Ыстық суға демалуға бардым.

Негізі алдында сәуірдің аяғында барғам. Әне жазам, міне жазам деп қол тимеді.
Ыстық су (горячие источники) — Алматы облысы Шонжы (Ұйғыр ауданы) маңайында көптеп кездеседі. Себебі ол жер теңіз деңгейінен төмен орналысқан. Негізінен аяқ-қол сырқырағанға жақсы дейді.
Сомен, Шонжы-Құлжат бағытындағы трассамен 100 км жүрсеңіз ыстық су демалыс орныдарына тап боласыз. Ол жерде скважина қазып, бассейн салып адамдар кәдімгідей бизнес жасап алған. Демалыс орындарының құны адам басына, сервиске байланысты күніне 1500 нан 5000 теңге ге дейін. Бұның ішіне бассейн, жатын бөлме, душ кіреді. Ал жәй бассейнге түсіп қайтам десеңіз 300 теңге. Тамақ өзіңізден.
Негізі бұл жаққа көбіне көктемде, күзде барған дұрыс. Жазда да баруға болады, бірақ шыбын, маса кешке тыным бермейді + күн ыстықта ыстық суға қатырып түсе алмайсың дегендей.
Мынау біз барып тұратын жердің суреттері. Сервис жақсы, керемет дей алмаймын. Ең жақсысы бұл жер тыныш, адам өте көп болмайды.

Мынау бөлмелер
Мынау бассейндері

Бұл жақта суық су таппайсың. Душтарында да тек ыстық су ағып тұрады, шай қоятын суда сондай. Қанша ыстық болғанымен күйдірмейді, дәмі де тұзды емес.
мынау душ бөлмелерінің ішіндегі джакузийлері.
Мынау біз барған жердің қасындағы басқа бассейн. Бұл жердің суы салқындау, бассейні үлкен болған соң шығар.

Қыстан әбден тоңған болсаңыздар, аяқ-қолдарыңыз қақсап жүрсе, негізі басқада көптеген аурулар мазалап жүрсе немесе жәй қыдырып барғыларыңыз келсе барып демалып қайтыңыздар. Ең бастысы күзде, ерте көктемде бара аласыздар.
Бөлісу:

36 пікір

monti
жақсы жазба Айконтай суретпен ілгенің көп керекинфо)))
ел норма деп жүрген соң барғым келіп жүр еді, әлгі тат басып кеткен басейін, хммм суды қанша ауыстырады екен?

ПС: шанырақтағы ыстық суды да көргім келеді ;)
Zere
Сол жақтан орыстың апа-аталары шықпайды ғой әйтеуір. Соған қарағанда бір шипасы бар-ау…
monti
Соған қарағанда бір шипасы бар-ау…
қайда Шанырақ?
адресімен барып көргім келеді :)
edige
Алатау ауданы. Шаңырақ ықшам ауданы. Өтемісұлы көшесі… Ыстық су десе барлығы біледі.
Қазір істеп тұр ма білмеймін. Оны тек қана ыстық су емес, құрамында басқа да элементтер бар дейді. Санэпидем жауып тастайды, ашып алады егесі, жауып тастайды, ашып алады егесі… Құрамын түсінбедік. Үлкен чугун ванналар шіріп кетеді 2 айда
monti
Үлкен чугун ванналар шіріп кетеді 2 айда
о боже, ванналар шіріп атса, адам қалай шыдайды)))
Aikona
Барлық судың құрамында минерал бар ғой. Тек ыстық су болса адамдар емделуге бармас еді. Шаңырақтың суы жайында мәліметім жоқ болып жатса толықтырам. Шаңырақтың суы ащы болатын, қателеспесем.
edige
Ол кәдімгі ащщы су емес, Радони бар дейді ма элементінде. 15-20 минут отырып шығып кетеді. Жүрек талмасы барлар шыдамай қайтыс болған кезі де болған
satibaldi
Құрамын түсінбедік. Үлкен чугун ванналар шіріп кетеді 2 айда
Оттегіге қаныққан су.
Aikona
Емі бар. Алдында апамды сонда апарғамыз апам біраз жерлерін айтады жақсы боп қалды деп, әсіресе өкшесі жарылып кете беретін, сол жерге барған соң жарылмайтын болды деп айтады.
Aikona
Монти басқа жағына барсаң болады ғой. Жаңалары бар. бұл жерде суды өгірмейді. Су ағып тұрады тоқтамай
omarbirat
Жазда Сарыағашқа барсам деп жүр едім. Че-то онда барғанға қалта көтермейтін түрі бар. Мынаған барып көру керек екен.
Aikona
Енді бұл жерлерді Сарыағашпен салыстыруға бола ма білмеймін. Бұл жерлерге кішкене-кішкене жерлер ғой. Негізі Шонжының өзінде кәдімгідей жатып емделетін жерлер бар дейді, асқазан жуатын, массаж жасайтын дегендей. Біздікі жәй демалуы ғой :))
sammita
Сарыағашқа былтыр бардым, биыл да кет әрі емеспін:)) Күзде барғанда тамаша болды.
satibaldi
биыл да кет әрі емеспін
Енді Сарыағаштың Сізге деген сезімін біле отырсақ жөн болар еді…
sammita
ғық-ғық:)))))))))))))
asaubota
жердің астынан шығып жатқан табиғи ыстық су ма сонда?
satibaldi
Соңғы суреттегі Сіз бе? Суы шынымен ыстық болғанға ұқсайды…
Aikona
Негізі соңғы суретті бір таныстың мирынан алдым, ол жерге өзім барғанда суретке түсіретін ештеме алмаған соң ана баланың мирынан ала салдым.
satibaldi
Талғамыңыз жақсы екен…
Aikona
Інім ғой
satibaldi
Өзіңіз бе деп қам жеп қалдым…
konvict
Менде осы сүрақты қоймақшы болып оқталып отыр едім. Айкона деген қыз деп жүрсем мұжық болып шыққаны ма деп таң қалып отыр едім
satibaldi
Қыстан әбден тоңған болсаңыздар, аяқ-қолдарыңыз қақсап жүрсе
Валидатордан қорлық көргендерге баруға бола ма?
Aikona
Болады :)))) Кетіңізші :)))
Zilola
Уопшым жоспарда (тізімде) Бальзаминканың Көлсайы, Айконаның ыстық суы, Ернардың Шарыны бар екен. Енді бірте-бірте сол тізімдегі жерге барып қайту ғана қалды :)
Aikona
Күшті жерлерді жоспарлап қойыпсың ғой :))) Жақсы демалып қайт :))
Zilola
Әбизөк, рахмет Айкона :)
balzaminka
Бірлесе отырып жүзеге асыруға болатын сияқты ма, қалай?))
Zilola
Сәтекесі
Айтып тұрған жоқ па, жалғыз өзім барам деп?
деген соң, үнімді өшіріп отыр едім.
Егер қарсы болмасаң, бірлесейік :)
Aikona
Соны менде ойлап отырмын :) Көлсай тамаша ғой және Ербол ағаның (Азанбеков) балында жеп қайтамыз. Давайте бәріміз бір күні барайықшы.
balzaminka
Таныстармен барған басқа да, өзгелермен барған басқа ғой))
Қызщдар, қай күні?
Aikona
Сіз келгесін жиналып барасақ барайық. :)
satibaldi
Жалғыз барамын дегенің қайда?
balzaminka
Болмай жатса жалғыз кете беремін, Сатекесі, қам жемеңіз ;)
Gastarbaiter
Өте терең скважиналардан шыққан сулардың көбісі ыстық болып жатады. Кен орнында әйтеуір мұнай да су да ыстық болып тұрады.