Тұңғыш рет, бірінші болып...
Тағы да “Блогкэмпті” сөз қылады деп ойлап қалмаңыздар. )) Өркеннің тақырыбын ұрлап алдым. Басыма осы тақырып қайта-қайта келіп тұр. Тұңғыш рет деп Азия клипін қазақша субтитрмен, бірінші болып бізге Жанна (Алтыградус) ұсынып отыр. Орыс сайттарында орысшаға аударылған клиптер жетерлік. Ал қазақшаға аударған әлі ешкімді көрмеппін. Біз де елден қалысамыз ба? ))
Әрі қарай


Микена қақпасы сол замандарда қарусыз келгендердің барлығы үшін ашық болды. Қарауыл тауарымен келген байларды да, қайыр сұраған кедейлерді де кіргізе беретін. Бірде арық денесін әрең жасырып тұрған алба-жұлба киімі бар бейтаныс қалаға келді. Оның иығында бақытсыздыққа тап болғанын білдіретін сынған ескек болатын. Әлгі бақытсыз жан өзінің басынан өткен қайғылы оқиғаларды жұртқа әңгімелеп жүрді. Көп кешікпей кедейді сарайға шақырды.
