Жаңа әндерден тыңдай отырыңыздар.

Мына әндерді алдында алдында радиодан естіп жүрген едім. Бүгін эмпүш нұсқасын тауып алып сіздермен бөліскім келіп отыр.

1. Қанат Үмбетов — Шамшырағым

2. Лашын Мұратқызы — Сағыныш
Бөлісу:

20 пікір

AKA
Уаууу, «Шамшырағым» әні тұр ғой мында, кеРремееет!
saken
керРРРемет ән иә?
әні мен сөзін жазған Тоқтар Серік екен.
AKA
Иәә, ғашықпын ғой осы әнге, бұрын «Алтын Самұрық» квинтетінің әншісі еді, қазір Тоқтар Серіковтың шәкірті.
saken
Қанат Үмбетов жайлы тіптен білмейді де екенмін. Тек осы әні арқылы танысып отырмын өнерімен.
Ал төмендегі екінші әнді орындайтын Лашын Мұратқызы қателеспесем Қазақ радиосында қызмет етеді ғой деймін.
meirzhan
Лашын Мұратқызы саунд-сазгер болуы керек.
VKM
Рахмет, білім қорыма қосып қойдым
asaubota
рахмет Сәкен, жақсы әндер екен.
Xansha
. Сәкен аға, сіз қайдан ғана сүзіп аласыз осындай әндерді?.. Әлі таң қалам))).
П.с.: Тоқтар ма деп қалдым айтыватқан.
Gamk
Қанат Үмбетов дейді? Бізде жұмыс істеген бір жігіт бар еді. Ол ән айта алмайды бірақ.
Бұл понт емес, жәй аттары бірдей екен.
Abilakim
көшіру сілтемелерін берсеңізші…
TERISKEY
Лашын Мұратқызының мына әні кімде бар екен? Барларыңыздан хабар күтем, беріңіздерші…
meirzhan
Радиодан беріп жатады. Содан қалтафонға жазып алуға болады.
TERISKEY
Рахмет, жүктегілері келсе, мына жерден табуға болады екен: www.kazstars.com/load/l/lashyn_m_rat_yzy_sa_ynysh/15-1-0-763
sammita
@Aldaspan-ың мұқалмасын, рахмет.
meirzhan
Рахмет, ерінбей жалықпай сілтеме бергеніңе. қолың дерт көрмесін, жүктеп алдым.
Lyaila
Сағынышқа жетелейтін әндер екен
Расында,Қанаттың ән айту манері Тоқтар Серіковке ұқсайды)
saken
www.kiwi.kz — ке тіркелгендер көшіре алады ғой негізі, жоғарыдағы әндер жазулы тұрған жерден.
meirzhan
Қазақтың жақсы жаңа әндерімен бөліскенге пост авторына мың да бір рахмет.
Aigolek
калай андай гып ан иледмин?
sammita
www.kiwi.kz сайтына әнді тіркеп, сілтемесін осында қоясыз. Басқа жолы да бар шығар.