этажға шығам деп 9 нөмірін басқаным сол еді, лифт кішкене жүрді де тоқтап қалды…
Құтқару қызметі, полиция, лифтер, тіпті
Әрі қарай

Байғұс Майк немесе "дантист" болдым мінекей

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Байғұс Майк немесе дантист болдым мінекей
Индия мен Қытайдың көшелерінде ауылдың базарындағы етікшілер сияқты тізіліп далада отырып егеу, отвертка, қысқашпен қаруланған дантисттер ешбір укол, анестезиясыз арзан және тез тіс емдеумен айналысады екен. Жоғарыдағы суретте сондай тісшілердің
Әрі қарай

Телефонмен сұхбат!

Мәәәә, айтсам сенбейтін шығарсыңдар. Өзімде сене алар емеспін. Түс көріп отырған секілдімін. Қобалжуымды баса алар емеспін. Қолым дірілдеп кетті. Мен ең бірінші телефон арқылы сұхбат жасадым. Кіммен деп ойлайсыңдар? Крис Пирсон! Біздің Бақыт Сәрсекбаевті жеңген жігіт(Лос Анжелес Матадорлары) Иә дәл өзі!!! Бәлең мен Бақытты шын жеңдім дейді.
Сұхбатқа келер болсақ, мен оның сөздерін толық түсіне алмадым. Негр ғой, жылдам сөйлейді. оның үстіне аздап қобалжу болды. Тіпті, өзім дайындаған сұрақтарымды ұмытып қала жаздадым. Көп сөзып керегі не, бүгін өзімді керемет сезініп отырмын. Құдай қаласа сұхбат Нұр Астана газетінің алдағы нөміріне шығып қалар. Уххх, қобалжу… Енді отырып қазақша қағазға түсіру ғана қалды

Пы.Сы. Админнің көмегімен мында аудто нұсқасын салып қойдық

Сосын сөйлескенде жіберген қателерім үшін кешірім өтінемін. келесіде керемет қылып шығаруға сөз беремін.
Әрі қарай

Спорт залға жазылдым :)

көктем шықты, нагрузка керек болды, 2 айда 10 кг. тастау керек… армандап қоям))) 2 айда қалай 10 кг тастаймын?
спорт залға жазлып алып, анау жоқ, мынау жоқ сылтау айтып бармай жүргем. Бәрін түгендеп, спорт залға 2 сумка болып кіргенімді қайтенін, дымның керегі жоқ екен))))
Мед. тексеруді бітірдім, шыға салып спорт залға кеттім.
Так, кірген кезде дәу темірлерді көріп қызық күйге түстім!)) бірақ кейбірі шынымен релакс! өмір жақсы, бәрін бұрынғы жәй спорттармен салыстыруға келмейді, ТВдан көрген заттың бәрі бар, басында иогаға жазылмақ болғам, бірақ иоганың 2 айда 10 кг. тастайтыныма күмәндандымда, басқаға аусып кеттім.
душтан кейін бәрі қалпына келді.

жазылыңдар, дені саудың жаны сау ;)
Әрі қарай

Шарын шатқалына саяхат

Кемпір екеуміз шатқалға бардық. Таңғаларлық орын. Бұндай ерекше табиғат туындыларын күнде көре бермейсің. Қысқаша видео репортаж жасап жіберуді жөн санадым. Әлі бармағандар таныссын.

Әрі қарай

Аудармашы арқылы тілдесу



Осыны кеше жазам деп ойлап едім. Кешке таман аяқдоп футбол көремін деп естен шығып кетіпті. Сонымен алдыңғы күні 12:00 таңертең үйден шықтым. Екі апта болды газет келмей қалған, себебін білу үшін өзіміздің райондағы Қазпочта бөлімшесіне бардым. Газет таратушы дәу орыс әйел екен. Қазақша сөйлесем түсінбейді. Мен орысша білмеймін. Амалсыз қазақшаға да, орысшаға да судай біреуді шақыруға тура келді. Сөйтіп анау орыс әйел екеуміз аудармашы арқылы сөйлесіп жөнімізге кеттік. Қызық екен, өз еліңде, өз еліңнің азаматымен өз тіліңде сөйлесу үшін аудармашы қажет болғаны.
Әрі қарай

Ильич ата ізімен



Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)
Әрі қарай

Блогкемптен соң...

Ең алдымен, Әбіләкімнің өткен жолғы айтқан бұйымтайын орындауға жарамағаным үшін өзінен кешірім сұрайын деп едім.

***

Бүгін таңертеңнен мәшинеге мініп алып, кім екенін саусақпен көрсетпей-ақ қояйын, блогкемпке келген қонақтармен қаланы кішкене араладық. Өстіп, Алматының өзінде жүрсек те, қу тірліктің қамымен онша араламаған қаламен өзіміз де танысып алдық :)))
Әрі қарай