kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық

Бүгін әлеуметтік желіде сайтқа тіркелу бойынша қиындықтар туралы бірнеше сұрақ алдым. Тіркелгісі келіп, бірақ тіркеле алмағандарға түсінікті болу үшін фото түрінде түсіндіруді жөн көрдік.

1. Браузерге (Chrome, Opera, Mozilla) kaspi.kz атауын жазамыз. Сайт ашылады.
Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
2.Оң жақ қапталдағы «Кіру/тіркелу»-ді, одан кейін «Тіркелу»-ді басамыз Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
3.Ұялы телефон нөмірін көрсетіп, «Ары қарай»-ды басамыз Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
4.Ұялы телефоныңыздың нөмірін енгіземіз. Ұялы телефоныңызға смс келеді. Смс-пен келген құпиясөзді енгіземіз. Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
5.Аты-жөн мен туған күнді енгіземіз. Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
6.ЕСКЕРТУ: ЕГЕР СІЗ БҰРЫН (НЕСИЕ АЛҒАН НЕМЕСЕ ДЕПОЗИТІҢІЗ БОЛҒАН) НЕМЕСЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ KASPI BANK-ТІҢ КЛИЕНТІ БОЛСАҢЫЗ, ОНДА ЖҮЙЕ ҚОЛЫҢЫЗДАҒЫ KASPI КАРТА НӨМІРІН НЕМЕСЕ КЕЛІСІМ-ШАРТ НӨМІРІН СҰРАЙДЫ. ЕГЕР БҰРЫН НЕСИЕ АЛЫП ЖАУЫП ТАСТАҒАН БОЛСАҢЫЗ, ҚОЛЫҢЫЗДА КЕЛІСІМ-ШАРТ ТА, КАРТА ДА ЖОҚ ЕКЕНІ ТҮСІНІКТІ. БІРАҚ, ОЛ ЖҮЙЕДЕ САҚТАЛЫП ҚАЛҒАН. СОНДЫҚТАН, ТІРКЕЛУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН online@kaspibank.kz-КЕ ХАТ ЖАЗЫП НЕМЕСЕ 9999-ҒА ХАБАРЛАСЫП КЕЛІСІМ-ШАРТ НӨМІРІН АЛЫҢЫЗ. БАНК КЛИЕНТІ БОЛМАҒАН АДАМДАНАН ЖҮЙЕ КАРТА НЕМЕСЕ КЕЛІСІМШАРТ СҰРАМАЙДЫ.
7. 7 саннан кем емес құпиясөз ойлап тауып, енгіземіз. Құпиясөзді ұмытып қалмаңыз.Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық
8.Болды! Сіз тіркелдіңіз. Енді сайт қызметі қолжетімді.
Пайдалы сайттар: kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық

Логиннің орнына телефоныңыздың нөмірі қолданылады. Келесі жолы сайтқа кіру үшін ұялы телефон нөмірі мен құпиясөзді енгізсеңіз болды. Сұрақтар болса, хабарласыңыздар!
Бөлісу:

20 пікір

zholantai
бір жыл болд, каспи кошелоктың пайдасын көріп жүрм
VKM
сонда алдымен телефонға ақша салу керек пе? Қай жердегі ақшадан төлем жасайды?
ken
Иә, шамалы түсініксіздеу жазыпты.
Ereimen
Осыдан шамамен бір жарым жыл бұрын осы туралы мен де жазған едім, одан бері біраз бірдеме өзгеріпті. менің осы сайттағы жазбама сілтеме
егер түсіне алмасаңыз онда былай:
сізді осы жүйенің қолданушысы деп елестетейік. төлем жасаудың екі жолы бар бірншісі каспий әмиян арқылы екіншісі басқа банктің карточкасы арқылы.
каспий әмияныңздағы ақшаны кез келген төлемге жұмсайсыз, ал каспий әмиянға ақша қайдан келді десеңіз онда кез келген каспий терминалынан өзіңіздің телефон нөмеріңізбен туған жыл ай күніңізді енгізу арқылы бірнші әмиянды толтырасыз сосын керекті төлемді жасайсыз. сонда сіз ешқандай комиссиясыз төлем жасаған болып табыласыз. менің осы сайттағы каспий терминалы туралы жазғанымда керек болып қалар.
ал басқа банктің карточкасымен төлем жасағыңыз келсе онда мына деректерді енгізу керек. карточкалық нөмер (16 саннан тұрады) сосын карточканың жарамдылық мерзімін көрсетесіз, ең соңында карточканың келесі бетінде жазылған үш таңбалы CVV кодын енгізесіз сонымен төлем жасалады.
Соңғы түзету:
asaubota
мен бұлай тіркеле алмадым, бірақ еш мойымай мына сілтеме арқылы әмиян ашып алдым
kaspi.kz/payments
бұл жерден мынаны басамыз


әмиян ашылғаннан кейін Казком карточкам арқылы да төлем жасап көрдім, терминал арқылы әмиянды толтырып алып та жасадым
VKM
кез келген банкінің карточкасынан төлей саламыз ғой? Онда керемет қой, кезекте тұрмайсың, артық ақша төлемейсің.
asaubota
аха, виза карточка болса болғаны
zholantai
Казком карточкам арқылы да төлем жасап көрдім
басқа банк карточкасы арқылы қалай төлем жасайды? менде ондай жоқ па, әлде таппай отырмын ба?
asaubota
іздесеңіз балалар

кейде ойлаймын менде неге сондай проблемалар болмайды деп
zholantai
мен ақтардым, ну таппадым,
бәлкім келісім-шартта көрсетілген телефон номер арқылы тіркелгендіктен және каспи банк карточкасы болғандықтан ондай мүмкіндік берілмеді ме?
Соңғы түзету:
SaWOK
Басқа банктің картасын пайдалансақ, комиссия ала ма екен?
SaWOK
Алады екен, бірақ көп емес.
zholantai
сонымен басқа банктің карточкасын қалай тіркейді?
SaWOK
төлем жасар кезде «Төлеу» деген пункттің ішінен таңдайсыз.
zholantai
комиссиясы қалай?
Erbol
Басқа банктің карточкасынан да комиссия алмайды.
Соңғы түзету:
saken
Басқа банктің (ВТБ банкі) карточкасы арқылы төлей алмадым. Қабылдамай қойды.
Erbol
saken, сіздің карточкаңызда онлайн төлем жасау қарастарылмаған болуы мүмкін. ВТБ банкке хабарласып, анықтап, қостырсаңыз болады.
Соңғы түзету: