Компьютер ойындарындағы Қазақстан



Жұмағұлова Малика, 1991 жылы туған. Биші. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Жастар саясаты басқармасында екі жыл жұмыс істеген. Негізгі құжаттардың көшірмелерін, басқарма жұмысының жоспарларын Қытайдағы Харбин қаласына тыңшылық жолмен жеткізумен де айналысқан.Жақын туыстарынан тек Жұмағұлов Қанат деген ағасын таптық. Ағасы Атырау қаласында Иманғали мешітінде имам боп қызмет атқарады. Ол кісі бізге хабарласты:
Қарындасымды алып қашқан болса, тағдырдың жазуы сол шығар. Біздің асыл дінімізде тағдырға өкпелеуге болмайды. Сондықтан мен тағдырдың жазуына разымын, батамды бердім.Аноним азаматтан поштамызға бейнежазба жолданды. Бейнежазбада Маликаның Шымкентте ақ босаға аттағаны көрсетілген.

Финдықтар жаңа жыл кешінде балауыз арқылы болашақты болжайды. Әуелі сұрақ қояды. Ерітілген тамшысын суға тамызып, пайда болған су бетіндегі бейне арқылы болжам жасайды. Ал дәстүр бойынша дастарханда алхоры киселі мен тәтті күріш ботқасы болуы керек. Біз де ет аспай жаңа жылдық дастарханға жайғаса алмаймыз ғой. «Айй ааазз ааа тааа!» деп шулайтын біз ғой. Ал финдықтар Аяз атасын «Йоулупукки!» деп шақырады екен. «Рождестволық ешкі» деген мағынаны мыңқ еткізеді. Йоулупуккидің сыйлық толы арбасын ешкі сүйрейді екен. Финдықтар бұл атаны мейірімді, барлық тілектерді орындаушы деп түсінеді. Тіпті, сыбырды да естиді-міс. Айқайлап айтатын болса, жындар естіп қойып, тілектер орындалмай қалуы мүмкін екен.
Жоқ, бұл соғысқа аттану емес. Бұл — шотландықтар. Олар Жаңа жыл мерекесін Хогмани деп атайды. Біздің халық аспанға салют атып жатса, бұлар бөшкелерді қарамаймен жағып, көше бойымен дөңгелетіп жібереді. Бұл дәстүр Жаңа жылды шақыру екен. Наным-сенім бойынша жанып жатқан бөшкелерді күн деп түсінеді екен. Теңізге тастаған соң оны мекендеушілерге жарық пен жылу сыйлайды-мыс. Сонымен қатар су апатынан аман боламыз деп сенеді. Ал екінші ырым бойынша от жын-періден қорғайды. Шотландықтардың ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі тағамдары бар. Мәселен, жаңа жылдық таңғы асқа сұлы шелпегін, пудинг пен ірімшіктің ерекше сорты — кеббенді дайындайды. Ал түскі және кешкі асқа пісірілген қаз немесе бифштекс, алма қосылған бәліштерді әзірлейді.
Испанияда ескі дәстүр бойынша жаңа жыл кешінде әр адам 12 жүзім жеуі керек. 12 жүзім болатын себебі жылдың он екі айын білдіртсе керек. Негізі, жүзімнің дәстүрге енуі тегін емес. 1908 жылы жергілікті фермерлер жүзім арқылы пайда табуды бастады. Бүгінде дүкендерде неше түрлі құтыда түр-түрі сатылады екен. Сонымен қатар тағы бір жаңа жылдық дәстүр бар. Киім кию. Бізде түн аяз болатындықтан сыртқа күрте киіп шығамыз ғой. Ал бұлар қызыл түсті іш киім киюі керек екен, жаңа жылың құтты болғыр. Қызыл түс істің сәтті болуына, финанстың «тәтті» болуына көмектеседі-міс. Айтпақшы, жүзімнің суретін енгіздім. Өзіңізде бар дамбалдың суретін қайтесіз!?
Вьетнамда жаңа жылды 21 қаңтар мен 19 ақпан арасында тойлайды. Жаңа жылды тет деп атайды. Мұнда шырша, әппақ қар болмайтындықтан, ерекшелік тырманы безендіреуде болады екен. Ырымы өте жақсы безендірсе, бақыт пен байлықты тырмалауға болады деген түсінікке жақын. Аяз атасы Тао Куэн деген кейіпкер. Оны үй ішінің періштесі дейді. Ол айдаһарға айналып шығатын тұқымен көкке ұшады екен. Аспан әміршісіне адамдардың жасаған жақсы амалдарын жеткізеді-міс. Вьеатнамдықтар жақын маңда орналасқан өзен-көлге тірі тұқыны тілектерін сыбырлап айтқан соң жібереді екен.







Әлдекімдердің әлеуметтік желідегі парақшасын мұқият қарап, суреттері арқылы оның болмысы жайлы пікір тудыруға тырыссаңыз, кілең патиден патиге, отырыстан отырысқа, жетістіктен жетістікке, марапаттаудан саябаққа, саябақтан саяхатқа секіріп жүруден қолы бір сәт босамайтын, бақытты жанды көрер едіңіз. Кім терезе бетін тозығы жеткен дамбалымен жапсын, оюлы перде қоямыз да көбіміз. Ол бізге тиісті ортаға тиісті әсер тудыруға көмектеседі. Біреуге жасқаншақтықты бүркеуге, алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді, ал біреуді бетпердесінің құлына айналдырады.
