НұрКЗ-дегі каменттер

Өзім жаңалықтарды көбіне nur.kz сайтынан оқимын. Сонда кейбір жаңалықтарға қанша камент жазсаң да модерлер шығармай қояды. Есесіне стилистикасы мен орфографиясы бірдей бірсарынды каменттер қаптап кетеді. Ондай жағдайлар көбіне мынадай Казахстан ратифицировал договор о ЕАЭС деген секілді жаңалықтар шыққан кезде орын алып тұрады.

Бір-екі скриншот қояйын:

Оcылай екен...: НұрКЗ-дегі каменттер

Көбіне әртүрлі атпен жазады. Былай:
Оcылай екен...: НұрКЗ-дегі каменттер
Оcылай екен...: НұрКЗ-дегі каменттер

Білгім келгені, осындай жұмысқа қанша төлейді екен? Резюмемді қайда жіберем?
Бөлісу:

6 пікір

ken
айтпақшы, жаңалықты сендер қайдан оқисыңдар
MERmukhanov
мен мұндаймен сайлауалды науқанда тегін (жалақыға включительно) айналысқам
asaubota
тролльдер фабрикасы. стилистика алуандығы, адам аттарын әр түрлі қылу, интервал жасау деген ниқоя :)

үкімет өкінішке орай бұл салада да әлсіз. сапалы троль армиясы келсе қарсы тұра алмайды мындай "әскерлермен"
VKM
ондайлар көрініп тұрады. Дауысы жоқ әншілер сияқты(
merekeee
«Ратифицировал» деген не деген?
ken
Қосылды, қол қойды