Жазалар әлеміне саяхат - (Премьера)

«Жазаласа, ох жазаласа...© Satibaldi

Соңғы кезде жазалaу туралы сөз болса, амиголар өз қиялы мен кинодан көргенінің жаңғырықтарынан құрауға мәжбүр болып жатыр.
Осы тұрғыда, жазалау түрлеріне бірнеше сериялы ситком жазып жіберу керегін бұрыннан сезіп жүргенмін. Қиял сарқылғанда, жаңа жазалау сюжеттерін құрғанда осы топтамадан шабыт алуға болады. Нәзік жүректілер адамзат тарихы тек архитектуралық, мәдени, әдеби креативтерге ғана емес, біреуге қиянат жасауда да зор шығармашылық танытқанын байқайды.
Уа, экшн сүйгіш жамағат, қаныпезер, қатыгез қауым!
Әрі қарай

Танысайық

Менің атымның Көкбөрі екенін білесіздер. Енді бір-бірімізбен жақын танысқан жөн болар деймін. Себебі алда ұлы дүрмек, ұлы той — Blogcamp. Сол кезде бір біріміз туралы бiліп қалай араласатынымыз туралы ойланып жүрген де орынды болар деген ойдамын. Бірақ бұл жерде аты жөніңді айтып, өз мінезіңді тілге тиек еткеннің пайдасы жоқ, адам өзінің мінез құлқын дәл суреттей алмайды. Сондықтан мынадай ұсыныс, бәріміз өзіміздің ұстанатын ұстанымдарын (принцип) нақылдармен келтірсек. Ол біреу ме, бірнешеу ме маңызды емес, ең бастысы өзінің ұстанымы болсын. Өздері шығарған нақылдар адамның өз характерін аша алмауы ғажап емес, сондықтан ұлылардың ұлағатымен білдірсе нұр үстіне нұр болар еді деген сенімдемін.
Әрі қарай

Қазақша мотиваторлар. №1

01

Мотиваторлар — өмірге деген оң көзқарасын тудыртып, кейде адамдар күнделікті күйбің-тірлікпен жүріп ұмытып кететін ең қарапайым деген нәрседен өмірдің мәнін тапқызатын сөздері бар суреттер.

Мінеки, орыстың сайттарынан алынып, өзім аударып жасаған бірнеше мотиваторлар тізбегін ұсынамын. Тамашалаңыздар, бағалаңыздар.))))
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (Соңғы бөлім)


Айыптымын. Мақала авторы Роб Брукер емес, Марк Анжела екен. Бастаған 30-дықтың соңғы ондығы. Осымен ұзаққа созылған тізімді бітіріп тастайық:

Жалғасы. Басы мұнда:

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім
Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (1-ші бөлім)

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы  (1-ші бөлім)

Өзіме ұнаған кеңестердің аудармасымен бөліскім келеді. Таптаурын дүниелер. Сендерге ұнаса тіпті жақсы.
Роб Брукер есімді американ-блогер тірлігің теріс айналғанда, өзіңе уәде беруден шаршағанда, кедергілермен бейберекет алысудан зайыбың шыққанда, ойларың іске аспай тұралап мойныңа жүк болып артылғанда бірдеңе бастамас бұрын нені доғару керектігіне тоқталыпты. Былшылды қойып, сөз кезегін Роб Брукерге Марк Анжелаға берейін.
Әрі қарай

Капиталисттік тәрбие немесе балаға қиялды кім береді?


Бұрын Кеңес өкіметінің кезінде, әрбір мамандықтың қажеттілігін, әрбір колхоз бен совхоздың қажеттілігін үнемі халық санасына құйып, үгіттеп отырушы еді. Есесіне етікшіден, пеш жағушыға дейін әрбір «совет» азаматы өзін елдің дамуына үлес қосып жүрген, демек өмірінің мағынасы бар, қоғамның маңызды бір бөлігі сезінетін.

Қазіргі телевидение, ойын-сауық газет жорналдарының көбі адамның түбегейлі мақсаты шетелде тұру, немесе «жұлдыз» болу, бизнес корпорацияның топ менеджері болу, пластикалық хирург болу екендігіне екпін салып, дизайнер, қыртым-сыртым тағы басқа сыртқы жылтыраққа қатысты арман қиял тамырына су құйып отыр. Бәріне универсал жауап — заман талабы солай!
Әрі қарай

Қыздар сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді

Осында қыздарға, әйелдерге тән әрекеттер мен мегапразыларын жаза отырайық.
Қуаныш білдіру:
— Уряяя! Күчтт (Клаааассс!, Суууупер!, Керемеееет!)
***
Кез келген жеке сұраққа:
— (Көзі айналып) Оны қайтесің?
***
-Жаным, ертең бізде мүмкіндік болғанда ше...
***
— Блиин, арықтау керек еді...
***
Әрі қарай

Диагноз: Орта жас дағдарысы.

«Сақалға ақ түсті, көңілге хуяқ түсті». © Хуйлық мәтелі
«Аға, аға деп шеттетесің, қарағым, ағаң да бір жас қызбен таң аттырып кеп отыр» © Satibaldi

Сана мен сезім: Диагноз: Орта жас дағдарысы.
30 бен 45 жас аралығында ал кейде одан да ерте ерлердің (кейде әйелдердің де) маңдайына кішігірім «хуяк» тігіледі. Өз мүмкіндіктері мен өмірлік тәжірибесін қайта қарастырады. Очм, «пизду нақ, ертең істеймін», "Қаңтардың бірінен бастап ішуді қоям", «Дүйсенбі күннен бастап жүгірем» деген сөздер түбінде «ешқашан» дегенді білдіретінін мойындауға мәжбүр болып, көті мұздап қоя береді.
Тіпті бозбалалық күніндегі «түбінде өлемін» деген бұлыңғырлау түсінік «шешес, шынымен-ақ жуырда өледі екем» деген нақты түйсікке айналады.
Әрі қарай