"Белка" ойыны.

Арқа өңірінде ойналатын карта ойыны. Ойынға жетіліктен басталған санды карталар және дама, кароль, валеттер кіреді. 4 валеттің мысы бәрінен басым. Креш валетӘбіләкімнің  ауылы: Белка ойыны.(бізде осылай аталады) кімнен шықса көзір сол адамнан.Әбіләкімнің  ауылы: Белка ойыны.Бір-біріне қарама-қарсы отырған ойыншылар өзара жұп құрайды.Сәйкесінше қарға валеті екінші мықты, черв валеті 3-ші, 4-ші валет боб.1-ші ойында «первый валет» шыққан ойыншыдан көзір креш болады, оның жұбына келген кезде қарға, креш валет шыққан ойыншының оң жағындағы қарсыласынан шықса черв, сол жағындағыдан шықса боб болады. Ойын сағат тілі бағытымен ойналынады.Ең бірінші таратылып ойналынғанда бірінші валет кімге келседе айтылмайды.Жасырын ойналады.Сондықтанда бірінші ойында көзір креш болады. 4 валеттен кейінгі мықтылар тұздар, ондықтар, каролдер, дамылар және анау ұсақ түйектер саны бойынша. Ұпай былай есептеледі: тұз-11 ұпай, ондық-10, кароль-4, дама-3, валет-2 қалғандары сансыз ойындар. Кімнің ұпайы 60тан асады сол жеңеді.егер көзір өздерінен болса алтылықтарды 1 ашады, қарсыластан болса екі ашады.Мынандай жағдайлар болады, қарсыластар 30 ұпай ала алмай қалса ұтқан жұп көзір өздерінен болса екі ашады, қарсылас жұптан болса 3 ашады. егер бір жұп еш ұпайсыз қалса мұны ойын тілінде «көли» дейді, яғни жалаңаш қалу.Бұндай жағдайда алтылық ашылмайды.Егер ұпай 60 та алпыс болса қайта ойналынады.Көзір кімнен екеніне қарамай жеңгендер 4рет ашады алтылықты.

Алтылықтардың ашылуы: Алтылықтар қарға мен креш және черв пен боб болып бөлінеді. әр алтылықта алты таңба бар ғой. Бір таңбаны ашу бір ашу, екі таңбаны ашу екі ашу т.с.с.Осылайша алтылықтың алты белгісі ашылғанда (бір біріне қарама қарсы жатқан алтылықтар) шалқасымен ашылып (бетіндегі алтылық) астындағы картаның алты белгісін тағы ашамыз.Шалқа біткен кезде ойында бітеді.

Ойын масттар арқылы жүріледі ғой. Қарсыласқа сансызын өз жағыңа санды ойынды беруге тырысасың. егер ол масть сенде болмаса көзірмен ұрып аласың.Көзірдің жетілігі ойын мастінің тұзында ұрып әкете алады. Көзірлер 4 валет бастаған масть қарталары.
Ойын басталғанда әр адамда 8 картадан болу керек. Картаны таратқанда оң жағыңдағы қарсыласыңа көтертіп( алдымен араластырып аласыз, ол картаны екіге бөліп көтеріп тастайды, бұл өздеріне ыңғайлы болу үшін картаны тізіп қоюдан сақтану үшін)сол жағыңдағы ойншыдан бастап екі екіден таратасың. Екінші ойыннан бастап «Көзір сұрасады» Қарға десе қарға, черв десе червтің мысы басым. Айта кеткенімдей первый валетке байланысты көзірдің ауысуы.Қатарынан бір адамнан шыға берсе көзір де қайталана береді. Практикада ойнамай былайша үйрену қиын.Бас керек, есептеу керек.
Әрі қарай

Жұмыстағы махаббат


Кеше кеште үйде бір киноны іздеп отырып, «Служебный роман» дискісіне көзім түсті. Тағы да көргім келіп кетті. Оны байқаған кемпірім де: «Шай қояйын ба?» деді. Әдетте, екеуміз осындай отбасыға арналған киноларды ноутбукпен жерге жатып, жерге журнал төсеп, үстіне бір бокал шай мен тәттілер қойып, рахаттанып қарайтынбыз. Қазір де сондай «романтикалық» жатыстың болатынын болжап сұраған түрі.
Әр көрген сайын бірінші рет көргендей сезім береді бұндай кинолар. Шаттана күліп, әртістермен бірге ойнап жүргендей немесе керісінше экран ішіндегі адамдар қасыңда жүргендей реал күй кешесің.
Осындай кештер күндізгі қауырт тірліктен кейін кәдімгідей демалыс сыйлайды. Тынығып, өмірге құштарлығың қайта оянып, онымен қоса кемпіріңе сезімдерің қайтадан ашылып, бір рақат көңіл-күймен ұйықтайсың. Таңертеңгі ит тірлік пен жұмыстағы тігілістер есіңнен шығып кетеді. Күчт.
Әрі қарай

Ештеңе

Ештеңе бітірген жоқпын. Кеше, оның алдыңғы күні де, бұтақтың басын да сындырған жоқпын. Бұдан, «бәлкім ертең бірдеңе жасайтын шығар» деген болжам жасауға әсте болмайды. Ертең де ештеңе істемейм, арғыкүнге де жоспар жоқ. Ендеше бұл — осы қауымдастықтағы алқашқы және соңғы жазбам екенін шырамытып тұрған шығарсыңдар, тәлібтер кілең.
Әрі қарай

Беременна әйел

Таңертең жұмысқа шықсам, дала аппақ қар, қайтадан аяз тұрыпты. Кеше алдымен жаңбыр, сосын қар аралас жаңбыр, содан кейін қар жауған еді. Ауа-райы да Қазақстанның қазіргі ахуалына пародия жасап, мазақтап кеткен сияқты — әйтеуір бардак пен бәрібіризм нышандарын байқадым табиғаттан.

Очм, не бастарыңды ауыртайын, күртік қарға тайғанақтап (қардың асты мұз еді), аялдамаға да жеттім. Аптауыз кешігіп жатыр, халық біршама жиналып қалыпты. Такси ұстауға бел будым. Қырсыққанда ешкім тоқтамады. Сөйтіп тұрғанда ырғалаңдап аптауызым да келіп жетті. Есік ашылысымен жыртылған қаптан төгілген бидайдай адамдар сыртқа шашылды. Әрең дегенде қыстырылып мініп, лықа толған студенттерді іштей боқтап келе жаттым. Үнемі осы, аптауыздағы халықтың 90 пайызы студенттер. "Қазір каникул кезі болса рақаттанып келе жататын едім қыстырылмай" деп армандап қоям іштей.

Осындайда адамдар да ұрысқақ келеді ғой. Бір-бірін сөзбен ұрып, болмашы нәрсеге ашуланған адамдарды көріп көңілің де көтеріліп қалады екен. Қазір де соған ұқсас жағдай. Аптауыздың түп жағынан бір топ адам шығуға дайындалып, бірақ есіктің алдына жете алмай тұр. Ешкім ығысқысы келмейді, ығысар-ау, орын жоқ. Содан, әйтеуір жартасқа өрмелегендей күй кешіп, әлгі түсетін адамдар біртіндеп жақындап келеді есік алдына. Есік алдында бір топ адам үймелеп тұрғанбыз, сол жерге келгенде жаңағы жолаушылардың жүйкелері сыр бере бастады.

— Шығасыңдар ма? Шықпасаңдар, бізді өткізіп жіберіңдерш — дейді әлгілер. Мен айналама қараймын. Орын ауыстырып ығысатындай жер жоқ. Барлығы қыстырылып, әрең сыйып тұр.
Әлгі қыз-келіншектер қақылдай бастады: "Өткізіп жіберіңдерш!"
Біреуі тіпті халықтың аянышын туғызғысы келген сияқты:
— Мына жерде беременна әйел шыға алмай тұр. Өткізіп жіберіңдер!

Бұл жерде енді мені күлкі қысты. Шыдай алмай: «Беременна әйел» деп айқайлап күліп жібердім. Төңіректегілер де «мырс-мырс» дыбыстар шығарып жатыр.

Қазақтарға әлі де тұтас қоғам болуға ерте екеніне көз жеткізіп, тиісті аялдамадан түсіп қалдым.
Әрі қарай

Сабақ жоқ күн )

Бүгін бізге сабақ жоқ) Әр аптаның сәрсенбісі -демалыс. Осыны пайдаланып, түске дейін ұйықтадым :)))
Бәлен сағат ұйықтағанымды қайтейін, неше түрлі түстер көріп ұйқым жөнді қанбады. Бір құрбымның «Адамның ұйқысының қанбауы-түс көруінен» дегені рас-ау деп қалам осындайда :)))
Сағат екіде факультетте Дидар Амантайдың кітабының тұсаукесері болады дегенді естіп рухани байлық алып қайтайын деп корпусқа қарай тарттым. Барынша жақсы өтті. Дегенмен, кемшіліксіз кеш болған ба, Мейіржанның сынын естігенде(оқығанда) «Баяндама жаса» дегенде, жасамағаным дұрыс шешім болған екен деп ойладым.
Әйтіп-бүйтіп жүргенде қараңғылық та жер-әлемді қымтап үлгерді. Зымырандай зымыраған уақыт десеңші…
Айтпақшы, бір-екі сағат бұрын Теріскей мен Қарасақал ҚазҰУ-дің жанынан өтіп бара жатып соғып кетті. Ол екеуінің жерлес екендерін білмеппін:)))
Әрі қарай

Онлайн медиа жасай ғой...

Розатайдың блогынан алынған сурет
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.

Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.

Бірінші жобаның тақырыбы «Онлайн медиа құру байқауы» деп аталса, екіншісі «Интернетті қолдану мен дамытуды ынталандыратын жобаларды жүзеге асыру байқауы» деп аталады (орысша берілген екен, дәл аудара алмаған сияқтымын).
Әрі қарай

Блогкамп хақында...

Құрылтай жақындап келеді, сол себепті де, Алматыдан өзге қаладан(облыстан, мемлекеттен, т.б.) келуге келісім блдірген азамат-азаматшалардың жатын орнын анықтап алғымыз келеді. Алматыда қонатын, қалатын жайы барлары мен жоқтары үн қатсын! Біздер мұнда жатын орын қарастырып жатырмыз. Осы сәтке дейін 2-3 жерді қарадық, сөйлестік, болмады. Бірісі өте қымбат болса, кейбіреуінің жатын-жағдайына көңіл толмады. Енді бұйыртса, бүгін 2мектеп-интернаттың жатақханасымен сөйлесеміз, соған керек мәліметтерді сізден алғымыз келеді, достар!

Барлық қатысушыларға қонақ үйден орын қарастыруға тырысып жатырмыз (3 түн, 2 күнге ең кемі 35700 теңге. Одан арзанын да іздеп жатырмыз. Бірақ ертерек бронь жасау керек). Тапқандарға хабар береміз. Десе де төмендегідей ұсыныстар бар.

1. Бірнеше адам бірігіп тұрамын десе, Алматыдан пәтер қарастыра аламыз. Күні бұрын хабарын беріңіздер.
2. Сонымен қатар №2 мектептің жатақханасымен келісуге болады (күніне 2000 теңге). Бірақ адам санын оларға ертерек айту керек.
3. Презентация жасайтын кейбір қатысушыларға (әсіресе, шетелден келетін :) ) арнайы қонақ үйді қарастырып жатырмыз.
3. Кейбір алматылықтар өз үйлеріне қонақ қылдара алады :)

Қосымша сұрақтарыңызды біз бейбаққа meyirbek[айқұлақ]ceravit[нүкте].com) жолдай аласыздар…
Әрі қарай

Ит адамның досы ғой, талас бар ма...

Әбіләкімнің  ауылы: Ит адамның досы ғой, талас бар ма...
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. сол ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. кзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Әрі қарай

Нағашыңмен қалайсың?!

Жігіттің үш жұртының бірі осы нағашы жұрты. «Жігіт жақсысы нағашыдан» деп айтып жатамыз. Бірақ үйге келген қонақтар «Балаң нағашысына тартқан ба?» десе намыстанамыз. Баламыздың жаман қылығын көрсек «Нағашысына тартқан жаман неме!»деп сөгеміз. Сіз өз нағашыңызбен қалайсыз, балаңыз ше?
Әрі қарай