Таңғы хай-вай

… Бақтығали деген ағамыз: «Сендерден басқа кімім бар менің?» деп, екі-үш стақаннан соң, кеудеңе басын қойып, шамалы жылап алатыны бар еді. Сол сияқты, сендер айтпасаңдар болмай тұр.
Әлқисса, Дайрабайдың қызыл сиыры мынау:
Астана қаласының гербі
Файлды жіберіп отырған адамға: «көкеш, мынауың сопақтау сияқты» десем, "қой!" дейд. Дұрыстап қарасайш десем, «8 жылдан бері дизайнермін шырағым» деп, бәлсінед.
Әрине, өзім қайта дұрыс шеңбер қылып алар едім, бірақ өзі түзетіп, Corel-мен сақтап бергені дұрыс бов тұр. Дачы. Әйтпесе мендегі редакторлар сапасын түсіріп жібереді.
Ау ағайын, сонымен мынау бейне сәл сопақ па, әлде дөп-дөңгелек шеңбер ме? Әділін сұрап сендерге келіп отырмыз, орамалы да болад бұйырса. Дачы.

P.S. Бәлкім, маған емделу керек шығар???
Әрі қарай

Біраз тірлік бітті...

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Біраз тірлік бітті...

Шет елдік пірәпесірлермен келісім-шарттарды бітіріп, міністрлікке жіберіп болдық-ау әйтеуір… «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру» ақпараттық буклетінің жыры да бүгін бітті. Типографияның есігін тоздырып едім… Безендіруге сурет жетпей, ақыры өзімнің 1-2 фотомды беріп құтылдым. Несі бар екен, осында оқығаным өтірік емес)))
Механика-математикалық факультетті тексеру қорытындысының анықтамасын дайындап болып қалдым. Екі күннен бері құлағымның құрт етін жеп жүрген докторанттың шет елдік профессорын шақыру бойынша құжаттарын тексердім.
Бастықты жиналысқа аттандырып салып, пост жазып отырмын.

Пы сы: Кеше«Выкрутасы» фильмінің кешкі сеансына барып ем, ұйқым кеп отыр.
Әрі қарай

Жұмыстағы махаббат


Кеше кеште үйде бір киноны іздеп отырып, «Служебный роман» дискісіне көзім түсті. Тағы да көргім келіп кетті. Оны байқаған кемпірім де: «Шай қояйын ба?» деді. Әдетте, екеуміз осындай отбасыға арналған киноларды ноутбукпен жерге жатып, жерге журнал төсеп, үстіне бір бокал шай мен тәттілер қойып, рахаттанып қарайтынбыз. Қазір де сондай «романтикалық» жатыстың болатынын болжап сұраған түрі.
Әр көрген сайын бірінші рет көргендей сезім береді бұндай кинолар. Шаттана күліп, әртістермен бірге ойнап жүргендей немесе керісінше экран ішіндегі адамдар қасыңда жүргендей реал күй кешесің.
Осындай кештер күндізгі қауырт тірліктен кейін кәдімгідей демалыс сыйлайды. Тынығып, өмірге құштарлығың қайта оянып, онымен қоса кемпіріңе сезімдерің қайтадан ашылып, бір рақат көңіл-күймен ұйықтайсың. Таңертеңгі ит тірлік пен жұмыстағы тігілістер есіңнен шығып кетеді. Күчт.
Әрі қарай

Ештеңе

Ештеңе бітірген жоқпын. Кеше, оның алдыңғы күні де, бұтақтың басын да сындырған жоқпын. Бұдан, «бәлкім ертең бірдеңе жасайтын шығар» деген болжам жасауға әсте болмайды. Ертең де ештеңе істемейм, арғыкүнге де жоспар жоқ. Ендеше бұл — осы қауымдастықтағы алқашқы және соңғы жазбам екенін шырамытып тұрған шығарсыңдар, тәлібтер кілең.
Әрі қарай

Беременна әйел

Таңертең жұмысқа шықсам, дала аппақ қар, қайтадан аяз тұрыпты. Кеше алдымен жаңбыр, сосын қар аралас жаңбыр, содан кейін қар жауған еді. Ауа-райы да Қазақстанның қазіргі ахуалына пародия жасап, мазақтап кеткен сияқты — әйтеуір бардак пен бәрібіризм нышандарын байқадым табиғаттан.

Очм, не бастарыңды ауыртайын, күртік қарға тайғанақтап (қардың асты мұз еді), аялдамаға да жеттім. Аптауыз кешігіп жатыр, халық біршама жиналып қалыпты. Такси ұстауға бел будым. Қырсыққанда ешкім тоқтамады. Сөйтіп тұрғанда ырғалаңдап аптауызым да келіп жетті. Есік ашылысымен жыртылған қаптан төгілген бидайдай адамдар сыртқа шашылды. Әрең дегенде қыстырылып мініп, лықа толған студенттерді іштей боқтап келе жаттым. Үнемі осы, аптауыздағы халықтың 90 пайызы студенттер. "Қазір каникул кезі болса рақаттанып келе жататын едім қыстырылмай" деп армандап қоям іштей.

Осындайда адамдар да ұрысқақ келеді ғой. Бір-бірін сөзбен ұрып, болмашы нәрсеге ашуланған адамдарды көріп көңілің де көтеріліп қалады екен. Қазір де соған ұқсас жағдай. Аптауыздың түп жағынан бір топ адам шығуға дайындалып, бірақ есіктің алдына жете алмай тұр. Ешкім ығысқысы келмейді, ығысар-ау, орын жоқ. Содан, әйтеуір жартасқа өрмелегендей күй кешіп, әлгі түсетін адамдар біртіндеп жақындап келеді есік алдына. Есік алдында бір топ адам үймелеп тұрғанбыз, сол жерге келгенде жаңағы жолаушылардың жүйкелері сыр бере бастады.

— Шығасыңдар ма? Шықпасаңдар, бізді өткізіп жіберіңдерш — дейді әлгілер. Мен айналама қараймын. Орын ауыстырып ығысатындай жер жоқ. Барлығы қыстырылып, әрең сыйып тұр.
Әлгі қыз-келіншектер қақылдай бастады: "Өткізіп жіберіңдерш!"
Біреуі тіпті халықтың аянышын туғызғысы келген сияқты:
— Мына жерде беременна әйел шыға алмай тұр. Өткізіп жіберіңдер!

Бұл жерде енді мені күлкі қысты. Шыдай алмай: «Беременна әйел» деп айқайлап күліп жібердім. Төңіректегілер де «мырс-мырс» дыбыстар шығарып жатыр.

Қазақтарға әлі де тұтас қоғам болуға ерте екеніне көз жеткізіп, тиісті аялдамадан түсіп қалдым.
Әрі қарай

Сабақ жоқ күн )

Бүгін бізге сабақ жоқ) Әр аптаның сәрсенбісі -демалыс. Осыны пайдаланып, түске дейін ұйықтадым :)))
Бәлен сағат ұйықтағанымды қайтейін, неше түрлі түстер көріп ұйқым жөнді қанбады. Бір құрбымның «Адамның ұйқысының қанбауы-түс көруінен» дегені рас-ау деп қалам осындайда :)))
Сағат екіде факультетте Дидар Амантайдың кітабының тұсаукесері болады дегенді естіп рухани байлық алып қайтайын деп корпусқа қарай тарттым. Барынша жақсы өтті. Дегенмен, кемшіліксіз кеш болған ба, Мейіржанның сынын естігенде(оқығанда) «Баяндама жаса» дегенде, жасамағаным дұрыс шешім болған екен деп ойладым.
Әйтіп-бүйтіп жүргенде қараңғылық та жер-әлемді қымтап үлгерді. Зымырандай зымыраған уақыт десеңші…
Айтпақшы, бір-екі сағат бұрын Теріскей мен Қарасақал ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып соғып кетті. Ол екеуінің жерлес екендерін білмеппін:)))
Әрі қарай

Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық
Алдыңғы күні үйде түнгі сағат 22:00-ға таман жарық сөніп қалды. Енді бұл уақытта ұйықтап үйренбеген біз, диванға жайғасып, әркім ұялы телефондарына сығалаумен болды. Бір кезде мен «Мафия» ойнайық деп ұсыныс тастадым. Үйде төрт інім, және мамамның інісі болған еді. Сөйтіп, сығырайған екі майшамның жарығымен 6 адам ойнауға кірістік. Мамам да іші пысып отырған соң, оны жүргізуші етіп тағайындадық. Жасы егде адам болған соң, жүргізушіліктің қыр-сырын түсіндіруге біраз уақыт кетті. Онымен қоймай «Мафия» өлтіріп, «Дәрігер» жазған адамдарды шатастырып, біз әуреге түстік. Енді қайтсін, қартайған сайын лезде ұғу қабілеті төмендей түсетініне тағы көзім жетті.
Әйтеуір соңына дейін ережені түсініп, біраз ойын қызығына баттық. Бір інім көп сөйлемейтін, момындау еді. Сол екі рет «Мафия» болып, біз оны байқамай қалдық, екі ұтыс соныкі болды. Ал маған қайта-қайта «Тұрғынның» картасы келіп, «Мафия» болуды қалап отырғам. Әйтеуір «Мафия» болғанның бір шеңберінде бәрін міз бақпай ұтып кеттім )) Көбіне мен «Мафия» болған кезде ұтылып қалатынмын. Осы жолы түрімнің толық көрінбеуіне байланысты ұттым ба, әлде тәжірибем көп болды ма, ұтқаныма қатты мәз болдым. Улап-шулап отырғанда сағат түнгі 1 болып қалыпты. Арғы бөлмеде ұйықтап жатқан әкем келіп, бәрімізді «Жатыңдар!» деп «Тұрғындардың» ұтуымен ойынымызды аяқтатты. Айтысамыз деп ауыз кеуіп, суды кезекпен қылқылдата жұттық қой келіп ))
Бәріміз ұйқыға кіріскенде, жарық та жанды.

Пы.Сы. Интернеттен тапқан мәліметім болайын деп тұр. Кішкене білім базамызды толықтырайын деген мақсатпен. «Мафия» ойынын 1986 жылы МГУ студенті Дмитрий Давыдов ойлап тауыпты. Басында тек МГУ жатақханасында, аудиторияларда, кез-келген жерде топтастар ойнап жүрсе, кейін КСРО-ның түпкір-түпкірінен келіп демалатын студенттік лагерлерде осы ойын кең таралған екен, одан әрі басқа да мемлекеттерде ойнай бастапты. Қазіргі уақытта ойын бүткі әлемге танымал. «Мафияны» ойнау тактикалары жайында бірнеше кітаптар да шығарылған.
Әрі қарай

Ғасырдан да ұзақ күн

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Ғасырдан да ұзақ күн
***
Болашақ жарнамамыз ілінетін жерге барып, ауаны қармап, бос кеңістікке ойша сурет салып, біраз жерге барып қалдық. Тіпті жарнаманы іліп кетіп бара жатқандай сезім келді. «Ауызбен егін ору» деген осы шығар.

***
Түске жақын күдікті күбірлер, сыбырласулар көбейіп кетті, тіпті біреулер ыммен сөйлесіп кетті. Түсте белгілі болды: әлі алынбаған мебельді кабинет-кабинетке астыртын бөлісіп жатыр екен. Сол да өмір боп па-ау.

***
Ал түсте ашық конфронтация басталды. Себеп: дүкеннен қазір ғана әкеле жатқан оргтехникаға шайқас екен. «Саған принтер керек пе?» деді майдан алаңынан біреу мойнын созып. «Білмейм» дедім. «Керек емес онда» (?!) деп, мені тізімнен сызып тастады. Сол да өмір болыпты ма десейш.

***
Өте-мөте сенімді делінетін, жылда лицензиясына қоралы ақша төленетін бір бағдарламадан ши шықты. Көшіп кете жаздадық. Ол былай болды.
Екі аптадан бері көрсеткіштерін жанама тексеру арқылы, ауытқу бар сияқты екенін байқадым. Бірақ сенімсіз болып жүрдім. Себебі, тұтастай мекеме екі жыл бойы пайдаланып келсе, дұрыс шығар дедім.
Бірақ бүгін шыдамай, Қарағандыдағы программаны жасағандарға телефон шалдым. Телефонды көтергендер маған сұмдық жаңалық ашты. «А мы и не гарантировали сверхточность, причем в спецификации сразу же указали, что погрешность можеть быть в пределах 25 процентов» дейд!!! Яки деймін де, сен біреуден 100 000 алуың керек болса, 75 000 деп көрсетуі мүмкін!!! Осы жүйенің көрсеткен параметрлері бойынша, талай адам жұмыстан қуылған, талайлар марапатталған. Әне қайда тақырып! Не бетімді айтайын: бұғалтырлар табақ пен тоқпағын алып, отты айналып билеп жүр: екі жылғы қағаздардың барлығын қайта көтеріп жатыр.Бұл ауытқуды әдейі байқамаған деген де күдік жоқ емес, әлдекімге тиімді болған сияқты. міне жігіттер мен қыздар, бүгін осындай бәліш!!!

***
Корпоративтік компьютерлік сауатсыздықты жою туралы мәселе көтерілді. Көз алдыма 1920 жылдардың, сауатсыздықты жаппай жою науқаны кездеріндегідей сабақта отырған кемпір-шалдардың плакаты келді.

***
Ертеңгі күннің жұмыстарын елестетіп, діңкем құрып тұр… «Ма*мааа»…
Әрі қарай

Бүгін +2

Бүгінім күндегіден кеш басталды. Кеше қонақта болғанбыз. Жұмысқа келісімен КСКға соғып тапсырыс бердім, бір компьютердің ОЖ-н кері орнатып тастадым. Түсте досымның мәшинесін қыздыруға бардым. Онымен қызбады. Сәләркісі қатып қалыпты. Түстен соң жұмыс жүрмеді. Бір експеримент жасаймыз деп институттың интернетін құлатып алдық. Бүгінше лекірлеп басқа шлюзге қосып қойдық. Ертең саппыртқа соғып айту керек (ұмытып кетпесем). Керекте реал отырмын. Анау-мынауға ілінісіп, камент жазып. Басқа түк бітірген жоқпын.
Гаста бастамасынан зайыбым шыққан күні жазуды тоқтатамын.
Әрі қарай