#ББББ. Бөрібай Бекарыс: "Бәріне кінәлі..."

Төрт күн өткен екен. Иә, осыдан төрт күн бұрын Асқар Базарбай (Gastarbaiter ) Блогиаданың миллионын жеңіп алған болатын. Сегіз айға созылған сайысты әлде де соза бермей-ақ, көзіңіздің майын тауысатын сұхбатты назарыңызға ұсынамын. Жо-жоқ, Елбасымен сұхбаттасқам жоқ. :) Журналистерің шәй ішіп қайтты ғой. Мен біреу білсе екеуі білмейтін, үшеуі күдіктеніп сенбейтін, төртіншісі мән бермейтін атақты Бөрібай Бекарыспен шәй ішпей-ақ сұхбаттасқан едім.

Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
Таныдыңыз ба? ;) Блогиада тарихында жазбаларға алғаш шолу жасаған Бөрібай Бекарысымыз (Boribay_Bekarys ) — өзіміздің Мерей Ермұханов (MERmukhanov ). :)
— Мерей, негізі қай жақтансыз? Қайда жұмыс істейсіз/оқисыз?

— Күн қайырлы болғай! Адамдар да. Сұхбат жасайтындай тау қопарып, тас қазған жоқпыз. Әншейінде понторез басым біртүрлі именіп отырмын. Енді Керектегі біраз қауым біледі, сонда да саған таныстық қылайын. Менен гөрі Бөрібай деген азаматты жақсырақ білесің ғой деймін. :) Ақтөбенің Ойыл деген кентіненмін. Ол жақтан шоқтығы биік Шернияз жырау мен тарыдан рекорд жасаған Шығанақ шал шыққан. Иә, сосын осы сайттың әкімшісі, Қазнеттің тіректерінің бірі Аршат Ораз (asaubota ) деген біреу де сол елдікі.

Иә, мен Ойылдан он жасымнан кетіп, қалада оқығам, интернатта тұрғам. Демалыс сайын Аршаттың мамасы не қарындастары алып кетуші еді, сол үйде жиі болатынмын. Ол кезде ол Түркияда оқуда болатын. Не дейін, ол мені бөле дейді, мен оны бөле деймін, ақиқат осы екеуінің бірінде шығар. :) Жұмысым қоғамдық салада, партиялардың бірінде (бірінде деп қоям, ә!) жастар бағытының аналитигімін. Жұмыс атмосферасы, ритмі мен реті өзіме ұнайды. Сондықтан айырып жатқан жалақым жоқ, оған қарап жүргем жоқ. Оқу оқып болдым, бәрін тауыспасам да, екі магистрлік дипломым, шетелдік тағыламдамам бар. Негізгі мамандығым – Мемлекеттік жергілікті басқару. Бірақ мемлекеттік қызметте осы кезеңде қызмет жасауға құлқым жоқ.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Керекинфоға қалай келдіңіз?

— Қарасам, Керекинфоға тіркелуім 2011 жылы екен. Сол бірнеше минуттан кейін екі жылға ұмытып кеткендеймін. 2013 жылы еске түсіп, алғашқы постым – Парижді нәжіске былғауға бағытталған фотореп болды. Былай жақсы қабылданды. Шамасы, Аршат ескертсе керек, "Өлеңдерің болса да, жариялауға болады" деген тіркес есімде қалыпты.
— Блогиада жайлы не айтасыз? Блогиадааралық сайыстағы жеңісіңіз туралы да айта кетсеңіз.

Блогиада жайлы тек жағымды пікір айтамын. Жағымсызы болса, оны да айтар қатысушы көп қой. Қазнет үшін теңдессіз жоба, тамаша посттар сыйлаған бастама. Азаматхан Әміртай – красавчик! Жоба менеджерлері де. :) Шама-шарқымша оқып жүрдім. Әсіресе, Керектегілерді. Блогиада үздігі – Асқар, шынымен, ең мықты блогер болуы мүмкін. Бірақ принципиалды түрде бұл жоба ең талантты не ең креативті, ең шебер блогерді анықтамайды. Ең үздік блогерді анықтайды делік, бірақ ол көптегеееееен элементтерден тұрады. Тұрақтылық. Апта сайын жаңадан туған баладай, «зықыны алды» демей, жаңғыра пост жазу, анда-мында жүру ептілігі, жеткізу шешендігі, жалпы, аққан тер мен адымдаған жермен өлшенетін ауыр еңбек. Мен өзім мұндайға төзе алмас ем, сол үшін қатысушыларға ризамын.

Блогиадааралық сайыс жайлы несін айтайын, еркін тақырып, еркін формат. Ортаға тиын тіктік, жарыстық. Сол кез бір он шақты күн еңбек демалысым еді. Ақтөбеде жүріп қоғамдағы тізесі шыққан мәселелердің бірі – жезөкшелікке келу жайлы қыңыр тілмен жазба әзірледім. Оларды аралауға тура келген жоқ, қиялыма сүйендім. Жеңуге ниет болды, Сатыбалдыдан (satibaldi ) қорықтым. Бірақ ол аса байсалдылық танытпады ма, еріккен жазба жазды да, жеңіп кете салдық қой. Иә, Асқар Базарбай мен Өркен Кенжебек 10 балл берді. Назгүлдің (dark_nazgul ) баллын айтпаймын. ;)
— Блогиадада Бөрібай Бекарыс боп шолу жасадыңыз. Шолу жасау идеясы қалай пайда болды?

— Мен? Алмас Көзілдірік (kozildirik ) не Нұрберген Мақым (nurbergen_makym ) емес пе не? Әлде Асқардың өзі ме? Хехе, бәріне кінәлі Асқар Базарбай. Менде жалпы өзімнің блогер екеніме күмән бар, мотивация атымен аз. Енді жаңа/дұрыс анықтама бойынша, блогым бар болғасын блогер шығармын. Бірақ оны жүргізуге былай да ниет ат төбеліндей. Оның үстіне Блогиада блогерлерінің сайыстық посттары одан сайын құртып жіберді. Асқар үшінші кезеңде хабарласып, ұсыныс жасады. Базынасын айтты, әмір етті, қалай болғанда да «Жазуың керек!» деді. Шамасы, блогиадааралық сайыстан бір мүләйімсіген ұшқын байқаған шығар.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Бөрібай боп жүргенде қандай қиындықтар болды?

— Фейсбук желісіндегі Бөрібай бұрыннан болатын, ол менің пошталарымның біріне жалғаулы еді. Аты-жөнін өзгертпей-ақ, осы атпен блог ашып, бастап кеттік қой. Турнирлік мотивация емес, аса бір қиналыссыз, қалай қарай бұрғым келді, солай жаздым. Бір турда Асқарға қарсы қуаттап, айдап-айдап салдым. Ал ол өзі менің кім екенімді біледі ғой. :) Тағы бір турда өзімнің Асқар екенімді ашып жаздым. Жалпы, қызық көп болды. Жұмыс бабымен Қытайға екі аптаға кеткен кезімде қиындау болды. Жұмыс жасап/қыдырып жүрген адамда аса қатты жай да, стимул да бола бермейді екен. Сол жазбамды үйтіп-бүйтіп жазып шықтым. Аса бір маңызсыз, келеке етіп, тілді орынды-орынсыз ойнатып… Жалпы, мағынасы дұрыс, бірақ «Рейтингтерге рейд» атты жазбамды қарасаңыз, өзіңіз де біртүрлі екенін байқайсыз.

Ең қызығы, Қытайда фейсбук бұғауланған, ал маған әлеуметтік желіге де сілтеме тастау керек дегендей. Оны да сол жақтан бұзып кіріп, бірдеңе қылдық қой. Бір-екі адам сол кезде біліп қойды деп ойлаймын. Мысалы, Әйгерім Тоқсанбек қарындасым. Бәлки, геопозиция айқындалған шығар. ;) Жалпы, өзім үшін де шолу жасау процесі эксперименттерге толы болды. Бәрі де жеуге жарамды болғанымен, бір турда артығымен фонетиканы ойнатып, бір турда лексикамен, бір турда сырт факттер мен тым ақылгөй ілімдер қосып… Алқаштың қаламында бұл қайдан жүр дейсіз, ә?! :)
— Алғашқы фурордан кейін қандай күйді кештіңіз?

— Хех, фурор артық айтылған сөз. Априори беймәлім біреу тәуір жазба жазса, фурор сияқты қабылданады. Егер мұны Мерей Ермұханов жазғанда қалыпты қабылданар еді. Сондықтан фейкпен жазғаныма қуанамын, жалпы құныңды да білесің, шын бағаңды да естисің. Әйтпесе, біреу жақсы көріп, ренжітпейін деп мақтай салар еді. Біреу араз болып, даттап кетер еді. Жалпы, ешқандай фурор болған жоқ және күй кешпедім. Жұмыси атмосфера болды, көрерменге ұнады. Болды, сол ғана. :)
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Бөрібай болғаныңызда идея жағынан, жалпы, шолуыңызға кеңес айтып, көмектескендер болды ма?

— Асқар ең басында жалпы бағыт, кеңес айтқан шығар. Кейін оған араласуға болмайды ғой, ол – қатысушы, мен – сарапшы, объективтілік… Басқа ниеттілерден сен ғой, танымасаң да, суреттер жасаған. :)
— Псевдонимді неге Бөрібай Бекарыс деп таңдадыңыз?

— Дайын материал болатын. Оны ертеректе бір шаруаға керек болар деп, жұмыс бабымен ашып едім, ол одан керек болмай қалды. Сосын дәл сол атпен Керекке бара қойдым. Кіші жүзге де, Асқардың ұлына да, Көкбөрі (kokbori ) не Кеулімжайға (AKY ) да қатысы жоқ. ;)
— Шолуды неге бірінші кезеңнен бастамадыңыз?

— Зорығып өлсін дейсің бе? :) Блогиада басталғанда шолушы болу ойымда болған да жоқ. Бұйырған уақытында кірістік қой. Миттельшпильде. Жалпы, бірінші турға кіріспес бұрын бұған дейінгі жазбаларды оқыдым. Сол себепті Нұрбергеннің идеясыздығын да, Жандос шығып кеткеннен кейін ол жайлы да бірнеше жерде жаздым-ау деймін. Соңғы тур кезінде де шолып шықтым.
— Шолулар жасаудағы шеберлігіңіздің себебі неде?

— Шеберлігіміздің сыры – сенің суреттеріңде. Уахахаха! :) Шеберлік деп қомпитпайық. Жаза алу қабілетім бұрыннан бар, ана тілімді жақсы көрем, өлең жазам. Былай шала шабыт, пайдаланылмаған әлеует, немқұрайлы көзқарас. Жалпы, тіл – жақсы көре отырып, пайдаланып кеткенге ренжімейтін жалғыз субъект. Аяусыз эксплуатация үшін ешкім айыптамайды.
— Әр жазбагерді жақсы танитыныңыз байқалды, блогосфераға қашаннан қызығып жүрсіз?

— Блогосфераға қызыққанда… Мен білмеймін, блогым бар әйтеуір, болды. Блогерлермен жеке таныстығымыз бар, сондықтан блогосфераға да сіңе бастайтын шығарсың. Біреуге туыс боп жаралдық, біреуге құрдас боп, біреулермен Домбыра патиде білістік дегендей. Сонсоң әлеуметтік желіден ғой, әрине. Жеке таныстық, біліктерді сирек пайдаландым, әрине. Максималды объективті болуға тырыстым. Себебі кей қатысушыларға көмек қолын созып, ол жазбалар қалай туғанын да білетінмін. Адами қатынасымыз да объективтілігіме әсер етпеді деп санаймын. Әртүрлі көңіл-күй, қатынас болған кездер де болды. Бірақ Бөрібай – қатаң, құрғақ, мүлдем бөтен адам. Мен, жалпы, Бөрібаймен 100 пайыз келісем дей алмаймын, 95 пайыз шығар. ;)
— Келесі Блогиадаға қатысасыз ба? Тағы да шолулар бола ма?

— Келесі жылы болса, қатыспаймын, шолу да жасамайтыным түсінікті. Бірақ жанашыр болып, оқырмандық танытам. Апта сайын тапсырмамен блог жазу – менің жолым емес. Миллион – тамаша мотивация, әрине. Бірақ мен Асқардан гөрі Нұрберген, Димаштардың (qisyq ) сортынанмын. Шеберлік жөнінен болмасам да, жарты жолда тастап кететінім анық. ;) Шолу жасауға Перібай Жанарыс деген біреу шығатын шығар мүмкін. :)
— Блогиаданың бір турына сыйлық тіккен екенсіз. Сол жайында не айтасыз?

— Ол кезде турға ұсақ сыйлық тіге беретін. Мысалы, бірлік секілді. Кейін бұл дәстүр жоғалды. Мен бала тақырыбына орай Хэппилон орталығына карталар тіктім. Сол турды осы блогиаданың үш жүлдегері жеңіп алғаны есімде. 10 ұпайдан алған Асқар мен Әйгерім болатын. Әйгерімді бірінші орынға қойдым, оған 3 карта бұйырды. Одан кейін не көбірек қаржылы, не ешқандай деген сыйлықтар болуы тиіс боп кетті-ау деймін.
— Бөрібай болған кезіңізде жұрт қанша уақыт ішінде Мерей екеніңізді білді?

— Асқар – бастамашы, Админ тіркелген сәтімнен, Базука (bazuka ) көп ұзамай фейсбуктан біліп қойды. Одан өзге ешкім айқын білген жоқ осы күнге дейін.
— Қандай кітаптар оқисыз? Сүйікті авторларыңыз?

— Бұйырған кітап оқимын, қазір оқымаймын. Поэзия оқуға зауқым жоқ, өзім жазып қалсам, оқыса деймін бірақ, ә?! Шетел әдебиетін көбірек оқимын, бала күнде қазақ әдебиетін оқығам. Сүйікт автор – Сатыбалды Кербабаев десем, қалай болады? :) Хаха, Бернард Шоуды әзіл сезімі үшін һәм Исламға көзқарасы үшін жақсы көрем. Ремарк, Хаггард, Хемингуэй, Конан Дойл боп қалады. Твен – еркек! Төлен Әбдік – қызық. Иә, Қадыр Мырза Әлі балалығымның кумиріне жақын. Қазір арнайы оқуға мүмкіндік жоқ, болса да, өзімнің ақымақтығымнан оқымайтынымды тағы мәлімдеймін.
— Сүйікті киноңыз қандай?

«Властелин колецтер», «Хоббиттер» жақсы ғой. «Вокруг света за 80 дней» ұнайтын. «Столкновение» деген 2004 жылғы Оскар иегерін қарадыңыз ба? Қазақтардан… «Менің атым Қожа» дер ем, бірақ «Подарок Сталину» деп шештім. Шын болған оқиға негізіндегілерді құштарлықпен қараймын.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Осы жыл сіз үшін қалай өтті? Жылқы жылы несімен есте қалады?

— Шүкірлік қылатын жыл. Жұмысымнан да, іс-шаралардан да ләззат алған жыл. Ағам үйленіп, жол ашылған жыл. Шетелдерге іссапарға барған жыл. Қызығы да, шыжығы да көп жыл. Бөрібай Бекарыс Мерей Ермұхановтың блогын өлтіріп тастаған жыл. Қалай ойлайсыз, оның рейтингінің менен артып, "Құрметті қолданушы" болуы қаншалықты релевантты?! ;)
— Келер жылға қандай жоспарларыңыз бар? Керекинфо жамағатына тілегіңіз болса...

— Жоспарым бірнеше бағытта. Біреуі – анда-санда блог жазып тұру, баяғыдай. Қалғандарын айтпаймын. Керектіктерге денсаулық тілеймін, қалғанын өздері жасап алады. Отбасына амандық және пәтер тілеймін. Алла жар болсын!

— Сұхбатыңызға рақмет! Жаңа жыл құтты болсын! :)

Идея авторы — Асқар Базарбай, фото авторы — Исабек Жұбаныш (Ispek92 ), сұхбаттасқан — Мен. ;)

Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
Бөлісу:

71 пікір

Ispek92
Қазір көп адамдар шығып мен бұрын сезгем деуі мүмкін, алайда мен КТК арнасының стиліндегі "«мен алдандым» дер ем, Бөрібай образын жақсы алып шықты. Шолуылары тамаша болды, егер басқа біреу ол Мерей десе сенбес ем, өмір қызық ә?! Еңбегің үшін рахмет, Мерей :)
ademi_alem
))))))))))))))))))) мяяяяяяяяяяяя
ademi_alem
Сөз таба алмай қалдым ғой жазуға. ))))))))))) Мерей екеніңізді бұған дейін біреу айтса сенбес едім. )))))))))))) Ерінбей, жалықпай, жақсы сараптама жасағаныңыз үшін рахмет! Блогиадаға қатысушылардың жазбаларымен қатар Сіздің де шолуларыңызды асыға күтушілердің бірі болдым ғой.
asaubota
эх. неге админмін?.. :(
Gastarbaiter
Ойымдағыдан да күшті шығыпты сұхбат. Постер де айырып тұр. Бөрібайдың шолуларына өзім таң қалдым. Күміс ине іздеп жүріп, алтын ине тауып алу деген осы!
DiasBisengali
Көтек. Танымайтын адамға «пезнес бе?» деп секіргеніңді түсінбедім, щеголь. Жазбаларыңа сөзім жоқ, бірақ ары ойна. Таныс біреу ме десем қалжыңдайтын
Gastarbaiter
Галстукты братандардың өстіп шығатынын біліп, бас тартқан еді бұл образдан Мерей. Үлкенге ізет дегенді білмейтін адам емес, әйтпесе. Бөрібайдың жас-жынысқа қарамайтын құбыжық образы болмаса, аға-әпкелерін сықпыртып, цензурасыз еркін жазу қиындар еді.
Образды актердан ажырата алатын қоғамдамын деп сенгім келеді. «Төлегенді» арқасынан «атқаны» үшін Асанәліні Әшімов ағамызды кешірмей өмірден өткен әжелеріміз де бар ғой әйтпесе)))))))
MERmukhanov
Ой, Диас, твоя правда)))
Біреуге ұрыну керек болоды, кездейсоқ сен түсіп қалдың контакт-листтан :)
qonyrbai
Мен Мерей екенін Қытайға кеткенінде білгендей болдым. Бірақ сенімді болмадым. :))
esilerkesy
Сол кезде «е, қайдан біліп қойдың?» дейтін шығар десем, жеңістік бермей мен мұңғолиядамын деп тұрвалғаныңыздыай :v Магнитка қайда енді, магнитка)))
Ispek92
Сен қалай біліп қойдың, айтсаңшы сол жайлы)))
Daniar-Alan
Анау сурет қашан түсірілген? :)
patick
Қоңырбай мен Бөрібай бір адам деген де ойлар айтылған :)

Образ сомдауда алдына жан салмайды екен, өзі айтпаса қой білер едім.
Rozatai
Жұрттың бәрі Мерей, Мерей дейді. Бұ гім десем, осы жігіт екен ғой! Мен неғып оны танымаймын десем, 2013-те жаза бастапты ғой. Талдаулары тамаша!
qonyrbai
Жастар бағытының аналитигі екен. ))
AKY
Хехе, ең алғаш Мерейден көріп ем шынымен. Ол болса, «рахмет, сондай күшті шолушыны мен деп ойлағаныңа» деп, буахаха. Сосын Аршат кеп с толку сбивать етіп. Ну и ладно. Гастаның бастамасы екені де түсінікті. Уобшым, молодцы! Мне лично было приятно.
Marco
Одан өзге ешкім айқын білген жоқ осы күнге дейін.

Мен бірінші шолудан-ақ сен екеніңді білгенмін. Нанбасаң админнен сұра. Сондықтан, пезнес инкогнито болдым деп кеудеңе дем піспей-ақ қойсын)))
MERmukhanov
Бәрі білгіш әйтеуір)))
Marco
Бөлеңнен сұра дим) Между прочим, саған комплимент айттым сол кезде)))
AKY
Айтпақшы интеллекті жоғары болса да эгосы одан 1 метрге ұзындау біреу екені бір қой білініп тұрды :*))
DiasBisengali
Жә, өйтіп бір жақты шешім қабылдай беруге болмайды Асқар. Жұрттың көзінше істеу керек еді дә просто. Жекеге келіп секірмей. Оның үстіне Бөрібайдың жазбаларын бақылаған емеспін де, сендердің ешқайсыларыңды бетке танымаймын. Сырттан келген оқырманға өзінің жазғандарына құбыжық болып интерес тудырту әдіске жатпайды деп білемін. Мәселе әдіс тәсілде. Сатекеңнен дерзкий болуды біраз үйрену керек ед. Мерейге келетін болсам дым ренішім жоқ, ол кезде де қазірде де. Маған как то поқ. Бірақ менің орнымда кездейсоқ не адекватный псих мафиози кездесіп қалса қайтер едің? Сондықтан бірінші секірме. Саған секіргенін күт. вот сосын аңын шығар. ИМХО.
MERmukhanov
бықақақа)))) узбагойтесь ужы))
AKY
Диасқа неге секіріп жүрсің сонда айдаладағы? :*))
Масканың рахатына кіріп кетіп, забылся что ль? :*))
MERmukhanov
это безответный вопрос)))

Диас емес, басқа Алабай не Джонни болса да, осы сұрақ қойылмай ма? Кімге секірсем де, оған неге секіріп жүрсің деп…
AKY
Әзірге жалоба жасап отырған тек сол ғой енді :))
Әлде тағы біреулер бар ма ;)
MERmukhanov
короче, случайность қо )))))))))
басқалар бар… Риза болған жеңешелер, танысқанына мәз болған кісілер, оралманнан өзі сияқты оралман көріп сыр шерткісі келген кісілер...
Ваще переписканы қарап шығу керек екен бықақақа))
Gastarbaiter
менің орнымда кездейсоқ не адекватный псих мафиози

Неадекватный псих мафиозилерді кинодан ғана көрдім))) Әдетте адам не псих не мафиози болады.)))
DiasBisengali
Араларына үтір қойуылына мән бермеппін. Ренжеміңіз миллионер мырза)))
zholantai
ал, мен жаңа есім болғанын құп көрген едім. Мерей болып шыққанына өкініп те отырмын. Уж, ортада бар адамдардан емес, мүлдем жаңа есім болуы керек еді.
Gastarbaiter
Мерейді жекеде жақсы танисың ба, Жолантай?
zholantai
жекеде танымаймын, керекте, фейсте бар екенін білетінмін.
zholantai
Мерейді домбыра патиде Нұрғисамен айтысқан кезінде видеодан көрдім. Сөз саптасы норм адам екен деп ойлағанмын. Содан кейін, фейстегі, керектегі пікірталастарын байқап қалатынмын. Содан беріде тураралық кішігірім байқауда (3 мың теңгеден тастаған) жазған постын оқып, мықты екеніне көзім жетті. Ал, мына Бөрібай Бекарыс болып жазып жүрген Мерей болып шыққаны таңқалдырмады.
Мен жаңа есім күттім. Керекке, қазақ блогосферасына жарып кіріп келетін есім болса деген едім. Бөрібай Бекарыстың рас адам екеніне алғашында сеніп, кейіннен фейк екенін білсем де, фейктің артында тұрған адам бұрын мүлдем естімеген, танымайтын адам болса деп ойлайтынмын. Олай болмай шықты. Өкінішті.
Gastarbaiter
Шынымды айтсам, блогосфераны жаратын Бөрібай сен болуың керек еді. Өзің білетін себептермен ол ойымнан әзірге айни тұруға мәжбүр болдым. Қазірдің өзінде шолуларды шоуға айналдыратын, мотивация беріп, қолтыққа су бүрки алатын адам рөлінде Мерейден артық кандидат көрмей тұрмын.
Шолу жасау бейтаныс біреуді жұлдыз қылатын трамплин деп көрмедім. Ондай Мать Терезалық, альтруистік миссионерліктен адамын.
Көшеден келген біреу келіп өзін сынап көретін эксперимент деп те қарай алмадым. Аудитория қысымынан, тіс қаққан корифейлерден сескеніп қалмайтын, алда жалда ауыр сын естісе бұғып, ракушкасына қайта тығылып қалмайтын жігерлі адам болса екен дедім. Қателеспегеніме көзім жетті.
zholantai
Қателеспегеніме көзім жетті.
иә, өзің де таңқалып отырғаның байқалады
Ал, мен «Бөрібай Бекарыс» — сенің ойыңның жемісі" екенін бүгін осы сұқбаттан біліп отырмын. Мүлдем ойламаған едім.
Асқар үшінші кезеңде хабарласып, ұсыныс жасады. Базынасын айтты, әмір етті, қалай болғанда да «Жазуың керек!» деді.
Gastarbaiter
Дзендік похуистігің оянып, бетің бері қараған күні әуелгі блогерлік арыныңа қайта басатыныңа сенемін. Жазбаша сын есту кімге де неприятно, бірақ «самобичевание» деген бәле сияқты қауіпті емес, Жәнібек!
zholantai
осы Қытайда кириллица әріптерінің жазылу шрифті барлығынды бірдей, және быт-шыт көрінеді.
zholantai
Ал, qonyrbai нигімен келген Медет Жансановқа респект.
Жыл жаңалығы, өзің!
Бөрібай Бекарыс та сен болуың керек еді
MERmukhanov
Медяда потенциал ұрып тұрғанын, жаңа есім екенін миниблогиадада-ақ дәлелдеді ғой деймін :)
zholantai
миниблогиаданың фиаскомен аяқталғаны дұрыс болмад та бірақ,:)
Ispek92
Ештеңе етпейді, қайта мықты сабақ болды, потенциалы бар, түбі жарып шығады, ал миниблогиаданың әлі мыңы болады деп сенеміз)))
zholantai
потенция бәрінде бар © дейтін бе ед, мұндайда :)
Daniar-Alan
потенция бәрінде бар
ыхаха
Gastarbaiter
Камоон, гиві гай а брейк фор факс сейк!!!
ademi_alem
Бөрібай Бекарысты мен Медет деп ойлап келдім. )))))
zholantai
мен де әуелде ойлағанмын, кейін ол өзінің емес екенін айтты
Aidakonya
Қытайға кеттім! Барып келіп жатқандардың барлығы «Жыл сілкінісі» атанып жатыр))
Ispek92
Ооо, сені мұнда көрмегелі қанша болды?)) Қытайға не себеппен, жарыс па?
qonyrbai
Бұгім? ))
MERmukhanov
Аида деген қыз, гандболдан ұлттық құраманың ойыншысы
Arys_arlany
Бөрібайдың жазбаларын аяғына дейін оқуға төзімім жетпейтін. ӘКУдікіндей шықпайды ғой))))) Бірақ бұл есімнің артында Қоңырбай тұр деп топшылағам… Сөйтсем, бәрі түсінікті болды. Құпияның құпия қала бергені қызық, сериал сияқты ғой, соңы қалай аяқталар екен деген қызығушылық болады, ал бұл жерде, стратегиялық бағдарлама жеңіске жетіпті. Базар жоқ. Құпиялар ашылған сайын қызығушылық төмендей береді. Бәрібір Сатылбадының хард жазбаларына жетпейді екен. ФБ-дағы хард әдебиетті сағынатыным ғана өкінішті. Сатыбалдым бір төбе, сосын соооол адам бір төбе!!!
dark_nazgul
Йопдыгыг… Мен Гастаның өзі деп жүрмін ғой :v
merekeee
Мерей жап-жақсы, блогтарын оқимын енді )
Жазбаларды блогиада.кейзеттегі сілтемелер арқылы барып, оқып кететінмін. Ал, керекинфоға Бөрібайдың шолуларын оқу үшін келетінмін. Мерейді танымайтынымның арқасында бүгін менде бәрі дұрыс ))))
bazuka
Ақтөбе газетінен бірнеше рет көрдім, озат оқушы болдын ау дим. Ойылдың балдары пысық келеді екен)) Мааа фейстен білу демекші ашық ауыз болып айтып қоя жаздағаныма әлі ұялам))
MERmukhanov
Лібә, Конан-Дойлды айтуды қалай ұмытып кеттім… Интеллектуалдық оргазм беретін со кісі еді.
Ispek92
Со кісінің кітаптарының қазақша нұсқасын қайдан тапсам болады, сатып алар едім?)))
qonyrbai
Қосып қойдым король Артурды. :)
Ispek92
Бөрібайдан сұрайын дегенім, анау Adobe Premier Pro-ны қаншалықты меңгергенсің?
Marco
Сен осы сұрағыңды сәл монтаж жасаған адамның бәріне қоятын сияқтысың. Жауабы үшеу-ақ сияқты: нәщщәр, норм, пезнес. Сен қайсысың?
Ispek92
Маған жәй жақсы(нормнан жоғары) білетін адам керек, кей түсінбеген жерімді сұру үшін. Кейде гуглдің орысша айтқанын түсінбей қаламын)))