Қыдырәлі Гольдман. «Беташар»
-… Абысындары: Ләйлә, Қанымай, Күнзия, Тұрарқыз, Сақыпжамал, Рузия, Сәнімай, Сырғаш, Нақыш, Дариға, Сайра, Сайраш, Сандуғаш, Шәкизат, Сұлу, Сұлушаш, Тамара, Арзымхан, Танзила, Света, Қапия, Ақерке, Лолла. Ләзиза, Мақпал, тағы да Мақпал, Алтыншаш, Данаш, Саралтын, Алтынай, Лия, Бибігүл,
Әрі қарай

Қып-қызыл боп, қызара піскен бауырсақтың дәмі осыны жазып отырғанда таңдайыма келді. Бауырсақты ыстықтай жегенді ұнатушы едім. Былай шауып (шыбық атпен)бара жатып бір бауырсақ, былай өтіп бара жатып бір бауырсақ іліп кетуші едім. Бауырсақтар піскенше он шақты бауырсақты жеп үлгересің әлгі жерде. Ауылға барған сайын әжем жеңгелеріме мен ұнататын тамақтарды бірінен соң бірін әзірлетеді. Обалы не керек жеңгелерімнің тамақтары да дәмді. Әжемдікінің аты әжемдікі ғой бәрібір…

