Қамшы

Атқа мінген адамды қамшысыз елестету мүмкін емес. Алда-жалда қамшысыз міне қалсаңыз қамшылар жақ қолыңызбен ауық-ауық аттың сауырын сыйпалап қалатыныңыз анық.Әрине, егер үнемі атқа мініп жүрген жан болсаңыз. Сонымен, қамшы- біріншіден атың жылдамдығын арттыру үшін қажетті құрал болса, екіншіден қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып өрілген бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бөлуге де болады. Қамшы алты өрім, сегіз өрім, тоғыз өрім болып кете береді.
Ата -бабаларымыз қамшының сабын тобылғыдан, өрімін таспалап тілінген қайыстан өрген.
Қамшының білекке киілетін ілмек бауын бүлдірге деп атайды. Халық әніндегі:
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі
Бір сөз айтқым келеді күлдіргелі-деген жолдар осы сөзімізге дәлел бола алады.
Қамшының сабын киіктің, еліктің аяғынан жасап сувенир ретінде сатып жүр қазіргі таңда.

Төмендегі суретте аттың мүсінін келтіріп жасалған қамшыны ұсынамын. Қамшыны жасаған Марат Кәрібайұлы.


Бөлісу:

18 пікір

omarbirat
Баяғыда ауылда көшеден бір өрім қамшы тауып алып едім. Сабына дейін қайыстан өрілген әдемі қамшы болатын. Сол қайда кеткенін білмеймін, әйтеуір жоғалып кетті.
konvict
Үйде атамның сегіз өрім қайыс қамшысы бар еді.
edige
Басында жүгеннің суреті болмағанда бірнарсеге ұқсап кетед кен
konvict
Шынында да неге байқамағам?
Abilakim
жассың ғой әлі
konvict
Күлкіден ішегім жарылды
konvict
Жыланға ұқсатып сен тез ертейген екенсің
Abilakim
қарағым, көпті көрдік қой. Көзіміз соқыр болғанымен көңіліміз ояу
ken
түсі ғой бқұртып тұрған)
sammita
"Қатыны өлген қамшының сабы шарт сынғандай болады" деген Жиренше шешеннің сөзі бар еді.
Gastarbaiter
Тұяқтан жасалғандары әдемі
omarbirat
Сабы еліктің сирағынан жасалған қамшылар да әдемі былай ;)
Abilakim
Әдемі.Қазір қамшы сыйлау дәстүрі қайта жаңғырып келе жатыр.
konvict
Баяғыда сөз сөйлегенде ортаға қамшысын лақтырады екен.
Gastarbaiter
мынандай ғой
omarbirat
Дәл өзі!
Gastarbaiter
Зеленый базарда кілең осындай сататын бұрыш бар. Инфа 100%