Сегіз тауықтың әлегі.

… Балалар өсіп қалды, тәбеттері де ашыла бастады деген оймен көктемде 10 балапан алып едім. Кученские деген тұқымнан. Оның екеуі жоғалды(атжалманба, мысықпа?) сегізі қалған. Өсе келе төртеуінің қораз, төртеуі мекиен екені анықталды… Күтіп баптаудан кенде болмады. Қораздардың біреусін төрт мекиенге басие қылып бөліп қойдым жақында. Үш қоразым бордақыда ;-)… Тауық жұмыртқасын күтуіміз әрине түсінікті нәрсе. Ол болса жоқ. Ракушечникті пешке салып күйдірудің(неғұрлым көбірек жылу алу және оның әкке айлану процесін көру мақсатында) әдіс амалдарын іздеп жүріп, сол нәрсенің үгітінділері тауықтың жұмыртқа бергіштігін күшейтетіні жайлы бір жерден оқып қалдымда тәжірибе жасадым. Жемісі көп күттірмеді — төрт тауықтың екеусі тұқымын бере бастады :-) суреттің алынған жері
Әрі қарай

Тани білсек, қолдана білсек.

Тағы да сол бітпес күбір…
Елуді еңсеруім керек пе еді, осыны түсіну үшін? Не деген ақымақпын. Не оқығанмын? Сол қариялар бізден көп білген ғой сірә! Қазандықтың(…………… ) миыма салған ойраны ғой ойландырған — қу ағашпен тұтатып қи жағып еш қиналмастан қыстауында мал, отауында бала баққанн қазақылық өзгергенін өздерің де білесіңдер. Қазақ үйде оннан аса бала туып, бала асыраған бабалырымздың паймын ай.
… Известняк(?) деген нәрсенің қасиетін түсіну мақсатында химия факультетін бітірген достарымның және аты барда жортып жүріп елді танушыладан сұрастыра келе тұрмысымызды түзеуге туындайтын мүмкіншіліктерімздің ұлан ғайрлығына тәубе келтірдім.
Әрі қарай

Жылыту жүйесінің қайбір жері.

Пиролиз, Биогаз, МикроГрэс, генретор(синхронды емес қозғағыш(лтқыш))...; Не демедім — Дедім:
Дей тұрып жасап жүрген сынақтардан шекем ісіп кетті — пиролизззззззззззззз(Сасып кетті, асып кетті, басып кетті, жетпей қалды ...;-) ) 10 жылда сыр бермеген қазандығымнан су аға бастады :-(. Гөглмен әрі айтысып, бері айтысып тапқаным — Гера: сілтеме қоймаймын(тегін жарнама болып кетеді). Аршекеңе ақшасын төлесін :-) Мәселе — мәселе болмай қалды.
Әрі қарай

Балтаның сабы.

… Мимырттанған тіршілік ай десейші. Ағаш(шөлке, бұтақ, ағаштың көзі, тақтай, қарағаш...) жармағандар жоқ шығар. Балтаны таңдаудан бұрын(…… ...) сабы сынып діңкемізді құртатын кездеріндегі өкініш пен ызаға не тең келеді?(Балта сермеуден басқа қолынан түк келмейтін пенде үшін).
Әрі қарай

CRT монитордан қалай проектор жасауға болады

Бұл статьяның авторы LCD монитордан проектор жасауды оқыған екен. Ондай монитор алуға қаражаты болмағандықтан CRT монитордан жасаған екен…
Алдымен монитордың бет жағын мейлінше дәл өлшеп алыпты.(Ұзындығы мен енін өлшеген).
Ары қарай осы өлшемдерге сәйкестендіріп биіктігі 40-50 см(түбі және бір жақ беті жоқ) қорап жасаған.
Әрі қарай

Сізге арақ ішкен жаға ма?


«Арақ адамды аздырады, өз көрін өзіне қаздырады» деген сөз құлаққа түрпідей тигенімен, бұл – шындық. Осы әзәзілдің өмірімізге ентелей еніп, дастарқаннан кетпей қойғаны өкінішті. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осылайша шындыққа айналды. Бірақ арақ-шарап барлық адамға жаға бермейтіні және рас. Ендеше, жұлдыз жорамалыңызға да бір үңіліп көріңіз, ащы су сізге қалай әсер етеді?

Тоқты. Тоқты үшін ішімдіктің қауіптілігі сол – есінен танып жығылғанша ішеді не ойланбастан кездейсоқ іс-әрекетке барады. Спирттің буына масайраған тоқты көтеріңкі көңіл-күймен күшіне сеніп, ерсі қылықтар көрсетуі мүмкін.
Әрі қарай

99 пайыз...



Біздің ұлтшылдардың 99% өтірік ұлтшылдар.

Біздің діншілдердің 99% өтірік діншілдер.

Құлқын мен нәпсіден, позерлік пен понттан адалар 1%.

Болмысың қандай болса солай көрін немесе қалай көрінесің сондай бол. (Мевлана Джелаледдин Руми)
Әрі қарай

Өзіңізге қандай баға бересіз?

Сәлем Әлем!
Осы сұраққа жауап бере аласыз ба? Бірден? Әлде уақыт керек? Мүмкін қиналатын шығарсыз?
сілтеме
Бұл сұрақты көбіне шетелдік компанияларға жұмысқа қабылдау кезінде жиі қоятынын байқадым. Алғаш рет өзіме қойылғанда тосылып қалғаным рас. Мұнда бір-екі ауыз сөзбен құтыла алмайсыз, не де болса ықшамды шағын презентация керек.Кібіртіктеп қалмас үшін, алдын-ала ойыңызды жинақтап алғаныңыз жөн.
Әрі қарай