Ұзын қою қара шаш, тек өзіңе жарасқан,
Көркіңді сенің көруге ай мен жұлдыз таласқан.
Шашырайды жүзіңнен, жарты әлемге әппақ нұр,
Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр.
Наталидің осы бір әшуләсын шаршағанда, немесе сағынғанда бір тыңдап тастаймын.
Ал мынау өзбектің «Болалар» тобының солисті Тохирдың орындауындағы нұсқасы.
Соңғы кездері жұмыста Могвай тобының Sun Smells Too Loud трэкін тыңдап жүргем. Жақсы музыка, маған ұнады, тыңдап бірқалыпты жұмыс істеп отыра бересің. Кеше ютубтан клипін қарай салғам, клиптерін мұндай қуып шығарады деп еш ойламаппын))) Клипті көріп құладымғой)))
сілтеме kiwi.kz/watch/1ex1ff3cfe04/
Клипті көруден алдын музыканы жақсылап тыңдап алыңыз, сосын клипті көріңіз, сонда қызықтау болады))
Мынау өзбектің рэпірлері Шахрух пен Сәруардың «Give it up!» деген әшуләсі вә клипі.
Жаңа көріп/тыңдап отқам, 1:48 минутында бір гәпқа елең ете қалдым, клипті артқа қайтарып тыңдасам, Сәруар балақай пресс-конфиде журьелердің сұрақтарына жауап беріп, рэп арасында «Lady Gaga — шатыры кеткен қатын. Гуси, гуси. Гага, гага» деп әлгі ледидің масқарасын шығарып тыстады.
Түсімде ән салған балалар
Әрбір ұл мен қыз үшін сүйіспеншілік әні
Ол жақта көк аспан, жасыл дала
Ал күлкілері — әлем тілдерінде
Сосын мен оянып, бар көргенім
Мұқтаж адамдарға толы мына дүние