Болашақ жарыма

Болашақ жарыма хат

Болғанда жасым менің жиырма бесте,
Қоямыз қыдырысты күнде кешке,
Отау құрып үйімде жатамыз ғой,
Жұбайлардың қызығы түнде емес пе?!

Таң атқанда қуырып жұмыртқаны,
Ролтондарды боламын ұмытқалы.
Сенің шайын – балымен Өскеменнің,
Редбул, дизи – бәрі де құлыпталды.

Сен мен үшін бәрінен ибалысын,
Тоғыз аймен бітпейді қиналысым,
Тоқсан досым менсіз-ақ қыдырады,
Сенбілерді болмайды жиналысым.

Қариядан кезіксек бата аламыз,
Астананың төрінен хата аламыз.
Өз үйіміз ордамыз екеуміздің,
Кейде ренжіп дауысты қата аламыз.

Шайдес болад ай сайын ата-анамыз,
«Немерелі болайық» — дат аламыз.
Жиырма миллион қазақтың ең бірінші
Ата-анасы екеуміз атанамыз.

Береміз ғой футболға, «араласқа»,
Ісімізге осы бір араласпа!
«Анасының баласы» болмайды ол,
Тең болады арқалық бар алашқа!

Осындай ғой ертеңге жоспарымыз,
Қосылады біздерге достарымыз.
Кезікпестен қай жақта жүрсін бұл күн,
Өзге бар дейд ағайлар қоспағымыз.
©Ернар Сейтахмет
Әрі қарай

Мені бақыт аспанына көтердің

Бөлек менде сен дегенде шығар жан,
Жалт еткенде тайып беріп қылаң ой.
Әр демімді ішке жұтып шығарған
Сәттерімде сені ойлап тұрам ғой!

Сенің сыңар аққу құсың мен деп біл,
Сені іздеп шарқ ұратын тараптан.
Тәңсәріде шырқау көктен мен деп біл,
Жанып-күйіп, өліп-өшіп баратқан.

Шырқалып боп көкіректің қанша әні,
Жанарымды суалдырып жылап боп.
Терезеңнің алдындағы таңсәрі
Сөніп бара жаттым түнгі шырақ боп.

Құйқылжыта ән салатын бағыңда,
Бұлбұлыңмын жаңылмайтын ырғақтан.
Сары гүлді аралайтын сағына,
Ол мен едім көбелек боп зыр қаққан.

Кейде күліп, кейде дегбір қашты да,
Күн түлетті, түн сөндірді неше үміт?!
Сенің жұмсақ табаныңның астына
Көк майса боп жатқан менмін төселіп.

Жырым — Жайық, Есіл менің өлеңім,
Өзің барда бекер қайғы, шекер мұң!
Шексіз, шетсіз қуанышқа бөледің,
Мені бақыт аспанына көтердің!

Керім желдей кербездене өбейін,
Алыс па екен құшағыңды сезер күн?!
Шерге толып көкірегім, көмейім,
Сені ойлап шөліркедім, кезердім.

Мен болайын жанарыңның ішінде,
Көрші мені, мені ғана байқашы!
Енсем етті тағы, тағы түсіңе,
Кірпіктерің кеткенінде айқасып!

Ақсұлу Сүттібай
Әрі қарай

Сені аямай құшақтағым келеді!

Әкетпесе мені ертіп жыр−әлем,
Сенің әлі шырағың боп тұрар ем!
Күнің болып, күншығыстан
шығар ем,
Дегеніңді екі етпей қылар ем.

Ақ сүтіңді еміп сенің мына мен,
Қойыныңнан шыққан шұбар
жылан ем!
Әуеніңе төңкерілмей, тыңдамай,
Өлең жазып кеткеніме кінәлі ем!

Делқұлымын, емеспін мен сірә, сау,
Неткен ұят сенен кешірім сұрамау?!
Ауыл жақтан үйірілген қап-қара
Қошқыл бұлттар менің күнәм
шығар-ау!

Жарық көріп, сені алғаш танығам,
Жақсы көрем, баяғыдай сағынам.
Жүрмін қазір, жетім бұлбұл секілді
Қалыс қалған, аласталған бағынан.

Мені әкеткен ақын күннің өлеңі,
Жүрегіме жырдың гүлін егеді.
Бірақ та мен үйге барған кезімде,
Сені аямай құшақтағым келеді!

Кешірші мені!
Әрі қарай

Қаңтардың қар желі еседі... ("Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" к/ф-інен)


Пенденің дейтұғын
дөңгелек Жерді үйім,
Сүйгенін табуы —
мәселе ең қиын.
Жердің тек білгені —
тоқтаусыз айналу,
Оңай ма, оңай ма
Ғашық боп қалу?

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Сезімге тағы бір
қиындық бар қарсы:
Тапқан соң боп шықса
алдамшы, алдамшы?!
Жалғанын табасың,
Шатасқан бір күні
оңай ма, оңай ма
анықтау мұны?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Бір жақта жүрекжар
махаббат бар маған,
Мәңгілік,
ешкім де қайталай алмаған.
Көптен оны іздедім,
Күндерде зулаған
оңай ма, оңай ма
кезігу оған?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң таппайды
ешқашан, ешқашан,
Содан соң ешқашан таппайды.

пы.сы. Пост-түпнұсқа мен жеке орындаулардан өздеріңіз ұнағанын таңдап аларсыздар. 8-) *Angel*





Әрі қарай

Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл»

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл»
Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл». Жүлде – 1 миллион теңге!!!

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, қазақ көшінің басталғанының 25 жылдығы сынды ірі оқиғалардың қатарында қазақтың Ұлт азаттық күресінде басын берген баһадүр, Алаш үшін құрбан болған қайраткерлердің бірі Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл.

Осындай мерейлі мерекелермен тұспа-тұс келіп отырған Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы 11 мемлекетте аталып өтіліп, халықаралық дәрежеде тойлануда. Осыған орай «Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасының» шешімімен шығармашылық бәйге ұйымдастырылып отыр.

Мақалалар бәйгесі:
Бас жүлде(біреу) 500 мың теңге
Бірінші орын (біреу)
Екінші орын(екеу)
Үшінші орын(үшеу)
Арнайы жүлде(бесеу)

Жыр мүшәйрасы:
Бас жүлде (біреу) 500 мың теңге
Бірінші орын (біреу)
Екінші орын(екеу)
Үшінші орын(үшеу)
Арнайы жүлде(бесеу)
Бәйге шарттары:

1. Шығармалар мазмұнына шектеу қойылмайды. Ең бастысы, шығарма Тәуелсіздіктің тарғалаң жолы мен қадір-қасиетін және «Зуқа батыр Сәбитұлы сынды Алаш ардақтыларының күресі мен тағдырын» арқау етуі тиіс. Шығарма мазмұны — Қазақ жұртының ертеден бүгінге дейінгі тарихи шындығы жөнінде болғаны, береке мен бірлікті, әділеттілік пен имандылықты дәріптеген, халқы жолында басын берген Алаштың ардақты ұлдарының күрескерлік рухы мен патриоттық сезімдерін жырлағаны құп.

2. Шығарма осы жылдың 10 маусымына дейін баспасөзде не сайтта жариялануы керек. Автордың суреті мен жаряланған баспасөздің суретке түсірілген нұсқасы (газет-журналдар үшін жарияланған сан нөмірі мен ай-күні толық жазылуы керек) немесе электрондық баспасөздегі сілтемесі қоса жолданғаны дұрыс. Егер жарияланбаған болса Ұйымдастыру алқасы жариялайтын болады. Нәтижесі 14-15 маусымда жаряланады.

3. Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн. Құнды тарихи материалдар көлеміне шектеу қойылмайды.

Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс: zukabatyr150@gmail.com, beis.kz@gmail.com,; WeChat ID: zukabatyr; WhatsApp: 87072696099;
Байланыс телефондары: +7 702 281 76 39, +7 701 618 99 90
Мекенжайы: Астана, Тәуелсіздік к-сы, 45/1

Ұйымдастырушы: Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі, Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, «Зуқа батыр Сәбитұлы қоры» ҚҚ, Астана шипажайы(Қайрат Айдархан), «Жас-Ай» медициналық орталығы(Жасан Зекейұлы), «Өтейбойдақ» клиникасы( Ерболат Арбижан).
Әрі қарай

Иосиф Бродский. "Натюрморт"

Verra la morte e avra i tuoi occhi
C. Pavese

Ажал келер, онда
сенің көзің болар
Ч. Павезе


1
Айналадағы адам,
заттар көзге ауыр.
Бұдан гөрі маған
түнек өмір тәуір.

Орындықта, саябақта
отырмын қарай қалып
отбасы өткен жаққа.
Зықымды алды жарық.

Күнтізбе қыс түсті деп
тұр. Қаңтар ай ғой мынау.
Жалықтырса түнек,
cонда сайраймын-ау.

2
Болды. Бір көрейін
бірдеңені сынап.
Жақсы, үндемейін.
Сөйлеген жөн бірақ.

Не жайлы? Күн? Түн?
Жөн бе түк демесім?
Заттар жайлы, мүмкін?
Заттар, адам емесі

анық. Олар өлмек.
Бәрі. Өлем мен де.
Бұл еш мәнсіз еңбек.
Жазғандай желге.

3
Қаным суық сондай.
Түбіне дейін қатқан
өзеннен де зордай.
Адам қайбір жаққан?

Оңбай қалған түр.
Бетте фәниден
қалай да әйтеуір
кетпеспін деген рең.

Жүздерінен сен де
бір кілтипан аңғар.
Әйтеуір біреуге
жағымпазданғандар.

4
Заттар жағад. Көрсең –
бір жаман, не күшті
емес. Егер енсең –
ағзасы бар ішкі.

Іші толы шаңға.
Ағаш құрты. Тозаң.
Қу көбелек – жарда.
Ұстауға жоқ мазам.

Шаң. Тек шаңды ғана
нұрға бөлер жарық.
Болса да ол зат ауа
кірмейтіндей жабық.

5
Ескі буфет сырты
және ішінің, әрине,
ұқсап тұр ғой тұрқы
Нотр Дам де Париге.

Қойнауы қараңғы.
Швабра, епитрохилің
сүрте алмайды-ау шаңды.
Затқа тіпті мейлің,

Қиналмайды жаны
кете ме деп шаңы.
Себебі, шаң – тәні
уақыттың; тәні һәм қаны.

6
Соңғы кезде жүрмін
тапа тал түсте қалғып.
Шамасы, ажал құрбым
сынаумен жүр аңдып.

Айнаға дем алдым.
Жүрмін қалай шыдап –
жалғанда осы бармын,
өмірде жоқпын бірақ?

Қимылсызбын. Соры –
мұздай қос жамбас.
Көктамырдың көгі
құдды мәрмәр тас.

7
Тосын дүние – зат қой,
сан қыры арқылы.
Сөздердің оған жат қой
әлемдік тәртібі.

Тыншымас өріс қып,
не қозғалмас мүлдем.
Жалған. Ол – кеңістік,
онсыз дүние – бір кем.

Құлат, қират, сындыр,
лақтыр, өртеп күл ет.
Сөкпейді ол: «Құрғыр,
тап әкеңді!»-деп.

8
Ағаш. Көлеңке. Ағаш
тамырын жапқан топырақ.
Вензельдердей қораш.
Саз. Тастақ атырап.

Тамыр. Шырмалған.
Тастың зор салмағы,
кәдік бұл бұғаудан
босатып алмағы.

Қозғалтып көр. Шамаң
келмес оған анық.
Көлеңке. Ондағы адам — *
тордағы бір балық.

9
Зат. Затта қоңыр рең.
Сұлба өшіп жатыр дөп.
Ымырт. Жоқ көрінген
дәнеңе. Натюрморт.

Ажал дәл келер де
жылтыр тән табылып.
Келгені денеңде
әйелдей шағылып.

Шалғы. Бас сүйек. Қаңқа.
Абсурд, жалған олар.
Ажал келер, онда
сенің көзің болар.

10
Шешесі айтты Христке:
— Ұлсың ба, әлде маған
Хақсың ба? Қақты-ау крестке.
Үйге қайтіп барам?

Қалайша кіре алдым
есіктен ұқпай оны:
ұлымсың ба, әлде Раббым?
Тірісің бе, әлде өлі?

Жауап берді ол: — Мұның
дауы жоқ. Өлі-тірі,
Құдайың, әлде ұлың,
сенікімін ғой түбі.


Әрі қарай

Ақын болғым келмейді...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Ақын болғым келмейді...
Ақын болғым келмейді, өлеңім бар,
Өлеңім бар, қажетті көлемін ал,
Адам болғым келеді, адам болғым,
Бұл жалғанға бір-ақ рет келемін-ау.

Арам болғым келмейді-ау, ұятым бар,
Кетсін әрмен отқа май құятындар,
Мен өлгенде тәнімді жерге көміп,
Қу дүние-ай, сый қылып ұятымды ал.

Бастық шықпас, болмаймын, бата алмаймын,
Мүдделесті «бақ» үшін сата алмаймын,
Кішілермен қырлысып қырық пышақ,
Үлкендердің «астына жата алмаймын».

Болса дағы жүрегі мейірімді,
Дәрігердің, байқасақ, күйі мұңды,
Сынған қолға ағаш сап, түзетсемде,
Жинай алман, өлген жан, киіміңді.

Өмірінде көрмеген жоқ саласы,
Журналистер қоғамның бейшарасы.
Көз алдында халықтың қорғаны ол,
Қолындағы биіктің гитарасы.

Кейін қарай, ей көңіл, тартасыңба.
Жоғалмаған қадір бар әр тасыңда.
Дүниенің халыққа бақ болуы,
Дөңгелеткен адамның арқасында
©Ернар Сейтахмет
Әрі қарай

Көктем - ана!

Босанғандай бұтақтарым бүр жарды

Қолын бұлғап тал шақырды құстарды

Тіршіліктің белгісі ғой

Оянды

Көктем — ана қолда деді ұшқанды

Сәукелесін киіп алды сарғалдақ

Қыр төсінде қызғалдақтар ән салмақ

Қиыршық құм жел қуалап күлгенде

Ауыл дедім көктен түсіп қалған бақ

Жер көрпесін имене ашты шөп керім

Көрді күннің қақ маңдайдан өпкенін

Күн құшады қара жерді жұмақ деп,

Жер елжіреп дем бердің дер көктегі үн.

Сай-салалар бозбаладай тебіскен

Жүгіргендей мал қайтқанда өрістен

Таудан аққан апам сынды сол өзен

Қолындағы бармен елмен бөліскен

Бұлт – тостақтан шашу шашты аспан да,

Домбыра үні шықты жерді басқанда

Үйіп едік, жылтырынан жинап ап

Көктеммін деп жазу жазды тастар да.

Балалықтың иісіндей таң лебі

Бұл ғұмырым, ғұмыр емес бал ма еді

Әр тал шашым раушан болып гүлдеп тұр

Көктем-ана, құшағыңа ал мені.

Жұлдыз БЕЙСЕК
Әрі қарай

Қазақ қызына хат (с) Абылай Шаймерденұлы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.
Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.

Бір сөз айтам тындашы тыйып жолдан,
Жел сөз деме құрайтын жиып колдан.
Бабаларың кезінен әлімсақтан,
Қазақ қызы басқадан биік болған.

Көрдім бүгін сол қызды бізге қалған,
Ашық балтыр… Тосырқау күйде қалғам.
Сұлу ең ғой қос етек көйлегіңмен,
Ендігіде шашбауың бізге арман.

Ашық жатыр омырау даладайын,
Бере көргін о құдай сана дәйім.
Ызалана күлкімен көзді жұмдым,
Көз ғой саған керегі? Қарамайын!

Әркім көрер арзанның керегі не,
Саймын деме серінің тілегіне,
Қос өмірлік серігің керек болса,
Ғашық еткін серіні жүрегіңе.

Жаңа ғасыр адамы деп келтіріпсің,
Ойсыз болса не құны бар сөзіңнен.
Сурет салып бояуды өлтіріпсің,
Ұят іздеп таба алмадым көзіңнен.

Бәрін қылар салоныңа барғаныңда,
Ұятты да салдырып алмадың ба,
Сұралатын нәрсе ғой білмейсің ау,
Қыл көпірде тек өзің қалғаныңда…
Әрі қарай