Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Пайдалы сайттар: Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздерАтақты Оксфорд сөздігіне редакторлар уақыт сынағынан өткен, яғни тілдік қолданысқа дендеп кірген сөздерді енгізіп отырады. Және әр үш сайын осы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында шолу жариялап отырады.
Әрі қарай

18 жылда қазақ интернеттен не үйренді?

Пайдалы сайттар: 18 жылда қазақ интернеттен не үйренді?

Интернеттің жалпы пайда болғанына біраз жыл болса да Қазақстанға әдеттегідей бұл да кеш жетті. Қазақтар интернетпен 1997 жылдары таныса бастады немесе естіді сондай сөз бар екенін. Сол кезден бері мектеп бітіріп, үниверситетке түсетіндей жасқа жетіп қалыппыз. Ендеше осы бір 18 жылдық кезеңде біз интернеттен не үйрендік, интернет бізге не берді, соны қарап көрейік 18 пунктте.

1. Yahoo
Кезінде дүркіреп тұрған бұл алпауытпен қазақтар танысып үлгермеді. Жоқ, бұл портал әлі де бар. Бірақ қазақтарға қазір керек емес. 90-жылдар соңдарында Яхудан пошта ашып үлгерген қазақтар әлбетте бар. Дегенмен қазір олар да қолданбайды ау? Соңғы қолданушылары қазақстандық оппозиция өкілдері, онда да конспирация үшін мессенджерін пайдаланған. Яғни, қазаққа алғашқы мессенджер түсінігін ендірген, сезіндіріп көрген осы Яху.

2. Mail.ru
Үлкен ұстаз, Ағартушы, Ана, Қайнар бұлақ! Халық аузында Майылру атанып кеткен бұл интернет феномені мойындау керек қазақтардың интернет сауатын ашқан бірден бір қызмет түрі. Моймир, Пошта, Музыка, Файлдар, Ойындар, Агент! Бір агенттің өзі не тұрады? Талай қазақтың ұл-қызы осы арқылы жыныстық сауатын да ашқан жоқ па?

3. Google
Қазақтарға түк бере алмады. Поштасы қиын, түсініксіз, ашылмайды. Іздеуі нашар, дым таба алмайсың. Басқа қызметтері дым түсініксіз. Жұрт несіне мақтайды? Бірақ Play Market-тен приложение алып жүрміз. Ол да пайда.

4. Яндекс
Картасын қарауды үйрендік. Басқа түгі жоқ.

5. Айқын
Қазақтарға пікір жазуды үйреткен сайт еді. Аноним пікірдің айдыны еді ғой Айқын! Небір боқтық сөздер, небір өсек, небір анайылық, барлығы осы сайтта шыққан болмашы бір мақаланың астында самсап тұрушы еді. Ойлашы, 100-150 пікір! Ал қазіргі нұсқасы өкінішке орай ондай емес, пікір түгіл бір мақала 150 рет оқылса қалай? Десек те коменттеудің көсемі ретінде мәңгі бақи Қазнет тарихында қаласың, Айқын.

6. Егемен
Қазақ интернетінің Меккесі! Жыл сайын тамыз айында грант тізімін қарауға келетін "қажылардың" арқасында сайт кейде ашылмай да қалады. Грантты гранд газет! (Тақырып қалай кетті? ;) )

7. Facebook
Өздерінің айтуы бойынша Моймирдан қашып келген қазақ босқындарының сайты. Өздерін зиялы қауым және қоғам қайраткері санайтындар да осында. Орташа жасы ғана үлкен демесең сол ВК аудиториясымен тең интеллект, Моймир деңгейіндегі әңгімелер аздап саясат қосылған. Қазаққа түк бермеді, түк үйретпеді. Банға жіберу, мақсатсыз тегтеу, лайк қайыршылығы, өсек айту, жамандау, сынау, күлу сияқты негатив нәрселерге ғана үйретті. Бірақ қазаққа бұдан басқа не керек еді өзі? Осы емес пе керегі?

8. ВК
Орфография мен пунктуацияға үлкен бұтақ қою, ақылдылау бір сөзбен графика жасау, қауымдастық құру, адам жинау, боқтасу, порно және кино қарау. Біраз нәрсе беріпті ВК қазаққа.

9. Instagram
Кім қайда, кіммен жүр? Кім кіммен селфи түсті? Мына боқмұрын бала кімнің баласы және неге лайк басуым керек? Кім не жеп отыр? Осы сұрақтарға жауап іздегендер үшін өте пайдалы қызмет.

10. Абай
Кезінде газетке мақала өткізе алмай жүргендер үшін жұмақ сайт. Небір ұзын-құлаш мақалалар, қаншама көл-көсір пафос толы, бос пікірлер! Қазақты жазуға үйреткен сайт. Нақты ештеңесіз, көп әріпті, бос мақала жазу. Айтпақшы секс-боттар арқылы трафик жинаған қазақ сайты бұл. Солай да статистика жасауға болатынын үйретті. Осындай сайттар ашып қойып, тендерден ақша алып отыруға болатынын да үйреніп алды бұл қазақ. Тендер шығарып бере алатын адамың болса әрине.

11. Егов
Егов куәлігін алу үшін бәрібір оффлайн режимде ЦОН-ға барғызатын сайт. Сабырлы болуды, жүйкесін бақылауда ұстауды, сертификаттарды қалай орнату керегін үйреткен сайт. Үйден шықпай-ақ онлайн режимде мемлекеттік мекеме азабын сезіндіретін сайт.

12. Solai.de
Форум мен чат түсінігін ашып берген сайт. Форум мәдениетінің өлуімен қатар сайттың өзі де өлді. Бірақ форумның не екенін үйреніп кетті қазақ. Қазақты Сатыбалдымен таныстырып да кетті. Айтпақшы Sayan3 қайда қазір?

13. КерекИнфо
Ешкімге ұнамайтын, жауыз, анайы блогерлер мафиясының ұясы. Жасандылық пен пафосты аямай тепкілейтін жер. Әрине бұл кімге ұнасын? Бірақ блог жазу мен сапалы пікірталас құруды, троллингті үйретті. Жаман ба?

14. WhatsApp
Қоғам интеллектінің айнасы. Түрлі санаттағы сауатсыздықтың сахнасы. Дегенмен Агенттен үйренген біраз нәрсе осында да кәдеге жарап жатыр. Қыз сындыру, топтық чаттағы бұрынғы сыныптасыңды тауып алу, порно бөлісу, жауыздықты видео арқылы насихаттау, түрлі графикалар лақтыру арқылы діншіл болып көріну жалғасуда әлі. Айтпақшы менің аудандық білім басқармасындағы әдіскер-мұғалім апам да шылауларды ажырата алмайды екен, ужссс…

15. Казконтент
Бірнеше жылдан бері мемлекеттің тонналап бөлген ақшасымен бәрібір сапалы дүние жасау мүмкін емес екенін дәлелдеп келуде. Яғни, мәселе ақшада емес, Карл! Соны түсіндік. Айтпақшы, білесіз бе, Ел.кз негізінде әлеуметтік желі екен!

16. Твиттер
Микроблоггинг кезінде агентшіл қазақтан қалған нәрсе, сондықтан Твиттер қазақты тарта қоймады. Дегенмен шетелдік жұлдыздарды және қазақ ақындарының жазғандарын оқып тұруға болатынын көрдік. Сосын Өркен және Тимур деген адамдардың бар екенін білдік. Басқа ештеңе үйрене алмады қазақ. Агенттің блогы жақсы еді…

17. Олимп
«Интернеттен қалай ақша табуға болады?» деген сұраққа нақты жауап тапқан сайтымыз. Бірақ тапқаннан кеткені көптеу болып көрінді. Сонда да қоймайды қазақ, әлі ақша «тауып» жатыр. Жарайды көмектесе кетейін, бүгін Джокович пен Маррэй форамен алады.

18. Алаш айнасы
Газетті жауып сайт қылғаннан пәлендей ештеңе өзгермейтінін үйрендік. Интернет-журналистика қазақтан әлі де болса алыстау екенін көрдік. Тобырдың малдығын пайдаланып, секс-контент арқылы статистика жасауға болатынын білдік.
Әрі қарай

Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары!

Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Пайдалы сайттар: Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

www.bilim-all.kz сайтына өздеріңіздің немесе өздеріңізге ұнаған даналық сөз, ой-толғау, әзіл, анекдоттар, өлеңдер, сабақ-жоспар т.б енгізіп, сайттың оқырмандарымен бөлісе аласыздар.

Сайттың кейбір бөлімдері:

Ұлағатты сөздер
Салт-дәстүр
Информатика
Хайуанаттар әлемі
Суреттер сөйлейді
Өлеңдер
Анекдот, әзілдер
Ертегілер
Жұмбақтар Т.б
Әрі қарай

WapHelp.KZ - Сайт құрастырушылар мекені!

Жоба жайлы ақпарат: waphelp.kz/faq/about.php
Басты сайт: waphelp.kz/
Вконтактеде: vk.com/waphelpkz

Ең алғашқы сайт құрастыруды тегін үйрететін, KazNet-ты, KazContent-ты, дамытуға тікелей ат салысып, мол үлес қосатын Қазақстандық уникалды жоба — WapHelp.KZ Жобасы.

Тек сапалы және пайдалы ақпарат!
PHP, MySQL, HTML, CSS тілдерін тегін үйрену!
Скрипттер, Дизайндар, Модульдерді тегін жүктеу!
Вап/Веб шеберге арналған пайдалы сервистер!
Пайдалы кодтар, Ақ каталог және тағыда басқа бөлімдер!

Біздің сайтымыз арқылы сіз, өз сайтыңызды құрастырып және оны интернетке салу жайлы үйренесіз, енді сіз үшін сайт ашу еш қиындық тудырмайтын болады, үйткені біз сіздерді қадаммен сайт құрастыруды тегін үйретеміз!
Сіздердің тек алғашқы сайтыңызды құрастырып үйренгенге ниетіңіз болса болды. Қадамнан қадамға, жеңілден қиынға дейін сіз сайт құрастыру жайлы тренингымыздан үйренетін боласыз!

Форумда өзіңізді қызықтырып іздеген сұрақтарыңызға жауабыңызды табасыз!

WapHelp.KZ жобасы тегін жоба және тегін болып қала береді! Қазақстандағы қара домалақ қазақ балаларының сайт құрастырып үйренуіне, Қазақ тілді сайттардың көбейуіне, Қазақ тілінің көркейуіне тынбай ат салысудамыз.
Әрі қарай

kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық

Бүгін әлеуметтік желіде сайтқа тіркелу бойынша қиындықтар туралы бірнеше сұрақ алдым. Тіркелгісі келіп, бірақ тіркеле алмағандарға түсінікті болу үшін фото түрінде түсіндіруді жөн көрдік.

1. Браузерге (Chrome, Opera, Mozilla) kaspi.kz атауын жазамыз. Сайт ашылады.
Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
2.Оң жақ қапталдағы «Кіру/тіркелу»-ді, одан кейін «Тіркелу»-ді басамыз Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
3.Ұялы телефон нөмірін көрсетіп, «Ары қарай»-ды басамыз Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
4.Ұялы телефоныңыздың нөмірін енгіземіз. Ұялы телефоныңызға смс келеді. Смс-пен келген құпиясөзді енгіземіз. Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
5.Аты-жөн мен туған күнді енгіземіз. Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
6.ЕСКЕРТУ: ЕГЕР СІЗ БҰРЫН (НЕСИЕ АЛҒАН НЕМЕСЕ ДЕПОЗИТІҢІЗ БОЛҒАН) НЕМЕСЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ KASPI BANK-ТІҢ КЛИЕНТІ БОЛСАҢЫЗ, ОНДА ЖҮЙЕ ҚОЛЫҢЫЗДАҒЫ KASPI КАРТА НӨМІРІН НЕМЕСЕ КЕЛІСІМ-ШАРТ НӨМІРІН СҰРАЙДЫ. ЕГЕР БҰРЫН НЕСИЕ АЛЫП ЖАУЫП ТАСТАҒАН БОЛСАҢЫЗ, ҚОЛЫҢЫЗДА КЕЛІСІМ-ШАРТ ТА, КАРТА ДА ЖОҚ ЕКЕНІ ТҮСІНІКТІ. БІРАҚ, ОЛ ЖҮЙЕДЕ САҚТАЛЫП ҚАЛҒАН. СОНДЫҚТАН, ТІРКЕЛУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН online@kaspibank.kz-КЕ ХАТ ЖАЗЫП НЕМЕСЕ 9999-ҒА ХАБАРЛАСЫП КЕЛІСІМ-ШАРТ НӨМІРІН АЛЫҢЫЗ. БАНК КЛИЕНТІ БОЛМАҒАН АДАМДАНАН ЖҮЙЕ КАРТА НЕМЕСЕ КЕЛІСІМШАРТ СҰРАМАЙДЫ.
7. 7 саннан кем емес құпиясөз ойлап тауып, енгіземіз. Құпиясөзді ұмытып қалмаңыз.Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
8.Болды! Сіз тіркелдіңіз. Енді сайт қызметі қолжетімді.
Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық

Логиннің орнына телефоныңыздың нөмірі қолданылады. Келесі жолы сайтқа кіру үшін ұялы телефон нөмірі мен құпиясөзді енгізсеңіз болды. Сұрақтар болса, хабарласыңыздар!
Әрі қарай

Вебмастердің онлайн көмекші құралдары

Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
Күнделікті бағдарламалардан бөлек онлайн қолданатын сүйікті құралдарым бар. Солармен бөлісе кетейін. Қолда бағдарламалар жоқ кезде, басқа біреудің компынан кірген кезде пайдалы.

Сурет редакторы
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
pixlr.com/editor

Сурет көлемін өзгертуге, түсін реттеуге, қиюға, кесуге т.б ыңғайлы құрал.

HTML редактор
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
www.vwhost.org/editor/

Асығыс код жазу керек болса осы редактор ыңғайлы. Frontpage-дан кем емес. Керек кодыңды тездетіп жазып алуың болады визуал редактор арқылы.

"Қауіпсіз" түстер кестесі
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
www.artlebedev.ru/tools/colors/

Жұрттың бәрінде супер компьютер емес екенін, әлі де IE және оның ескі нұсқаларын пайдаланатындар, ғылымға белгісіз браузер қолданатындар және «арты бар» монитор ұстайтындар бар екенін ұмытпау керек. Сенің жеткізгің келген түсті бәрі бірдей қабылдай бермейді. Сондықтан мына "қауіпсіз" түстер кестесін қолданған жөн. Барлық монитор және браузерлерде дұрыс көрінеді.

Скрин түсіргіш
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
www.url2png.com

Мүмкін сен де мен сияқты скрин фетишисті шығарсың? Сайт скриндерінен порно қарағандай қозатын шығарсың? Олай болмаған жағдайда да сайттардың скриншотын түсіру үшін осы сайт қызметін ұсынар едім.

Facebook үшін сурет реттегіш
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
developers.facebook.com/tools/debug

Кейде мақала бөліскен кезде Facebook алжып, мақала ішіндегі сурет орнына сол бетте тұрған басқа суреттерді ала салады. Сол кезде осы дебаггерді қолданамын.
Әрі қарай

КерекИнфоның Мұнарасы

Пайдалы сайттар: КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар,
Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист ретінде жазбаларын жазуда. Сайт редакциясы КерекИнфолықтардан құралған. Daniar-Alan мультимедиа редакторы, aikarakoz SMM менеджер, <ls user=«aizhuka аудармашы-редактор, мен осы жобаның басқарушы-редакторымын.

Колумнистерді де танисыздар: Nurgisa patick kozildirik zholantai ushkin
(Бұл тізім әлі де ұлғаяды)

Өңірлердегі тілшілеріміз қатарында да КерекИнфолықтар бар. Олардың қазір тізімдері нақтылануда. Кейінірек жазамын

Сайтымызға күнде бір рет кіріп тұрсаңыз, дос-таныстарыңызға да айтып тұрсаңыз қуанамыз. Сайттастарымыздың қолдауын сезінгіміз келеді. Әлеуметтік желілерде де бізге қосылыңыздар.

Үлкен рахмет!

Munara.KZ

Facebook
Instagram
Twitter
Вконтакте
МойМир
Әрі қарай

Videmus - фоосүйерлердің жаңа мекені

Пайдалы сайттар: Videmus - фоосүйерлердің жаңа мекені

Бүгін — Халықаралық Фото Күні. Әуесқой, кәсіпқой фотографтарды, фотодизайнерлерді, тіпті инстаграммшыларды да осы мерекелерімен құттықтаймын.

Осындай тамаша күн қарсаңында жаңа сайт ашылды. Videmus деп аталады бұл жаңа фотоблог жүйесі. Видемус — латыншадан аударғанда «көру, бақылау» деген мағыналарды береді.
Әрі қарай