Кітап шығарғым келеді - Әуесқой бодибилдинг және фитнесс жайлы


1) Идея (статусы: арман, мақсат, жартылай жүзеге асырылған, дамыту)

— Идея былай, қазақ тілінде әуесқой дене шынықтырушыға арналған практикалық кеңестер мен теориялық негіздер жинағы.

Статусы: Жоспар түрінде.

Аты: Ойлап тапқан жоқпын.

Мазмұны:

1) Кіріспе (жазуға не түрткі болды)
Негізгі бөлім:
Теория: * Неге бодибилдинг? (Бодибилдинг туралы жалпы қысқаша)
* Бастама (қалай, неден бастаған дұрыс)
*Залдағы этикет
* Генетикалық багаж, сымбат түрлері
* Демалыс және ұйқы
* Тамақтану, белсенді қоспалар
* Тренинг (травманың алдын алу, және интенсивтілік)
Сұрақ-Жауап:
* Әйелдерге айналысуға бола ма?
* Дәрі ішсем не болады? (фармакология зияны)
* Тастап кетсем салбырап қала ма?
* Ауыр салмақ жүрекке зиян ба?
* Науқастарға, жазылук кезінде жаттығуға бола ма?
* Неше жастан бастауға болады?
* Неше жаста тастау керек?
т.б
Мотивация:
* Бодибилдер өмір салты (кедергілер, психология, философиясы, т.б)
* Бодибилдинг пірлері (ББ -жұлдыздары)
* Бодибилдинг Қазақстанда (дамуы, тұлғалар, перспектива)
Қосымша:
* Бағдарламалар тізімі (ет жинау, қарын құрту т.б)
* Қазақстан қалаларындағы тренажер залдары мен фитнесорталықтар адресінің толық жиынтығы.



2) Жету жолдары (әрекеттер тізімі)
Алдымен бәрін жазу.
Баспаға тапсыру.
Кітап дүкендерімен келісу (каналдарын табу керек)
Нарыққа шығарудың өзге тәсілдері.

3)Кедергілер мен ресурстар (ақша, таныс, ақпарат т.с.с)
Күмән. (ешкімге қызық болмайды)
Кітап дүкендерімен таныстығып жоқ.
Қалай кітаптарды пиар жасау керектігі жайында, және тарату жайында ақпараттың болмауы.

4) Сұрақтар

Кім маған баспа жағынан, немесе кітап дүкендері мен нарыққа шығару жағынан, және редакциялау жағынан қол ұшын бере алады?
Жалпы болатын дүние ме?
Үлкен қалада тұратындарың кітапханаға барып, қазақша ұқсас материалдар бар-жоғын біліп бере аласыздар ма?
Сосын осы тектес қазақша кітаптарға сұраныс жер-жерде қандай?

Сондай-ақ кітаптың версткасына қатысты, мазмұнына суреттер қажет пе, дизайны, кітаптың сыртқы беті қалай болғаны жайлы, және атауы жайлы ұсыныстарың бар ма?
Көмектесіп жіберсеңдер, егер Шива қолдап кітап шығып жатса, Кіріспесінде әмерикандар стилімен рахмет айтып, аттарыңды жазуға уәде берем.
Бөлісу:

210 пікір

meirzhan
Ағылшыншадан немесе орысшадан біраз аударып, өзің де қосып істесең
Негізі осындай орысша кітаптар аз емес.
Қазақша сөйлейтіндер көп жерлерде қазақ бодибилдинг туралы кітап өтуі мүмкін.
Меніңше қаладағы бодибилдинг тренерлерінен консультация алып қою керек.
Меніңше болатын дүние.
Gastarbaiter
Рахмет, мен ағылшынша да, орысша да біраз кітаптар оқыдым. Бірақ ешқайсысы менің bodybuilding.com — деген сайттан алған біліміме, сондағы статьяларға, сондағы бағдарламаларға жетпеді.
Сол базаның барлығы басымда тұр. Бір ғана кітапты негізге алсам, аясы тарланып кетед. Сол үшін өзіме ұнаған, пайдама асқан бірнешеуін көздеп отырмын.
Сосын маған орыстардан бұрын, қазақ качоктардың суреттері мен солармен сұхбаттасу керек боп тұр.
balzaminka
ҚЗ-да качок жігіттер бар, қаласаң сұхбат беруге қалай екенін сұрап көрелін
Gastarbaiter
Қазақстанда бар ғой, қазақтар болса. Орыстар өзінің славасын онсыз да алып жатыр.
Сұхбат жағын сұрап көр. Мен де дайындап қояйын сұрақтарымды.
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 17:41
balzaminka
өзіміздің Қызылорданы айтқан ем, универде бірге оқыған жігіттер бар качоктар, таза қазақтар
Gastarbaiter
Ок, малагентін алып қойсаң тіпті жақсы.
balzaminka
Екі жігіттен сұраған едім, екеуі де қол үзіп кетіпті
meirzhan
Жалпы мақала жазғанда да пайдаланылған әдебиеттер аз болмау керек, ал кітап үшін тіпті де пайдаланылған әдебиеттер көп болуы керек. Толыққанды әрі объективті жазу үшін.
konvict
Қолдаймын. Атын «Дене шынықтырудың әдіс-тәсілдері» деген секілді атау қойсаң қалай болады?
Егер кітап ойдағыдай шығып жатса тез таралады деп ойлаймын. Сыртқы дизайны бірден көз тартатындай болуы керек. Өте қалың, немесе өте жұқа мұқаба қаптаған да дұрыс емес секілді. Орташа, суреттерімен, қалтаға салып жүруге ыңғайлы болса. Мәселен, жаттығу залына сол кітаппен барғанда салып алып, қарап отыратындай болса.
Gastarbaiter
Әрине, көлемі Ожеговтың түсіндірме сөздігіндей болмайды.
Пікір түзетілген: 18 шілде 2011, 01:40
satibaldi
Лібә, негізі барлығы келіп тірелетін — ақшаны шешкен кезде де қиын шаруа.
1. "Құлагер" ЖШС деген сияқты ГорылДрау мен Фаташов білетін ағалы-інілі Қарамазовтар жасаған типография емес, глянец шығарудан тәжірибесі бар фирмаларға өкіртіп тұрып жасату керек.
2. Тарату желісі. Лібә, әлі административтік ресурсты пайдалану керек деп ойлайм, шешесстің. Алғашқыда барлық мектептері мен ЖОО, колледждеріне ерікті-міндетті түрде таратып берсе. Олар былай да алад: қазақша тұяқ та литература жоқ, әрі салауатты өмір салты атты кештерге материалды газеттен сканерлеп жүр, шешесстер. Сондай адам таувал, биліктегі, сосын — оборот алып кеткенше үш рет тиражда. Еркін сауда жүйелерін сосын ойлауға болатын сияқты.
Gastarbaiter
1. "Құлагер" ЖШС деген сияқты ГорылДрау мен Фаташов білетін ағалы-інілі Қарамазовтар жасаған типография емес, глянец шығарудан тәжірибесі бар фирмаларға өкіртіп тұрып жасату керек.

Нахмет, рақтың!
Глянец болса, бағасы қымбаттап ауылдық (көп қазақтар сонда ғой) баланың бюджетіне сәйкеспей қалмай ма? Сол жағы ойландырады.

2. Тарату желісі. Лібә, әлі административтік ресурсты пайдалану керек деп ойлайм, шешесстің. Алғашқыда барлық мектептері мен ЖОО, колледждеріне ерікті-міндетті түрде таратып берсе. Олар былай да алад: қазақша тұяқ та литература жоқ, әрі салауатты өмір салты атты кештерге материалды газеттен сканерлеп жүр, шешесстер. Сондай адам таувал, биліктегі, сосын — оборот алып кеткенше үш рет тиражда. Еркін сауда жүйелерін сосын ойлауға болатын сияқты

Әлгі философ пәнінің муғалімі сияқты ВУЗдың қазақ бөлімдерін аралап тыққыштау жақсы идея екен. Бірақ философтың плагиатымен салыстырғанда, аз да болса практикалық пайдасы бар деп ойлаймын кітаптың.
satibaldi
Амал жоқ, оны пайдалануыңа тура келеді: жақсы нәрсені де инъекциямен енгізгендей енгізу қажет кейде.
Gastarbaiter
атауы жайлы ұсыныстарың бар ма? Ассоцияциялық қорыңды ақтарып көрсең
Nurzhol
Өте дұрыс. Фотошоп пен Корел Дроны білетін адамдар қаншама. Тек, ол програмдарда көзін жұмып отырып, майын тамызып жасайтын талантты дизайнерлер сирек. Өз кезегінде, ондай дизайнерлер қымбат, элитный баспаханаларда отыратыны сөзсіз.
balzaminka
редакциялауға көмегімді ұсынсам қалай болар екен?
satibaldi
@Gastarbaiter, мына ұсынысты тез қабылда, естуімше — төрт адамның орнына жапырад жұмысты.
balzaminka
ой, Сатекесі, жапырмайм ғой, а қатырам
Gamk
Болайын деп тұрған дүние. Оқталғасын атылу керек Асеке. Керек көмектер болса дайынбыз. Қызылордада «Евразия»-ның бастығы сондайға жақындау мұжиқ еді. Айтып көрсе қабылдар ма екен, қалай болар екен?
satibaldi
Меніңше де, қазір нақ уақыты. Өткен жылы ерте болар еді бір жылдан кейін — кеш болады.
Жәй, қосқым келгені: қазіргі қазақтілді оқырмандар сапасыз кітаптардан шаршаған. Швециядан бастырып әкелген кітаптарды да көрдік («фин полиграфиясы, иісін-ай»), бірақ кітапта — рух жоқ, өлі мәліметтер, қазақшасынан көт ұялад.
Қымбат, өте қымбат кітап шығару керек, студиялық дизайнерлерге жасатып. Аз болса да — өте-мөте сапалы қылып. Сосын әкімшілік жүйе арқылы таратып, тиынын шығарып алу керек.
Өз кезегімде кітаптың электронды мультимедиалық нұқсасын мойныма ала аламын (pdf емес нақ, кәдімгідей, гір көтергенде көттің бұлшық еттері жиырылатын қылып!).
Gastarbaiter
 Дұрыс айтасың сатыбалды, ең бірінші репутацияға жұмыс істеу керек. Өзіңе қиын болатын, жоғары планка қойып алу керек. Әйтпесе, тағы бір туалет қағазы боп, ысырап болады.
Сапаға аямау керек. Рахмет.
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 20:13
satibaldi
Мен өз көзіммен көрдім: данасына — 3 500 теңге шыққан кітапты, 30-36 000 теңгеден 10 000 данасын екі аптада сатып бітірді. Оқу орындарына.
Оқу орындарында керек десең литература таба алмай қиналад: мына жақта қазақшаның үлесін көбейтіңдер деп зайыптарын алад, ал оқитын — дым жоқ©
Хуярь дабай!
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 18:06
balzaminka
Универде дене кафедрасы бар ғой, соларға можно
satibaldi
Қорқыт атада бар ма??? КетЧ.
Gamk
Дене шынықтыру мен Бастапқы әскери дайындық пәкүлтеттері және әскери кафедра бар.
Gastarbaiter
данасына — 3 500 теңге шыққан кітапты, 30-36 000 теңгеден 10 000 данасын екі аптада сатып бітірді. Оқу орындарына.
А*уеть! Медициналық том-том кітаптар шығар Құдай білед.
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 20:14
satibaldi
«Орысша-қазақша мұнай саласы сөздігі». Дым түсініксіз, тұяққа да қажеті жоқ, бірақ атрибут ретінде алад.
Gastarbaiter
Енді мен тек орысша білмейтін қауым ғана емес, қос тілді халық ойындағы "Қазақша кітап ***ня" деп орысшасына қол созатын стереотип мұзын ерітуге тырысып көрейін.
Үміттеріңді ақтауға тырысамын.
Рахмет амиголар! Біраз бойыма сенім ұялап қалды. Кітаптың алғашқы абзацтарын бұрқыратып жатырмын.
Пікір түзетілген: 18 шілде 2011, 01:49
VKM
Тезірек жаз
Gamk
Конвикт пен ВКМ мына гүлді көкпар қылды-ау. )))
VKM
Сізге тиіп кетсе, сорри
Gastarbaiter
Есіме салып, ұялтып, ұзақ отырсам Керектен қуып, желкелеп тығып тұрыңдар. Менде самодисциплина әлсіреп барад әйтпесе.
just19
Бұндай кітаптар қазақ тілінде жоқ болар, тіпті орыс тілінде де сирек кездесер. Электрондық емес әрине, дүкен сөрелерінде.

Бодибилдингтен хабарым өте аз, тек мұнда келтірген мазмұндағы кей жолдарға қызығып отырмын.

Творчестволық табыс тілеймін!
Arhun
Түсінгенім бойынша үстіндегі айтып кеткенің бойынша қазақшаға аудармақшысың ғой… Жарайсың, жігіт! Ондай ойларды құптаймын +1
Nurzhol
Идея өте жақсы. Дизайн, баспа, компьютерлік өңдеу жағы мен электронды нұсқасын жасау бойынша ақылдасуға болады. Кітап дүкендерінің сөрелерінде бұндай кітаптар аз ғой, әсіресе қазақ тілінде. Бірақ, кітап сөресінен аз өтуі мүмкін десеңіз, ірі тренажерлік залдармен тікелей байланыссаңыз да оң нәтиже беріп қалар. Сәттілік!
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 20:28
KILYZAMAN
Мультимедиялық нұсқасында бірден қарастыра бергенің дұрыс болар…
Gamk
DVD дискісімен бе?
Асқар, ертең біздің қаладағы бодибилдингке қатысты кітаптардың бағасын біліп берейін бе?
Gastarbaiter
Ия, жақсы болар еді. Сыртын түсіріп алсаң. Айтпақшы ертең мен Қызылордаға барам. Кездесіп бірге қарауға болады
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 23:11
Gamk
Ертең таңертең емханаға барамын. Сосын 9-дан кейін 2 сағаттай қолым бос болады. Номеріңді жекеге жазып жібер.
Gastarbaiter
былайынша жаза салам ғой, білмейтін адам жоқ шығар
+7 701 333 10 30
Gastarbaiter
Дивиди -дискісіне дайын емеспін әзірге. Оған видео керек, оператор керек, монтаж керек. Менің қисық қолыммен не тынады. Алдымен кітапты бітіріп алайын. Интереске қарай басқасын да қатырамыз.
Gastarbaiter
Төмендегідей пиярдың құны қанша екен…
www.khabar.kz/kaz/culture/Almatinin_kitap_dukenderi_zhana_eki_tuindimen_tolikti.html -
Nurzhol
Қазақ тіліндегі бодибилдингке қатысты алғашқы кітап ретінде жаңалықтардан көрсетіліп жатса, артықтығы жоқ. Әсіресе, көбіне шет елдік ақпарат көздеріне сілтеме жасаудан жалықпайтын спорт айдарынан. Қалай ойлайсыздар?
Serzha
бодибилдингте фитнеске қарағанда оқырмандары аздау болу керек, тым аз
сосын видео сабақтар түсіруге болады, кітаппен бірге сатылсын
ең бастысы кітаптың кімге арналғандығын анықтау керек
Gastarbaiter
Жалпыға, бб жас таңдамайды. Сосын тренинг программалар мен диеталар интернетте барлық жерде тегін тонналап бар. Сондықтан бұл кітапқа көркем өнерлік пен прозалық қосқалы жатырмын, яғни өз өмірбаянымнан, қалай бодибилдингпен дос болғаным, қандай әйгілі кеңестер маған пайдасын тигізді, және қайсысы өтірік боп шықты. Мифтер мен шындықтар. Басымнан өткен қателіктер мен қиыншылықтар, тастап кетуге сәл-ақ қалған кезде жігер берген ойлар.
Адам ретінде бодибилдинг мені қалай өзгертті. т.б
Осында ақпараттар қосылмаса, кітап осы тақырыптағы басқа кітаптар сияқты өлі ақпарат болады деп түйдім.
Сосын кез келген адамға, өзі сияқты қарапайым адамның трансформациялық жолы қызық болады деп ойлаймын.
Яғни кітап тек спортқа қатысы бар тар қауымға ғана емес, жай әңгіме ретінде оқуға да қызық болуы тиіс деп ойлаймын.
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 21:50
Serzha
иә, дұрыс шешкен сияқтысың
Пікір түзетілген: 17 шілде 2011, 22:01
Gastarbaiter
Шешкені нес?
Serzha
дұрыс деген сөзді ұмытып кеттім. селффикс
meirzhan
Қыздарға арналған бөлімді қосып жіверсең, біраз сатылым үшін де жақсы болады, мүдделер де ескеріледі деген сияқты.
kirikpishak
Ойың жақсы екен. Егер ондай кітап шығарып, өткізу жағын шешу керек болса қолында билігі бар таныс іздегенің дұрыс. Мәселен, облыстық әкімшіліктен. Бірақ, кітабың жақсы болған болса жұрт іздеп жүріп ақ тауып алады.
meirzhan
Үйдегі жағдайда жаттығу жасауға арналған бөлімі де болса жақсы болушы еді.
meirzhan
Рецензенттер бұнда керек бола ма, кітап туралы пікір жазатын.
Gastarbaiter
Керек болуы мүмкін. Егер керек болса, осында өзін мықты әңгімеші ретінде рекомендеп қойған жігіт бар. Соның рецензиясынан артық болмайды деп ойлаймын.
meirzhan
Аты "Қазақша бодибилдинг" болса ше
Gastarbaiter
маған ұнады қарапайым. түсінікті. Русский Кач деген сияқты.
Атаулар жағы бір қиын екен ау. Профилердің айтуынша, атау кітаптың таңдалуына қатты әсер етеді.
KILYZAMAN
Сымбат сыры неде?
meirzhan
«Сымбат сыры». осымен тоқтаған дұрыс.
meirzhan
Мазмұнына жаттығудың өздері неге кірмеген?
Gastarbaiter
Жаттығулар Тренинг бөлімінде
Gastarbaiter
Сыртқы бетіне
аты, мысалы «Күш пен Сымбат», және Сом денелі жігіт пен Сымбатты әйелдің суреттері. Яғни бұл тек ет өсіру, сомдалу жайлы ғана емес, сонымен қатар жай шынығу, сыптану (фитнесс) жайлы да болады.
meirzhan
Сом денелі жігіт пен Сымбатты әйелдің суреттері
Менталитетті ескеріп, біраз жабықтау киінсе.
meirzhan
Біраз қазақша мағлұматтарды, қазақша терминдерді физкультура кітабынан алуға болатын шығар. Жалпы Физкултура факультеті кітаптарынан біраз нәрсе алуға болады деп ойлаймын. Мысалы, жаттығу атаулары, разминканы жасау т.б.
Бірақ өзім Физкультурник ағамның үйінде қазақша ондай кітап көрмеппін. "Қажымұқаннан" басқа.
Gastarbaiter
Жалпы Физкултура факультеті кітаптарынан біраз нәрсе алуға болады деп ойлаймын. Мысалы, жаттығу атаулары, разминканы жасау т.б.

Мына тақырыпты не үшін ашты дейсің:

http://www.kerekinfo.kz/blog/terms/3170.html
Janasil
жақсы бастама. аяғына дейін жетсін.
www.passion4profession.net/ мына сайтта көптеген ақпарат бар. /мүмкін өзің де білетін шығарсың бұл адресті/
Баспа жағынан айта бер, көмектесемін. қолдан келгенше.
Gulistan
«Бодибилдингтегі қазақтар»!
Gastarbaiter
Документалды кітап сиқты боп кетеді. Методикалық кітап қой бұл.
Lyaila
Жақсы бастама! Мен білсем, бодибилдинг туралы қазақша кітап жоқ. Сондықтан, оқырмандары табылады. Егер Қызылордаға бара қалсаңыз Қорқыт ата атындығы ҚМУ-дың дене шынықтыру кафедрасында Егізбаев Жақсылық деген профессор бар, өзі жазушылар Одағының мүшесі, үнемі жастарға қолдау көрсетіп жүретін кісі, тілдің жанашыры, мәслихат депутаты болған беделді адам. Сол кісіні тауып, жолықсаңыз бір көмегі тиіп қалар! Сәттілік!
boztorgai
кітап шығару таңсық емес
таныс жігіттерден екінші,үшінші баспасын күтіп жүрген жайлары бар

тек өнімді өткізу жөнінде ерекшеліктер туындауы мүмкін
Пікір түзетілген: 18 шілде 2011, 22:09
alisha
Сіздің денеңіздің сымбаттылығын көріп тұрып, оған бодибилдинг арқылы жеткеніңізді біліп тұрып мен ондай кітапты оқымай отыра алмас едім. Сондықтан да ешкімге қызық емес деген күмәннен арылыңыз. Енді нақты өзімімнен қандай көмек болады десеңіз, Бальзаминкадан артылғанынын редакциялайын. Артылса  

Суреттерге қатысты… Сурет міндетті түрде керек. Мысалы, менің назарым суретімен берліген тағам рецептілеріне бірінші боп түседі.Қызықтыра түседі. Сол сияқты ғой мынау да.
Gastarbaiter
Коллективті сана, мозговой штурм деген осы екен ғой… Рахмет, Алиша, Ләйла, Гүлістан. Жанасыл рахмет.
Кәдімгідей мотивациям нығайып қалды. Кітапты қазақтар тек қазақша болғаны үшін емес, қызық болғаны үшін қаласа, одан басқа қуаныш бар ма?
KILYZAMAN
Тәәәк, кітапқа тапсырыс берушілердің алғашқысы болғым келеді… Таласпаңдар, самайымды силаңдаршы құрығанда
Пікір түзетілген: 18 шілде 2011, 14:15
meirzhan
Жарайды, тек біреуін ғана алыңыз.
KILYZAMAN
Бір кітәпта жетіп қалар — Качек шал болуыма… :-)
meirzhan
Качек шал болуыма
Жастардың намысын қамшыладыңыз ғой.
KILYZAMAN
Шалдардың Качек болуды көксеуі ерсі көрініп кеттіме?
Gastarbaiter
Қилеке, качек болмасаңыз да өлшеулі өміріңізде өлгенше ширақ болып, немереңізбен қиналмай футбол ойнайтындай болғанға не жетсін?
meirzhan
Жоқ, ерсі емес әрине. Тек кейбір жастарға сын болады ғой егер мұндай ештеңемен айналыспаса, сізге қарап өз-өзінен ұялатын болады.
Gulistan
Маңызы бар кітаптардың насихатталуы да жоғары болуы керек.
KILYZAMAN
gulstan.kz/ — неге галареясы бос а?
Gulistan
@KILYZAMAN — маған еш қатысы жоқ.
qisyq
Сәттілік! Қолдан келген көмекті аямайын.
Спамдау, пиарлау, хабарлау, от шығару, Linkin Park-ты шақырып стадион жинау, Асқар Базарбаймен тренинг ұйымдастыру секілді жұмыстарға қол ұшын созып, көмегімді аямаймын (кітаптың біреуін тегін алып қаламын ба деген үміт).
Меніңше, сұраныс болу керек. «Первопроходец» ретінде. Қазақша емес, орысша материалдарды аз көремін осы күні.
satibaldi
Шықпай қалса, сәйкесінше — «первопроходимец».
Gamk
Кітап (212 Kb, 1600x1200)
«Кәусар» кітап дүкенінде:
«Атлетический брюшной пресс» сбалансированное развитие мышц средней части тела.
Авторлары: Скотт Коул, Том Сиборн.
Бағасы: 1085 теңге.
Ішіндегі суреттері ақ-қара түсті.

_
«Идеальное тело» силовые упражнения для настоящих мужчин.
Авторлары: Игорь Ковальский.
Бағасы: 1830 теңге.
Ішіндегі суреттері ақ-қара түсті.
Беттер саны: 110 бет.
Басқа спорттан шахмат-шашкі, рукапашкілер ғана.
Бұрын көп болатын еді «бәрі өтіп кетті поступление болмай жатыр, қазақшасын іздейтіндер бар» дейді сатушы. Әкелсең қуана-қуана қабылдайтынын айтты.
_
«Насихат» кітап дүкенінде:
«Наш личный тренер»
Авторы: Александр Невзворов.
Бағасы: 1500 теңге.
Ішіндегі суреттері түрлі түсті.
Бет саны: 160 бет.
Қосымша DVD дискісі бар. Суретін түсірткізбеді.
_
«Мұстафа Шоқай», «Білім» дүкендерінде, «Жайна» «Сыбаға» базарларында бұл тақырыпта кітаптар жоқ екен.
KILYZAMAN
Асқар, ертең біздің қаладағы бодибилдингке қатысты кітаптардың бағасын біліп берейін бе?
— азаматсың!!!
Gastarbaiter
Көп көп рахмет амиго, маған телефонға звондасайш, я телефоныңды лақтыр мен Қ-ордадамын. Қазір Евразия фитнес орталығына тартып барамын.
Gamk
Кеше звандадым алмайсың ғой. Әлде рульде келе жаттың ба? Аяғы 4997 деген нөмір менікі.
Бүгін қол бос емес, ауылдамын.
Неғылдың? Жаңалықтарыңды жаза отыр.
Gastarbaiter
Сақталмады номерің. Кеше кешкісін Қ-ордаға келіп, саған телефон соғайын десем, номерің сақталмапты. Агентіңе де осында да жазып қойып, күтіп отырдым. Ақыры, кеш боп бара жатқан соң, інімді алып Евразия фитнес орталығына шығып кеттім. Өлесі шаршап кеш келсем де, интернеттен ББ-ға қатысты барлық кітаптарды басып алдым. Бір кітап бір кітапқа қайшы келеді екен. Тек фундаменталды бірнеше қағидаттары (мысалы біртіндеп көтеретін салмағыңды өсіру) бірдей екен.
Сондықтан өз тасымнан өтпеген, пайдалылығын дәлелдемеген экзотикалық эксперименттік бағдарламаларды «кітапқа кіргізбеймін» деп шештім.
Бұрын жазып қойған бірнеше дайын бөлімдер бар екен. Адамның менталитетіне әсер етуге тырысу үшін аз-мұз психология сендіру, жігерлендіру әдістерін де қолдануды жүн көрдім.
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 11:22
Gamk
meirzhan
Мынау Гастарбайтер ашқан қауымдастық қой.
Gastarbaiter
 Қазақ тілінде бодибилдинг туралы интернетте арнайылап менен басқа ешкім жазбаған секілді. Сосын ғой күмәнданып жүргенім. Менен басқа ешкімге қызық па өзі деп))
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 11:24
Gastarbaiter
Мықты кәсіпқой фотограф таныстарың бар ма, портфолиосын лақтыржверіңдерш?
konvict
alteke_70@mail.ru мынаны көрші
madlen
* Қазақстан қалаларындағы тренажер залдары мен фитнесорталықтар адресінің толық жиынтығы.
осыған ғана көмектесе аламын, егер қажет деп тапсаң.
Gastarbaiter
Қажет-қажет. Тираж көбейіп жатса, оларға да жарнама…
madlen
олар туралы нақты қандай инфо керек?
Gastarbaiter
адрестары
madlen
базаларымды біраз ақтардым, тізімін почти жасап та қойдым. Жақында болады. Саған срочно емес шығар, да?
Gastarbaiter
жоқ десем бәлеге қалам ба?
madlen
Демек срочно емес. Асықпай жіберем.
KILYZAMAN
Әрине қаласың… Ертеңмен іс бітпейді. Кітабың бүгін керек :-)
Gastarbaiter
Атау жөнінде мынадай нұсқалар жатыр:

Әуесқой бодибилдинг

Дәрісіз бодибилдинг: Шынайы шымырлық

Темір тербеп терлейік

Болаттан құйылған мүсін бол

Темір спорт

Шойын шайқап шынығайық

Спорт көкесі атлетизм

Сымбат сыры

Күш пен Сымбат

Және атаудың астына жазатын слогандар:

А) Денеңіз рухыңызға сай болсын!
Б) Тәніңіз жаныңызға лайық болсын!

тағы?
meirzhan
Сымбат сыры деген атауға дауыс беремін.
qisyq
Дәрісіз бодибилдинг: Шынайы шымырлық
Тәніңіз жаныңызға лайық болсын!

Маған осы ұнады. Тез сақталады есте әрі велосипед ашылмаған.
AKA
Келісемін, «Шынайы шымырлық» деген нұсқа ұнады. сізге жазылып кетті, кеЧірім сұрайм
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 18:11
KILYZAMAN
Ал енді кітаптың екі жынысқа да бірдей арналғанын ескерсекше?
ErNur
Дәрісіз бодибилдинг: Шынайы шымырлық сыры
осылай жақсы болатын сияқты
madlen
Бодибилдинг дәрімен де болуы мүмкін ба?
ErNur
мүмкін, бұған гаста жақсы жауап беретін болар
meirzhan
Стероидтар бар ғой
Gastarbaiter
Допингсіз -деп ауыстыруға болады
ErNur
Допингсіз бодибилдинг: Шынайы шымырлық сыры
Осылай ма?
VKM
Күш пен Сымбат деген ұнады!
Gastarbaiter
Ия, Қазір біз білетін, суреттерден көріп жүрген бодибилдерлеріміз, және танымал профилердің барлығы дерлік Стероидті бодибилдерлер.
«Бодибилдинг» деген жерде стероид міндетті түрде болатын. Бірақ стероидтың зиянды жағымсыз әсерлері көп болды, сондықтан темір көтерушілердің арасында, өлсе де дәрі ішкісі келмейтіндер, табиғаттың берген қорымен шынайы шынығатындар көбее бастады.
ОЛар есесіне: Фитнесс және натурал бодибилдингтің Жалпы бодибилдингтен бөлініп шығуына себеп болды.

Бүгін екі бодибилдинг бар. Біреуі шоу үшін. Онда стероидтарға тестілеу жүргізілмейді. Бірақ ол өте танымал болғандықтан, барлық атлеттерді стероидшылар деген стереотип қалыптасқан.

Екіншісі зиянды химиялық заттар мен гормондардан бас тартқандар. Олардың жолы да, тәсілі де, философиясы да бөлек. Натуралдар химиктермен сайыса алмады өйткені химия бірнеше апта, ай ішінде өте тез, мықты нәтижелер береді. Бірақ ұзақ уақыт пайдаланса іштен шірітеді. Ал қысқа уақыт ғана пайдаланса, еттер бірден кеуіп, тері салбырап қалады.

70-ші жылдардан бастап дианабол, метандростенолон сияқты жылдам ет өсіретін стеройд дәрілердің бодибилдинг саласында революция жасағанынан кейін. Шынығушылар «сымбат және қанағат» дегенді ұмытып, «неғұрлым көп ет жинау» деген философияға ұрынды.
Содан бастап, бұқа мойынды бура сан монстрлар ақша табу жолында классикалық сымбатты натуралдарды аренадан толық ығыстырып тастады.
Ешкім таза жолмен ет шығаруға болатынна сенбей қалды. Алайда оған дейін де бодибилдерлер болғанын, және классикалық бодибилдерлердің анау айтқандай құбыжық емес екені ұмыт қалып жатады.
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 19:33
meirzhan
Кітаптың бір бетін уже жазып қойыпсың ғой.
Gastarbaiter
соны айтам,
meirzhan
Кітап шығарам дегенше барлық кітап бөлімдерін мында жариялап қойып жүрме.
Gastarbaiter
@Madlen,
Классикалық шынайы бодибилдинг идеалдары Грециядағы Геракл мүсіндері сияқты еді, Мынау Стив Ривз стеройдтар пайда болғанға дейінгі Бодибилдинг жұлдызы:
gymblog.ru/wp-content/uploads/2010/03/1becf44bea62_thumb.jpg

Ал мынау бүгінде батыста кең таралған стероидті/гормоналды бодибилдингтің 8 дүркін чемпионының ұсқыны мынау:
s49.radikal.ru/i126/0905/dd/f737406d562d.jpg
madlen
мда уж…
түсіндім.
Кітабың шықпай жатып, біраз зат түсініп қалатын болдық
Gastarbaiter
маған сендердің сұрақтарың кітапқа толықтыру енгізуге көмек беріп жатыр.
KILYZAMAN
Үй жағдайындағы снарядтардың түрлерінде ұмытпағайсың!
Gastarbaiter
бізде тренажер залдары ондай көп емес. Сосын, Алматыдаы студенттер көбіне уақытын қимайды, пробкілетіп барып, пробкілетіп 4 сағат жұмсап қайтуға.
Өзім студент кезде тіпті абонентке ақша төлейтіндей жағдайда болмадым.
Міндетті түрде үй жағдайындағы снарядттарды қозғау керек.
KILYZAMAN
  — соның арасында ауыл балалары мен қыздарының күндегі тіршіліктерінің сымбаттылықпен, құрыштай берік денсаулыққа — жалпы тұрақтылыққа жақын болатын себептерін айшықтасаң керемет болар еді. (Ұлттық сипатымыз бен болмысымыз түгел ескерілсе(Пекин олимпіне қымыздың допинг емес екені дәледеніпті дегенді естіген сияқты едім)
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 20:55
Gastarbaiter
Ұлтық сипатымыз бен болмысымыз ескерілгенімен, оған ерекше мән беріп, оған арнайы тоқтала қоймаймын. Кітап өз жанрынан қатты ауытқымағаны дұрыс.
Ұлттық сипат пен болмыс туралы кітаптар жетерлік.
KILYZAMAN
Қайраттылық пен табандылықтың қайнар көзі ауылда. Оқушыларыңның дені жастар болады. Ал олардың снарядқа таңылып болмаса табынып жатар уақыттарыда тым аз. Олай болса сол бір тыраштанып*-тапыраштанып жатқан қара жұмыстарының игілігі жайлы әңгімені шайнап берер айғақты мәтіндер кітәбіңнің қай-қай бұрышын болсада әрлендірер еді деген ой ғой!

ПыСы. "Құрыш қалай шынықты" — әдеби кітап әрине, көркем шығармашылық жағы мен идеясы бөлек болсада, сымбат пен құрыштай денсаулыққа қызықтырып еді балалық шағымда…
KILYZAMAN
Ұлтық сипатымыз бен болмысымыз ескерілгенімен,
-Ескерілудің өзіне не жетсін…
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 23:31
Gastarbaiter
Қазақша анатомияны көрген жерлерің бар ма?
madlen
9-klasstyn tantanu kitabyn gana korippin
Erkekyz
А. Рақышевтың «Адам анатомиясының атласы (или негіздері ма)» ше?
Gastarbaiter
Сүйек-бұлшық ет классификациясы керек. Латыншасын білемін, қазақша қары еттері, бұғанақ, асықты жілік қыртым сыртымдарыннан шатасып қалмау үшін. Әлде жалпақ тілмен ұра берейін бе?

Түріктер бодибилдерлерді — vucutcu- дейді екен. Сөзбесөз аударсаң, «тәнгер» немесе «денеші» болады.))))
Vucut Gelistirmek — Бодибилдинг
Дене сомдау, дене дамыту, дене құру, дене қалыптастыру деген варианттар бар. Бізде қабылданған ортақ түрі жоқ ау сірә.
Qojeke
1986-1990 жылдары қазақша аудармасы болыппа бұлшық етлердің? Ескііі кітаптарды көріп, пайдалану мерзімі өтіп кеткен-ау дедім.

Білім мен ғылым жаңарса жаңарсын, қазақтың кітапханаларындағы тарихи жәдігер болған ескі-құсқы кітаптар жаңармасын. Ептілер ебін тауып кітап шығаратын ақшаны да жымқырады ма, кітап шығаратын кәллә жоқ па?
Janasil
Менде қазақша анатомияның 3 томы бар.
Gastarbaiter
Сканерлеп бұлшық еттер бетін лақтыра аласың ба?
Лібә, кітап жазам деушілерге кереме көмек болатын ақпараттар тауып алдым ағылшын тілінде.
Нон-фикшн(әдеби емес (ойдан шығарылмаған) ақпараттық мәтін, документалды мемуарлар, құпия сұхбаттар, атақты адамдардың өмірі) жанры ең актуалды жанр боп тұр әлемде.
Qojeke
Аударып жібершіш. Лақтырсаң болады жекеге.
Gastarbaiter
Рахмет, Жанасыл. Скванверсияңды алдым. «Бұлшық ет»-сөзінен өзгесі латынша екен бірақ «Терминаторды» қолдануға тура келед
Qojeke
Мына кітапты аламын деп Мемкітапханаға жазылып қойдым
Gastarbaiter
Кітап жазғанда біреумен білім бөлісем деп ойлайсың. Есесіне тонна ақпарат ақтарып, реттеп, іріктеп, керегін таңдап, өтірігін ысырып, нағыз ғылыми зертханашы боп кетеді екенсің.
Qojeke
Үйретенім деп үйреніп аласың деші
Gastarbaiter
Үйренгенде енді, біләт, кітап жазатындардың барлығы солай істеу керек сияқты. Менің бұл алғашқы жобам ғой, қолды набивать етіп алсам, келесісі жеңіл жүретін шығар.
Ең бастысы бірден белсебет ойлап табудың қажеті жоқ. Ережеге бағынбайтын автор болу үшін, алдымен сол ережелерді жатқа білу керек пе деймін.
Қазір кітап ең алғашқы редакциядан өтіп жатыр (яғни стилін түзеу, артық сылдыр суды қысқарту, жарқын мысалдар қосу, структурасын реттеу т.б.
Ең қызығы редакция. Ең қиыны пустой параққа үңіліп отырып, неден бастарыңды білмеу. Оған айлар кетеді. Бір бастаған соң, біраз жерге дейін жазып тастайсың. Бір тоқтасаң, тағы бір айға созылып кетеді демалысың.
Уопшым, шабыт қайта келді.
Qojeke
Уопшым, шабыт қайта келді.
Айда тақталарыңның пернесін  Қызықтар болса айтып отыр.
KILYZAMAN
Шап бауырым, шабыттана бер! Шап!
Ottegin
Гаста, бір жүгірмек айтушы еді:

«Книга не есть написанное автором, а то, что недорезал редактор» © белгісіз редактор. Орысша жазғаным: сөздің мағынасы ауысып кетуі мүмкін. Кезінде редакторлық жұмыспен айналысқанмын, Аллаһ жазып, кітабың баспаға қабылданса, әлі редактор қайшысын шошаңдатып, қанды ішеді, сол кезде бірден келісе берме)))
Qojeke
Жекеөзі авторы болса, қандай редактор болады? Жеке тапсырыспен шығаруына болмай ма?
Gastarbaiter
Барлық Қазақстанда кітап шығарам деушілерге:
Егер кітаптың өтетінінен, біреуге қызық болатынынан күмәндарың болмаса өздерің жасаңдар кітапты.
Ең қиын өтетін кітаптар жеке бастарыңның өлең жинақтары. ЕГер танымал автор болмасаң, тіпті туысқаныңнан басқ ешкім алмайды.
Ең оңай өтетіндері аспаздық және басқа да белгілі бір мақсатқа жетудің қысқа немесе кепілді жолын айтатын кітап.

Бізде жақсы қазақша издательство да жоқ. АТАМҰРа- теккітаптарыңды басып, сөрелерге қояды. Оның сатылу, сатылмауына жауап бермейді. Бірнеше айдан соң, оларды сөреден алып тастап, орнына СаянҮш-тің сөздіктер жинағын қоймайтынына да кепілдік. Жоқ.

Сондықтан жәймендеп өздерің бастап көруге болады. Бірақ анау ойлағандай бір айда жазып тастайтын жұмыс емес. Өте көп еңбек пен ізденуді ең бастысы концентрацияны қажет етеді екен.
Qojeke
Бізде жақсы қазақша издательство да жоқ.
Соған қоса нарық та жоқ. Баспа өнімдерінің сауда жүйесі орыс тілінде шығатын басылымдарда бар демесең, қазақша жоқ. Нахқа бола ма қазақша баспа өнімдері аз болса деп қоямын жұбатып.
KILYZAMAN
Бәрі сол тарыдай болып кірген жеріңнен басталмақ… Гастаның кітәбын ұсынатын физкультурник мұғалімнің санасында, балаларға дұрыс тәрби беру еместіктің тікелей қатысы бар.

… Иә, айтуларың мүмкін ,"Әке мен шеше мал қарап жүрмеген шығар" -деген нұсқада бірдеңені… Тары өскен соң жеранадан сұрайтыны сусын мен тамақ(нәр) ғана қалғаны еліктеушілік :-(
Ottegin
Егер өзің ақша төлеп бастырсаң, әрине, редактор жаққа қарай шірене түкіруге болады)))
KILYZAMAN
Осы посттың өзінен ақ көп нәрсені байқауға болатынына кімнің таласы бар? Әншейінде кескестеп, тілін(виртуал) қанжардай жалаңдатып безейтіндер көрінбейді, неге? Неге екені бүтіндігіміздің шалалығында емес пе өзі?.. Ішқысастық пен көре алмастықтың бодауынан құтқарар кш бар ма? Гаста бауырым ағынан жарылып, жобасын ортаға тасатағаны — сол игілікті ісінің өзіне де, елеге де пайдасы болуын көздегені шығар. Олай болса көп көтерер жүктің бауының берік болуын неге жабыла тілемеске?… :-(
qisyq
Уа, қазақы тілдің қаймағын қалқып алған қаранар Қилызаман, дат!

Ішқысастық пен көре алмастықты жазбаның қай жыртығынан көрдің? Қай құрып кеткір қолданушы "Қап, Гаста, қап! Қайдан ғана осы кітапты жазамын дедің!? Мен ғой ол лайық мұндай дәрежеге, ме!" деп бетін тырнап, шашын жұлып, төбесінен төмен қарата күл құйып, жер сабалап отыр, айтшы? Қай антұрған тотияйын тілін тыққыштап «Гаста, күл бол, күл болмасаң бүл бол, мұныңнан дым шықпайды, тпү, мә, саған» деп саусағын шығарып, теріс қарап тоңқаңдайды, ашып көрсетші ақ-қарасын, уа, Қилызаман?
Бүтіндігіміз шала болса шала шығар. Бірақ, оның себебін айтылмаған тілек пен қадау-қадау өзің айтатын Қотанбайлардан іздеу ақымақтық өзі болмаса да, көзі деп білемін.
"Әншейінде кескестеп, тілін(виртуал) қанжардай жалаңдатып безейтіндер" жазып жатыр емес пе «көмегім қайдан» деп. Әлде оны «шықпағыр» көз көрмеді ме?
«Жақсы сөз — жарым ырыс» дейтін қазақтың құрық тілін қарына іліп, кең даланың төсінде бүкең-бүкең желген бөрі өзің едің! Ел болып талқылап, 150-ден астам пікір жазып, іс тілеулесі бар, іштей тілеулесі бар алқа-қотан отырғанда, бітпес, бұлдыр, бірсыдырғы, біртүрлі, бірсарынды базына айтып, шырқты бұзбаса керек-ті!
KILYZAMAN
Қазақы тілдің қаймағына зар заманнан өтіп, қара сөзден қырық өрім қамшы есетін нигіне заты сай емес бауырым;
150-ден астам пікір жазып, іс тілеулесі бар, іштей тілеулесі бар алқа-қотан отырғанда, бітпес, бұлдыр, бірсыдырғы, біртүрлі, бірсарынды базына айтып, шырқты бұзбаса керек-ті!
-деймісің? Санамаптым пікрірімді. Мәкүкірікті қайтейін. Реті келгенде Керек нәрсе іздейтінім бар еді… Таппай қалған жағдайда налитыным бар. Көп оқығандардың көп көргендермен салыстырғандағы екі жақтың да тыңдай білмеуінде деген ой келмейме өзіңе?
… Жарайды, алысқа бармайық! Осы посттың тізгініндегі азаматты шығармашылық тоқырауға ұшыратпаудың амалын әрқайсысымыз ойладық па?
qisyq
Көп оқығандардың көп көргендермен салыстырғандағы екі жақтың да тыңдай білмеуінде деген ой келмейме өзіңе?
Уа, Қилызаман, біздік зерде сенің сойып айтқан, салып айтқан сөздеріңді саралай алмай тұр, не өзің бір сөзді жазуды ұмыттың, не мен бейбақтың басы сөйлеміңнің мағынасына бойлай алмауда.
Бір қауым елдің жазған пікіріне «мәкүрік» деп қарау қызық екен, ағасы. Ниетіңді дұрыс түсінсем, ендігі жерде елемей қарайтын Қилызаманнан көңілім қалар. Дұрыс түсінбесем, ненің мәкүрік, ненің мәкүрік емес екенін ашып айтарсың.
Есіңде ме, әнеу бір жолы жазбамның тақырыбын оқып, өзін оқымай бас салып, мені «намыссыз» қыла жаздап едің ғой. Бұл жолы да соның кері келіп тұр ма деймін…
Кейбір қандастарға тән керенаулық пен керітартпалық, жар бермейтін мойын мен «бәрін бір мәкүріктік қатарға» қою қасиеті қадіріңізді кетірмесе жарар еді.
Осы посттың тізгініндегі азаматты шығармашылық тоқырауға ұшыратпаудың амалын әрқайсысымыз ойладық па?
Ойладым. Мен. Ойымды жоғарыда жаздым. Өкінішке орай, оны өзің «мәкүрік» жасап, жаһаннамға жібердің. Жә, ол менің шаруам емес.
KILYZAMAN
Қисық бауырым неге соншалықты нигіңдегі образға құштарсың? Мәкүрік дегенім: «Ойыма келгенімді(аузыма келген түкірікті) шамам жеткенінше еш бұқпантайсыз айтуға тырысқаным еді. Пікірімді болмаса рейтингімді санап санамды сансырататтын адам болсам, әлде қашан сансырап кетерме едім… Өміріме ризамын. Тек, қынжылтатыны сөзбұйдалықты жеңе алмай келе жатқаным»
qisyq
Үміт апай деген кім?
KILYZAMAN
Қисасаймасайшы енді…
qisyq
Жоқ, шын, сұрап тұрмын. Екі жерден көрдім осылай жазғаныңды (мүмкін, одан да көп шығар), кім екен деп ойлағаным ғой. Сұрағымды жауапсыз қалдырмас деген әлпеш үміт, аялы сезіммен...Қисық
KILYZAMAN
Үмітсіз — шайтан… Үміт деген есім әйелд адамдардың есімі!
KILYZAMAN
«намыссыз» қыла жаздап едің ғой.
— шарыққа шыдамаған қылышымда не қадір? Дейтұра, дәл солай айтпағаныма сенімім жетерлік. Нигіңді ауыстыр — мүмкін саралау жағына пайдасы тиер!
qisyq
Оқымадымда мына сандырағыңды… Тапсырыстың Тақырыьы!!! ҚАЗАҚҚА — Аллам ЖАҚ!…

Мына жерден.

пейіш іздеп шалқы аяқталушыоардың ойы деп танимын...(Қаттырақ айтуға қимадым, "өзіміздің ауылдың Қисығы қайда кетеді"-деп қоймайды Үміт апамыз

Бұл да соннан.
KILYZAMAN
Шынымен бауырым: Тақырып — ақырып тұрдан бастағанда, негатив сен сияқты орда бұзар жігіттердің не теңі? Ю
KILYZAMAN
Алдаспандай ауыр болу, алмас қылыштай жарқылдау десемше?
qisyq
Оу, Сіз әлі қайтпағансыз ба? Жоғарғы үйде үлкен көкемдер етке отырып жатыр, барсаңызшы.
KILYZAMAN
Етке дәмеленген дерттен сақтанатыным бар… :-(
qisyq
Нигімді ауыстырмаймын, онда неңіз бар?! Әлде кез келген құбылыстың сырт тұлғасы, бет-әлпетіне қарап бағалаушылардан ба едіңіз?
KILYZAMAN
Ол қалжыңымның түйіні болатын, оған келіп тізгініңді берудің керегі де жоқ… Беттен гөрі ***тің ұяты бар екенін түсінгелі қай заман! ;-) Қалжыңымды дұрыс түсінбей, тағыда бұйдалап жүрмеші…
Ahi
егер Шива қолдап кітап шығып жатса

А'узубилләһ! Шива қолдамақ түгілі, шыбынды да жарата алмайды. «Шынында, сендердің Аллаһтан өзге құлшылық және дұға ететіндерің, сол үшін жиналса да шыбынды да жарата алмайды» (Хаж сүресі, 73-аят).
satibaldi
Шива қолдамақ түгілі, шыбынды да жарата алмайды.
Құрыдың! Осы сөзің үшін келесі реинкарнацияңда ешкі болып жаратыласың да, Ермек Тұрсыновқа реквизит боласың!
Erlan
Электронды нұсқасын күтеміз
satibaldi
Немене, бір кітап үшін 450 000 теңге аяп тұрсың ба не? ПДФсоққыр дежавью!!!
Gulshat_gugu
Алдында бір кісі мақсатқа жетудің түрлі жолдарын көрсетіп еді, мақсаты — мультивитаминді ұлтарақ сату екен… мүмкін сол ұлтарақтың көмегімен бойға күш дарып, бодибильдинг жасағандай болып кететін шығармыз… бірақ кітабыңыз да артық болмас, сұлтаның нұрлансын десең, айтқанын істе дейді ғой, айтқандарыңыздың арқасында тал шыбықтай мың бұралып кетеміз ба кім біледі
dauitov
Жақсы бастама! Осындай кітап мектеп оқушысына бірінші, кейін көпшілік оқырманға ауадай қажет.Оның жоқтығынан адам құлшынып жаттықпайды, не өз бетінше жаттығам деп денсаулығына зиян келтіреді.Егер Атамұра баспасы қолдайтын болса, көңілдерінен шығып, басуды да, таратуды да мойындарына алатын еді.Сәттілік тілеймін!
satibaldi
Жақсы бастама!
Сіздің осы бағаңызды күткелі жарты жылдың жүзі болды
dauitov
Жарты емес жақында бүтін жыл болады.Бұл кітап сонда шығып қойды ма?Әлде, екі мың отызға қалды ма.
satibaldi
2030 деген қазірде мем емес, басқа бір сөз айтшы нақ
Gastarbaiter
Кітап шыққан жоқ, шықса бірінші осы жерге жазамын. Шыны керек бос уақытым көп кезде оңай шаруа көрінді. Қазір жағдай сәл өзгерді.
Бірақ реалдағы кейбір достар күле қараған осындағы идеяға әу дегеннен қалпағын аспанға лақтырып қуанып, қолдап, барымен базар қылуға дайын болған амиголар алдында ұяттымын. Әзірге тек арманыма қолымды бір сілтемегенімді және керекшілердің кеңестері түбінде рәсуа болмайтынына ғана серт беремін.
dauitov
Мен жазбаны Сатыбалды жазған деп қалдым.Пікірлері де көп тұрды.Көз жүгіртіп өткеде.Адам арманы әрқашан орындала бермейді.Кейде күдеріңді үзгенде бір жетістікке қолың жетіп аң-таң боп қаласың.Не оған бұрынғымды бермей ендігіңнің құны маған көк тиын деп ренжіп те қаласың.Бірақ ол жетістік кездейсоқтық емес, сол алдыңғы еш кетті деп жүрген еңбегіңнің қайтарымы болып шығады.Мен не жазсам да, шықпай қалса да соған өзім кінәлі боп шығам.Яғни, бір жерлері жетпей тұрса әдейі бәрі қырсығады.Қолжазбаңды тағы да жақсылап талдап, толықтап, күзеп, түзеп шықсаң баспагерлер өзі де табыла кетеді.
dauitov
Керекті сатып алып қойсаң да кербақпай дұрыс жауап берсеңші! Кітапты қазір екінің бірі жазады.Соны шығаруға келгенде бәрі сағызша созылып кейінге қала береді.Шықса шықты деп айт, шықпаса жоқ де.
salta
ибайиииии, не болд сонша долданып? қандай разница шықса да шықпаса да, боқ кітаптың бірі болып қалад та әр жерде…
satibaldi
Мындағы әңгіменің ауанынан шыққан-шықпағанын өзі шамалайтын интеллекті бар шығар десем, Сіз де «Егемен Қазақстанмен» өсіп пе едіңіз?
salta
мен оқыған жоқпын, тақырыбы мен соңғы комментке қарадым да, жауап бере салдым… сөкпеңіз енді...
dauitov
Долданған сіз шығарсыз.Шабына от түскендей кеп қыстырылысқан.Кітапты боққа теңеме!
salta
менің шабымда нең бар ей?  сол кітапты оқып, жынды фигурная болайын деген арманыңыздың қанатына от жағып жібердім бе? кеееееет, біііііләт, гомиктар и так та көп қой, артымен тумаса да көбейіп жатқан… қайтед ей…
dauitov
Мен шақсам тілім сенен де ащы.Бірақ сондайдың бәрі шағылысып кеп түбінде өзіңді табады.Сондықтан ілінісе берме
salta
массаған! қорқам! шығасың ба не дейсің бе? )))))
satibaldi
Уа, Исаның ала жібін аттап көрмеген Аһмадидің ширк қатушы мүмміндері, жаңа маздаған соғыс өртіне май бүркіп, айтақтап-үриттеп отырайық! Бірін біріне қосып, ауыздарына ақ спаниель кіріп, көк пудель шыққанын көрмесек, елдігіміз қайсы, кісілігіміз қайсы?
Айтааақ, айтааақ, айтааақ!!! Фьшть, фьшть, фьшть, фьшть! Үрит, үрит, үрит!!! Ақтөөөөс, кә, кә, кә! Жолбарыс, ссү, ссү, ссү!!!
salta
әкеш бетті, екеуімізден басқа жан жоқ екен мына жерде…
satibaldi
Келеді қазір, күндесің қолдары дір-дір етіп темекі шегіп, жаңа балағаттар ойланып келуге кетті.
salta
маған сіз болсаңыз болд та...
satibaldi
Түсінбедім: кім кіммен нетісіп жатыр еді?
salta
олардың бары не жоғы не, бәрібір емес пе? сіз тіреске жақсысыз ғой.
satibaldi
О баста ізгі мақсатпен ашылған посттың құтын қашырмайық деп, мәдениетсіп-көсемсіп кетсем — Makhabbat -тың көздерінің диаметрі қанша бірлікке кеңейіп кетер екен?
dauitov
Бәрін қарап отырмай жазбаның иесі өзіңнен сұрайын дедім.Маған басқалардың пікірі маңызды емес.
dauitov
Сатыбалды! Сен біраз дүниені қиратуға анық бел буған екенсің.Алдыңнан жарылқасын! Бірақ адамдардың бәрі өз бетінше жайылып жүретін отардағы қой емес.Біздің таудағы үйде бір жетім өскен тоқты болған.Қоршауда, шөптің ішінде жүретін.Соны мен өз бетінше қоймен жүріп жайылсын деп шығарып жіберіп пәлеге қалғам.Шығарған бойда беталған жаққа кетіп жоғалды.Сол сияқты өмірде шектеулер қажет.Бәрібірде ұстанымдар, шектеулер, сенімдер бола береді.
satibaldi
Менде кінә жоқ. © Жантас.

P.S. Айтпақшы, ауылшаруашылық сипаттағы мысалыңыз ұнады.
salta
қатты сынамаңызшы, емен емес қой, мұндай сынға шыдайтын. бала әлі, тіні қатпаған. тақ шо, байсалды да, ақылды сөздермен тәнті етсеңізші. в шоке ғой мынау, нашатыр да көмектеспейтән сияқты...
satibaldi
Құлахер ме, Боливар ма еді — екі пяншікті көтере алмайды деген нақ ыл бар еді. Мен кетейін бұл үйден, мен кетейін! © Рәзия әже.
satibaldi
Соның арасында 19852407 — она же — Гүлфайрыс Уәлиахмет келіп қалғанын көрмейсіңдер ме? Бейбіт Қорғанды тірілей жеп қойған шығар нақ.
salta
Бейбіт причем тут?
satibaldi
Қаззақ БАҚ-тары келесі дүйсенбіден бастап маңырайд, сонда естірсің.
mercedes
Сонымен кітап не болды?
Gastarbaiter
Шабыт келгенде ұрып жатырмын әлі.
Көлемі баспагерді жылатарлықтай. Ықшамдау керек. Қиыны да сол.
AydanaAbdrahmanova
Сонымен кітап шықты ма, ағай?