Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл»

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл»
Шығармашылық бәйге: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл». Жүлде – 1 миллион теңге!!!

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, қазақ көшінің басталғанының 25 жылдығы сынды ірі оқиғалардың қатарында қазақтың Ұлт азаттық күресінде басын берген баһадүр, Алаш үшін құрбан болған қайраткерлердің бірі Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл.

Осындай мерейлі мерекелермен тұспа-тұс келіп отырған Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы 11 мемлекетте аталып өтіліп, халықаралық дәрежеде тойлануда. Осыған орай «Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасының» шешімімен шығармашылық бәйге ұйымдастырылып отыр.

Мақалалар бәйгесі:
Бас жүлде(біреу) 500 мың теңге
Бірінші орын (біреу)
Екінші орын(екеу)
Үшінші орын(үшеу)
Арнайы жүлде(бесеу)

Жыр мүшәйрасы:
Бас жүлде (біреу) 500 мың теңге
Бірінші орын (біреу)
Екінші орын(екеу)
Үшінші орын(үшеу)
Арнайы жүлде(бесеу)
Бәйге шарттары:

1. Шығармалар мазмұнына шектеу қойылмайды. Ең бастысы, шығарма Тәуелсіздіктің тарғалаң жолы мен қадір-қасиетін және «Зуқа батыр Сәбитұлы сынды Алаш ардақтыларының күресі мен тағдырын» арқау етуі тиіс. Шығарма мазмұны — Қазақ жұртының ертеден бүгінге дейінгі тарихи шындығы жөнінде болғаны, береке мен бірлікті, әділеттілік пен имандылықты дәріптеген, халқы жолында басын берген Алаштың ардақты ұлдарының күрескерлік рухы мен патриоттық сезімдерін жырлағаны құп.

2. Шығарма осы жылдың 10 маусымына дейін баспасөзде не сайтта жариялануы керек. Автордың суреті мен жаряланған баспасөздің суретке түсірілген нұсқасы (газет-журналдар үшін жарияланған сан нөмірі мен ай-күні толық жазылуы керек) немесе электрондық баспасөздегі сілтемесі қоса жолданғаны дұрыс. Егер жарияланбаған болса Ұйымдастыру алқасы жариялайтын болады. Нәтижесі 14-15 маусымда жаряланады.

3. Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн. Құнды тарихи материалдар көлеміне шектеу қойылмайды.

Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс: zukabatyr150@gmail.com, beis.kz@gmail.com,; WeChat ID: zukabatyr; WhatsApp: 87072696099;
Байланыс телефондары: +7 702 281 76 39, +7 701 618 99 90
Мекенжайы: Астана, Тәуелсіздік к-сы, 45/1

Ұйымдастырушы: Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі, Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқасы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, «Зуқа батыр Сәбитұлы қоры» ҚҚ, Астана шипажайы(Қайрат Айдархан), «Жас-Ай» медициналық орталығы(Жасан Зекейұлы), «Өтейбойдақ» клиникасы( Ерболат Арбижан).
Бөлісу:

8 пікір

zholantai
Өтейбойдақ клиникасы деген немен айналысады?
asaubota
түсінгенімше ұйымдастырушылар Қытайдан келген оралман кәсіпкерлер. Зуқа батыр да сол аймақтың батыры болса керек
zholantai
Өтейбойдақ мені қызықтыратын тұлға. Бұ кісі вакцина туралы жазған ғо. Точнее шешек ауруына қарсы вакцина егу туралы.
asaubota
Қытай медицинасымен айналысатын фирмалар шығар
zholantai
Зуқа батырдың түрі Шәкәрім Құдайбердіұлынан аумайд *lol**lol**lol**lol*
MeihuaZheng
конкурсқа жазбалар түсіп жатыр ма екен…
asaubota
көп түседі деп ойлаймын. мұндай тақырыптарда жазатындар шынымен көп
ken
Жарияланған шығармалардың тізімін қайдан көрем? Жалпы бәйгенің нәтижесі қандай?