"Белка" ойыны.

Арқа өңірінде ойналатын карта ойыны. Ойынға жетіліктен басталған санды карталар және дама, кароль, валеттер кіреді. 4 валеттің мысы бәрінен басым. Креш валетӘбіләкімнің  ауылы: Белка ойыны.(бізде осылай аталады) кімнен шықса көзір сол адамнан.Әбіләкімнің  ауылы: Белка ойыны.Бір-біріне қарама-қарсы отырған ойыншылар өзара жұп құрайды.Сәйкесінше қарға валеті екінші мықты, черв валеті 3-ші, 4-ші валет боб.1-ші ойында «первый валет» шыққан ойыншыдан көзір креш болады, оның жұбына келген кезде қарға, креш валет шыққан ойыншының оң жағындағы қарсыласынан шықса черв, сол жағындағыдан шықса боб болады. Ойын сағат тілі бағытымен ойналынады.Ең бірінші таратылып ойналынғанда бірінші валет кімге келседе айтылмайды.Жасырын ойналады.Сондықтанда бірінші ойында көзір креш болады. 4 валеттен кейінгі мықтылар тұздар, ондықтар, каролдер, дамылар және анау ұсақ түйектер саны бойынша. Ұпай былай есептеледі: тұз-11 ұпай, ондық-10, кароль-4, дама-3, валет-2 қалғандары сансыз ойындар. Кімнің ұпайы 60тан асады сол жеңеді.егер көзір өздерінен болса алтылықтарды 1 ашады, қарсыластан болса екі ашады.Мынандай жағдайлар болады, қарсыластар 30 ұпай ала алмай қалса ұтқан жұп көзір өздерінен болса екі ашады, қарсылас жұптан болса 3 ашады. егер бір жұп еш ұпайсыз қалса мұны ойын тілінде «көли» дейді, яғни жалаңаш қалу.Бұндай жағдайда алтылық ашылмайды.Егер ұпай 60 та алпыс болса қайта ойналынады.Көзір кімнен екеніне қарамай жеңгендер 4рет ашады алтылықты.

Алтылықтардың ашылуы: Алтылықтар қарға мен креш және черв пен боб болып бөлінеді. әр алтылықта алты таңба бар ғой. Бір таңбаны ашу бір ашу, екі таңбаны ашу екі ашу т.с.с.Осылайша алтылықтың алты белгісі ашылғанда (бір біріне қарама қарсы жатқан алтылықтар) шалқасымен ашылып (бетіндегі алтылық) астындағы картаның алты белгісін тағы ашамыз.Шалқа біткен кезде ойында бітеді.

Ойын масттар арқылы жүріледі ғой. Қарсыласқа сансызын өз жағыңа санды ойынды беруге тырысасың. егер ол масть сенде болмаса көзірмен ұрып аласың.Көзірдің жетілігі ойын мастінің тұзында ұрып әкете алады. Көзірлер 4 валет бастаған масть қарталары.
Ойын басталғанда әр адамда 8 картадан болу керек. Картаны таратқанда оң жағыңдағы қарсыласыңа көтертіп( алдымен араластырып аласыз, ол картаны екіге бөліп көтеріп тастайды, бұл өздеріне ыңғайлы болу үшін картаны тізіп қоюдан сақтану үшін)сол жағыңдағы ойншыдан бастап екі екіден таратасың. Екінші ойыннан бастап «Көзір сұрасады» Қарға десе қарға, черв десе червтің мысы басым. Айта кеткенімдей первый валетке байланысты көзірдің ауысуы.Қатарынан бір адамнан шыға берсе көзір де қайталана береді. Практикада ойнамай былайша үйрену қиын.Бас керек, есептеу керек.
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
осыны біздің вахтада вахтерлар мен водительдер күнде ойнайды. үйренем деп жүрмін мен де, уақыт болмай жүр
Abilakim
жақсы ойын, блогкэмпте презентация жасайын ба?
TERISKEI
жақсы болар еді,ӘБЕКЕ!
sammita
Теріскей, ләңгі туралы презентация жасайсың ба, черновик нұсқадағы ойыңды естіп қап ем:))
sammita
www.durbetsel.ru/2_belka.htm
осы ойын ба?
Abilakim
тура өзі)))таппайтының жоқ-ау…
Zilola
ойбуй бізде бұны күзірайт дит, не мағына екенін білмедім, бірәқ ақша тігетін ажаптауыр абыройлы ойынның бірі.
Кезінде, жаздың күні асобенны, іш пысқанда ойнаушы ек, сосын ақшаның орнына жеңілгендер желание орындайтын
TERISKEI
ааа, күзірайт па? білем ғо оны… Алайда мына жоғарыда айтылғандары аздап ұқсаңқырамаған еді:)
Zilola
6-лықты ашады деген соң сол ма деп қалдм :)
Abilakim
«солай денің» шайханасында ма әлде Жастардың шайханасында ма есімде жоқ, осы ойынды айтып қуып едік қой.Қалдоқ, барсың сен сол кезде
sammita
еее есіме енді түсті, ия, көзірайт дейді.
Abilakim
көзір кімде, соны айтыңдар деген сөз ғой.Қарағанды жаққа шахталар ашқан ағылшындардан келіпті деген сөз бар бұл ойын жайлы.
TERISKEI
жоғарыдағыларды оқып ем, түсінуге қиындау екен, тек ойнап көрсең ғана түсінетін секілдісің ғой деймін.
Abilakim
Әрине ойнап көрмесе қиын