Дебют! Жаңа ғана қамаудан шықтым:)

Жаңа ғана лифттен шықтым!
Шынымен айтам:)
Қысқасы, магазинге шығып едім. Кіріп келе жатып лифтке міндім. Тоғызыншы этажға шығам деп 9 нөмірін басқаным сол еді, лифт кішкене жүрді де тоқтап қалды…
Құтқару қызметі, полиция, лифтер, тіпті сантехникке дейін звандап шықтым. Біреуі де көтермейді…
Сонымен бір жарым сағат лифттің ішінде отырдым нақ:)
Бір қызығы шығуға көмектескен жаңағы аталғандардың ешқайсысы емес, қарапайым көршілер!
Бастарыңызға келмесін, қиын болады екен. Бүгіннен бастап намазда дұға еткенде: «Я Аллах, лифтіде қалдыра көрме» деп сұрайтын болам.
Кішкене кеңес:
Егер шұғыл шаруалар болып тұрса, лифтіге шыға көрмеңіз!
Кішкене алғыс:
Мені сондай сұрапыл азаптан құтқаруға көмектескен Мервеге, Режепке, және екі орыс апайға алғысымды білдіремін:)
Ал енді аман-есен түнектен шыққанымның құрметіне тек қана осындағы барлық Керекшілерге арналған музыкалық сәлемдемемді қабыл алыңыздар!
Бөлісу:

43 пікір

konvict
Егер шұғыл шаруалар болып тұрса, лифтіге шыға көрмеңіз!
Ең дұрысы сегіз, тоғыз этажға жаяу көтеріл
blackbeard
кетч:) мұңымды жазсам, мазақтап отыр ғой нақ:)
VKM
Қамаудан дегенге, шошып қалсам… Думан2 де болды ма деп:))))
Janasil
менің ойыма да бірінші сл жақ түскені.
blackbeard
Quday saqtasyn ol jaqtan:) Bir ret Youtubeta lifttin ishinde 26 sagat kamalyp kalgan adamnyn videosyn korip abden kulgen edim! Allah jiberip otyr goi:) Negizi kuletin narse emes:)
TERISKEI
әй,Қарасақал, аманбысың? Бәсе неге соткасы қосылмайды десем, лифттің ішіндемін де. Әлгі 26 сағат лифтіде қалғанның ютубтағы әдіресін жекеге жазжверсең…
Aizhantabyn
oi,iften mingen saiyn tek kana kalyp koimasam eken deim. klaustrofobiyam bar edi… ujas pryam.

Korwileriniz jaksy eken :)
blackbeard
Квартирада тұрам ғой:) Қайдан келгендерін білмеймін:)
Маған жасалған қастандық па деп ойлап қалдым:) Голливуд фильмдеріндегідей:)
Aizhantabyn
birden esinizge newe turli momennter kirgen wygar! Men vawe panikaga tuser em! Aua jetpei degen sekildi.
Esime bir anekdot tusti:
Bir kisi lift iwinde ekinwi kisige:
— salykwylar miymdy wirtip boldy. Karto4kamdy jauyp tastapty! A men baribir tolemeimin.
Sol kezde lift kurt toktap kalady. Dinamikten dauys wygadY: liften wykkynyz kelse, toleisiz :)
blackbeard
to4no:) aua jetpei olein dep kaldym goi:)
Gastarbaiter
Біраз көтің мұздап, біржарым сағат өмірдің мәні жайлы ойлаған шығарсың:)
asaubota
:))) сен сөйтер медің?
Gastarbaiter
Өмірге қауіп төнген кезде «не үлгермедім?» деген ой мазалайды.
blackbeard
Uide su kainap jatkan edi:) Barsam shaugimnin tubi tesilip kalypty:)
monti
байқа,
шығарда міндетті түрде бәрін істен шығарып барып кету керек ;)
Altygradus
сенің лифтте қалғаныңнан қайта жеңіл құтылыпсың:))) Өрт тудыра жаздапсың ғой ужыс
Құдай сақтаған
omarbirat
2002 жылы Ақсай-1А микроауданында 12 қабатты үйде тұрдық. Пәтерлердің іші — кең сарай, подъезд деген жоқ болатын. Орнына кең коридор бар. Сол үйде екі лифт болған: біреуі — бес адамға дейін таситын кәдімгі лифт те, екіншісі — жүк таситын кең лифт. Сол жерде көрші бір ұйғыр әйел бар еді. Нұрсұлтан, Ислам, Асқар деген үш егіз (үшем) баласы болатын. Бір күні екі баласы бірдей лифтіде қамалып қалыпты. Лібә, лифтерді шақырып, екі баласын шығарып алайын деп жанталасып жатқанда, үшінші баласы барып екінші лифтіге кіріп кетеді ғой. Сонымен үш баласы бірдей екі лифтіге қамалып қалған. Лифтерлер әбден к*т терлетіп еді сол кезде. Ана байғұс әйел жынды болып кете жаздады.
Zere
Аххах, мен ол үйді білем ғой ))))) Жанындағы 133 мектепте оқығанмын ))
omarbirat
Сол аудандағы үйлердің бәрі сондай 12 қабатты ғой :)
ErNur
:))))) бізде де болған жақында лифт оқиғасы. Жұмыс ғимаратымыз алты қабатты, біз бесінші қабаттамыз ескі баяғы сәбетский екі лифт еді :) біреуін төртінші қабаттан, екіншісін бесінші қабаттан ашылмайтын қылып істеп қойған лифтерлер. Сол бесіншіден ашылмайтын лифтімен бір апай келіп бестен ашылмай қалған ғой есігі, ішіндегі жарығы да сөніп қалған қырсық шалғанда. Кабинетте отырсақ шынғырып ойбайлаған дауыстан шошып кетіп бүкіліміз лифтіге жүгірдік. Анау апай тарсылдатып теуіп, шыңғырып жылап жатыр ішінде. Әзер деп апайды жұбатып, соткаңыздың жарығымен қарап, алтыны басыңыз деп, содан алтыны басқан ғой алтыншы қабаттан шықты ау әйтеуір :) Түрі кетіп қалған ана кісінің :)
Zilola
Лифтте жалғыз өзің болғанға аяп кеттім, тым құрыса ермекке бір қыз алып кіру керек еді :)))
(Ескерту: негізі бұл ойым фильмдердің кесірінен :))))
asaubota
лифт, қыз демекші мынаны оқып па едіңдер: forums.goha.ru/showthread.php?t=359586

былтыр біраз пасталанды инетте
Zilola
бос уақыт тауып ерінбей оқыдым, жүрегім айнып кетті :(((
satibaldi
(Ескерту: негізі бұл ойым фильмдердің кесірінен :))))
Астапырбудда, бұзық ойы үшін кімді кінәлар екен деп отыр едім…
ushkin
))))))))))) Мені де лифтіге мінгенде кішкене болса да үрей билеп тұрады.Әсіресе, іші кең лифттер болады ғой))
omarbirat
Бірінші рет лифтіге қамалып қалатын кезімізде, кластас бір баланың туған күнін лицейдің жанындағы үйдің подъезінде жуып едік. Жоғарғы қабаттың біреуіне көтеріліп алдық та, баспалдақтардың арасындағы алаңқайда қалбырдағы «Черная смерть» деген арақ іштік. Ішетінімізді ішіп алып, лифтімен түсіп келе жатқанда ортамызда бір бала орнында тұрып секірмесі бар ма? Ал нақ, лифт тоқтап қалсын. Лифтерлер келгенше, ішкен арақтың кәйпінен ауыздағы перегар ғана қалды сол кезде, әбілдің :))
Zilola
КазГАСА-ның 4 адам сиятын лифті бар ед (әлі бар), соған 1-ші курста 9-10 адам мініп алып (айналдырған 5 қабатты ғимаратта, жүруге ерініп) қамалып қалатынбыз
Erkekyz
Менде клаустрофобияның кейбір симптомдары кездеседі,қасымда адам болмаса қорқамын лифтіден. ((
TERISKEI
@ushkin біледі, ҚазҰУдың 17жатақханасының лифтінде де сондай ақау болушы еді, әдемі-әдемі қыздармен 2-3 жігіт мініп аламыз да, сәл көтерілгенде секіріп қаламыз, лифт тоқтай қалады, ал, тұр сосын қыздармен «тәжікелесііііііппп»… Қызық еді…
Zilola
міне-міне бар екен ғо :))))))))))))
sammita
Нұрсұлтан, Ислам, Асқар деген үш егіз (үшем) баласы болатын. Бір күні екі баласы бірдей лифтіде қамалып қалыпты
қамалғаны Ислам мен Асқар шығар ия:))
ау, @blackbeard cонша неден қорықтың, әйтеуір шығасың ғой елсіз дала емес:)))
omarbirat
Үшеуі де қамалып қалды соңында.
sammita
ұқтым:) күлкілі емес, бірақ есіме баяғы сәбеттік мультик түсе кеткені.
(44.08 Kb, 343x289)

(30.28 Kb, 512x384)
Zilola
менің екінші әпкемнің екі ұлы тап осы 5 маймылға татиды, сонджай тәтті :)
sammita
күшті мультик:))
omarbirat
Дәл осы. Үшем тапқан жақсы да бір шетінен — пәтер беріп қалуы мүмкін. Бірақ не дай Шива, анандай үйден берсе пәтерді…
Gulistan
Біздің лифт те анда-санда «тентектік» жасап қоятыны бар, әсіресе қыс күндері өзім тоқтайтын этажға келгенде есігі ашылмай қалып, жарты сағат тұрып қалғаным бар. Қайта кабинада диспетчердің телефоны жазылып, соған тел соқтым. Онда да "қазір,қазірмен" жарты сағаттан соң бір келді.Қысқасы, қолыңда телефон, онда баланс болмаса бүкіл әлемнен тыс қалудың көкесі сонда:)
Zilola
менің мақтап жүрген лифтім мынадай да өнер көрсетіпті www.youtube.com/watch?v=fNZFHydRsvE&feature=related
alisha
Лифтіге жиі қамалатындардың бірі — біздер. Жақында ғана жолшыбай дүкенге соғып, нан-суларымызды алып лифтіге кірдік. Бізден басқа да көршілеріміз солай қамданып алған. 7 қабатқа кеп, шығайын десек, есік кілттеніп қалды. Өзінің жөндеуден кейін іске қосылғаны сол — ақ еді. «Ең болмағанда аптаның аяғына дейін істеп тұрса жақсы болар еді» деп аузымызды жиып үлгергеніміз сол еді… "Әйтеуір, нанымыз мол ғой, шыдармыз" деп күліп қоямыз әзілдеп. Лифтер 15 минуттан соң бір келді. Негізі оңай емес…