Біз қандаймыз?

Найт:

ОТбасымен бірге болған, достардың ортасында шалқып отырған, Альмира мен Аянаны жұбатқан, еркелеткен, иіскеген. Мамамды күлдірген, бірге зарядка жасаған. Спортзалда тер шығарған. Интернетте қаңғыған. Секс.
Әрі қарай

Еріккендер ойлап тапқан ойлар:Әбіләкімнің ұнататын һәм ұнатпайтындары.

Нұрғиса бауырымыз маған Азиада алауын эстафета таяқшасын ұстатқан екен. Олай болса:
ҰНАЙДЫ: ақсақалдардың салиқалы әңгімесі(әжелердің), жылқы, атқа міну, жайлау, киіз үй, баласын бесікке бөлейтіндер, тазы иттер, ақшалы болса да қарапайым жандар, әдемі пастар мен голдар, тәтті шырындар, алма, қауын-қарбыз, манты(тамақ жағын осымен тоқтатамын), көшеде бала-шағасымен жүрген адамдар, ашық-шашық киінбейтін қыздар, туған-туыстарымның қажетіне жарау, КЕРЕКИНФО,
Әрі қарай

Бельгия - Қазақстан. Еуро-2012 іріктеу матчы



Бүгін Еуро-2012 іріктеу матчтары жалғасады. Біздің қарсыласымыз Бельгия құрамасы. Бұрын Бельгиямен олардың алаңында тең ойнағанымыз бар еді, бұл жолы қалай болатынын көреміз. Букмекерлердің айтуынша біз таза жеңілеміз:

П1 — 1.08 Х — 9.36 П2 — 24.63
Әрі қарай

Тәуелсіздіктің 20 қаһарманы (анкета)



Тәуелсіздіктің 20 қаһарманын анықтайық. Бұл анкетаға қатысу үшін маған жеке хат арқылы 1991-2011 жылдары аралығында елімізге еңбегі сіңген 10 адамның тізімін жібересіз. Хаттар 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Есімдері көп аталған адамдар жинаған ұпайлары бойынша реттеледі. Анкетаңыз құпия күйінде қалады, еш жерде жарияланбайды.

Анкеталар тек қана жеке хат арқылы қабылданады.
Әрі қарай

Еріккен ойлар: шамамен осындаймыз

Ұнамайды:
-«айланып», "ұрсысу" деп айтатын-жазатын адамдар;
— фантастика қарап отырып: «мынауы таза өтірік енді!» деп каммент айтатын жасы қырықтан асқан мәмбеттер;
— кино қарап отырғанда сөйлейтіндер;
— қазақша жұмбақтар мен ертегілер;
— орысшадан аударылған әнектер;
— әлемдегі оқиғаларға байланысты ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің мәлімдемелері;
Әрі қарай

Тойға арналған тілектер базасын жасайық

Жақында туыстарымыздың қызы ұзатылды. Алыстағы келе алмай қалған туыстардың атынан құттықтау жазып, апарып беру деген тапсырма алдым, әбден той боларға бес-алты сағат қалғанда. Жұмыстың да қызып тұрған кезі, интернет ағамызға жүгінбекші болдым. Сондағы тапқаным бір сайт (қалғандары сондағыны көшіріп салып қойыпты): www.kuttybolsyn.kz, оның өзінде толып тұрған жоқ. Содан не керек, ең қызығы, құттықтауды жазып, түрлі-түсті принтерден шығарып, оны открыткаға жабыстырып апарып берген едім, той үстінде бір ағам сөйлеп тұр, айтқан сөздері дәлме-дәл әлгі сайттағысы, бір сөзін де өзгертпестен айтып берді! (Дәл сол сөздерді құттықтауға жазып қойып, абырой болғанда, орын жетпей алып тастап едім)

Сөйтіп қысылтаяң тілек іздеу үстінде осы бір идея келді: нағыз керекинфоның бірі болар еді, егер осы қауымдастыққа тойға, туған күнге, т.с.с. қуаныштарда айтылатын тілектерді салып тұрсақ. Осындағы сен тұр мен атайын шешендерді бай қазыналарымен бөлісуге шақырамын!
Әрі қарай