Түркістан легионы

Біз білмейтін қазақтар: Түркістан легионы
Түркістан легионы туралы не білеміз? Біреулер үшін олар батырлар, ал біреулер үшін олар Отан сатқындары, жаулар. Қалай болғанда да олар болды, тарихта қалады.

Түркістан легионы 1941 жылдың аяғында Мұстафа Шоқайдың өлімінен кейін 1942-де Вели Каййум хан тарапынан құрылған екен. Тұтқындағы түркістандықтарды құтқарып қалудың басқа амалы болмаған сияқты ол кезде. Бір жағынан жан сақтап қалу, бір жағынан 30-шы жылдардағы аштықты, 37-дегі қызыл қырғынды көрген бұл адамдар орыстарға қарсы соғысудан қашпаған сияқты.
Әрі қарай

Асығыс жасалған жоба!

«Екі жұлдыз» басталды тағы да. Нешіншісі екенінен шатасып қалдым шынымды айтсам. Әрбір жерінен бақылайтынмын бұрындары да(Бір қатын, бір телебзірге қараған күнің құрысын!). Асығыс жасалғаны көрініп тұр.
Жанболат пен Жазира.Неге олар? Ол кісілер онсызда бірге ән айтып жүрген жарасымды жұп қой. Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса...«А-лау» дует жайлы да осыны айтар ем…
Әрі қарай

Қазақтардың суйцид жайлы өлеңі

Қазақтарда эротикалық өлеңдер болғанын көбіңіз білесіздер. Мысалы:
«Шақшаны қағып-қағып атқан қандай,
Қасына сұлу қыздың жатқан қандай» деп басталып кете берсе, Жарылғапбердінің «Шама» әнінде кәдімгідей көріністер қылаң беріп жатады. Жә, әңгіме бұл жайлы емес. Әңгіме суйцид жайлы. Өзін-өзі өлтіруге шақыратын өлеңдер бұрыннан бар екен. Музыка саласын ұзақ зерттеуімнің арқасында оны да тауып, дәлел ретінде ұсынып отырмын
Міне:
«Зәулім-зәулім ағашқа асылайық еркем-ай...»
Әрі қарай

Сисадминді наққа жібереміз!ба?ба?ба?

Құрметті Керектіктер! Тәәәәк бүгін не бүлдірдім? Негізі ешнәрсе! Мұнда Windows 7-нің кішігірім жыртығын таптым десем, асылық боп кетпес пе екен (мүмкін алдын байқағандар да бар шығар)! Кейде бір интернет кафелерге барғанда немесе жұмыс орныңызда бір программаларды орнатайын десеңіз Гость режимінде немеме Админ тарапынан шектеу болғандықтан орнатылымға рұқсат етілмей қаныңызды ішіп бітіреді. Ондай жағдайда көп мәселені былайша оп-оңай шешесіз!
Әрі қарай

Көгілдірлердің қамы

Егер 18-19 ғасырда осындай опция жасасаң, жоба CEO-сы:«жынысы еркек болса — автоматты түрде әйел, ал әйел болса — автоматты түрде — еркекті ұнататын қылып қоймайсың ба?» деп, ұрысар ма еді? Не болмаса Оскар Уайльд
Әрі қарай

Көше этюдтері: Нұркен "Үлкен Үрей" (мультик сыр)

Барлығымыздың тоқ ішегіміздің түкпірінде жатқан үрейіміз бар. Олардың қорқыныштылығы сондай: тіпті дауыстап айтып көруге де тасың дірілдеп, мандраж ұстап сала бересің. Мысалы, жақын адамыңды жоғалтуды ойлап көру сияқты.
Бірақ, бала күндердегі үрейлер қазіргіден басқаша болған сияқты. Әйтеуір үрейіміз өлімнен басқа нәрсе болатын. Өлім туралы ойламақ түгілі, тіпті өлім — тек кәрі кемпір мен шалдармен болатын — ну енД, андай* оқиға сияқты көрінетін еді. Содан ба: кәрі-құртаң біреуді Аид патшалығына аттанып кетті десе… құлақ мүжіп, кәмпит жеймін
Әрі қарай

Тәржіма!!!

«Аццсотоно» каналында «День Независмости» пантастикалық блокбасқыры болып өтті жаңа. Мынабір сабтитрінен кесемді тасыма аударып, ұрпақсыз қала жаздадым нақ:
"… После Вьетнама работал на сельском хозяйстве, сеял на поля семена".
Субтитр:
"… Вьетнамнан кейін ауылшаруашылықта жұмыс істедім, егістік алқаптарына ұрық шаштым...".
Әрі қарай

500 бірлік ұтып ал да, шашыңды жұлып қуан!!!

«Кейігім келіп тұрғасын кейіп тұрмын да!» — деп кейіді Ол сонда". ©Евангелие от Амандық, псалом "Құрыған адамдарға", стих 32:64

Бәйгеде — «Activ» 500 бірлік.
Шарт: кім бірінші шешсе, жүктеп алған соң, 13 санды осы жерге жарияласын.
Әрі қарай

Бензіннің летірі 18 теңге...

"Қай жақта?"-деп отырған жеріңізден атып тұрмай-ақ қойыңыз. Баяғыда, жайлауда естіген әңгімем ғой бұл. Үлкендер өзара әрнені қыртысып отыр. Бір кезде біреуі«Бензіннің летірі 18 теңге болды, 20-ға барғанда жаяу жүретін шығармыз...» деді. Содан бері әжептеуір уақыт өтіп, бензін бағасы да әжептеуір өзгеріске ұшырыпты. Бірақ, машинасын қаңтарып қойып жаяу жүріп жүрген бірі жоқ.
Әрі қарай