Бексұлтан Нұржекеев: Бір өкініш, бір үміт...

Бексұлтан Нұржекеевтің кім екенін, қашан туғанын жазып уақыт алмай-ақ қояйын. Білетінім Бекең «махаббат жаршысы». Бала кезімде (3-ші класс бітірген жылы) жазушының «Бір өкініш, бір үмітін» оқимын деп, таяқ жеп, сөз естіген ем. Менің жасым да, басым да жетпепті сол кезде ол шығарманы оқуға шын мәнінде.
Бұл шығарма өзінің әйелін сүйе тұрса да басқа әйелдерді ұмыта алмай жүргенін түсіндірмек болған Шеген аты кейіпкердің естеліктерінен тұрады. Күйеуін, жігітін басқалардан қызғанатын қыз-келіншектерге, келіншектеріне басқаны неге ұмыта алмай жүргенін түсіндіре алмай жүрген жігіттерге оқуға кеңес беремін.
Әрі қарай

Дальше, дальше, дальше...

Бұрынғы бастық қой нақ.
Көшеден көріп қалдым. Маған баяғы әдетінше «бері кел!» деп, гүж ете қалд. Жақындасам — сылқия тойып алған екен нақ. Мұрнымның анализаторлары дереу басекеңнің хеннеситектес бөтелкені жалғыз өзі ұрывалғанын баяндап берді. Сонымен, былай дейд нақ:
Әрі қарай

Кітап шығарғым келеді - Әуесқой бодибилдинг және фитнесс жайлы


1) Идея (статусы: арман, мақсат, жартылай жүзеге асырылған, дамыту)

— Идея былай, қазақ тілінде әуесқой дене шынықтырушыға арналған практикалық кеңестер мен теориялық негіздер жинағы.

Статусы: Жоспар түрінде.

Аты: Ойлап тапқан жоқпын.

Мазмұны:

1) Кіріспе (жазуға не түрткі болды)
Негізгі бөлім:
Әрі қарай

Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар



1965 жылы танымал түрік актер Картал Тибет ойнаған атақты Қараоғлан көпсериялы фильмінің алғашқы бөлімі «Алтайдан келген жігіт» фильмінде қазақтар да түскен. Тіпті бұл кинодағы костюмдерді де қазақтардан алған. Қазір арамыздан айрылған бұл кісілердің бұл кинолардағы суреттері біздер үшін үлкен естелік. Бұл суреттерді бұл кісілердің немерелері үшін арнайы жариялап отырмын. Менің де нағашы атам осы киноға түскен дейді Стамбулдағы танымал қазақтардың бірі, Мимар Синан Университетінің докторы Абдулвахап Қара өзінің Facebook-тегі бетінде.

Әрі қарай

Алматылық блогерлермен кездесу

Алматыға Димаштың шақыруымен MediaNet Халықаралық журналистер орталығы ұйымдастырған семинар тренингіне бардым. Бір күн бұрын барғандықтан кешкі уақытымызды босқа өткізбейік деп алматылық блогерлерге хабарластым. Менің жанымда «КазЖур» блог тұғырнамасына «Б Мырза» деген блогымен тіркелген Ботабек атты қарағандылық жігіт болды.
Әрі қарай