Абайдың қара сөздері - VI сөз

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік — ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды — тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас, — болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
Әрі қарай

Фавн лабиринті. Көңіл мен көзді қатар сендіретін Кино



IN CONSILIIS NOSTRIS FATUM NOSTRUM EST»
«БІЗДІҢ ШЕШІМІМІЗ – БІЗДІҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ»
Фавн лабиринтінің қақпасындағы жазу


«Теп-тегіс, жұмыр келген айналасы» /Абай/ туынды ілуде ғана, қанша жерден сапалы дегенмен, әлдебір тұсы көңілге қиыс келіп тұрады. Кірпік қақпай көретін фильм, бас алмай, күндіз-түні жата-жастана оқитын кітап, мың қайтар тыңдалса да жалықтырмайтын ән-әуен сирек кездеседі. Бірақ, кездеспей де қоймайды. «Фавн лабиринті» мен көрген сапасы аса жоғары саны аз жобалардың бірі болды.
Әрі қарай

Барымызды бағалай білейік...

Доңғалақтың қолданыста пайда болуы жайлы бір жерден оқып едім. Түпнұсқасын қояйын деп, түйіншектерімнен таппадым. Есімде қалғаны: "Қаңлыдан ұл туса, ағашқа күн туады" — мәтелінің аржағында не тұр екен, деген ойдың келесі бір ойға душар қылғаны. Сол жерде доңғалақ жайлы әңгіме бар еді…
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: manshukn

manshukn — Mәншүк Ахметова — 1990 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Сонда орта мектепті аяқтап, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курс студенті.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Негізі, осы блогосфераға біз Асхат ағайдың ( urimtal) сабағының арқасында келгенбіз (осындағы көп қолданушылар да). Ал керекке наурыз айындағы блогкемпке тіркелу кезінде, осы dabai.kz-ға тіркелдім. Ол ақпан айы болатын. Пост жазу, пікір қалдыра бастаған уақыт маусым айында уордпресс ашылмай жүрген кезде басталды. Содан бері күнделікті кіретін болдым.
Әрі қарай

Мұқаңа арнау

Кешіп өтіп жалғанның сын қатпарын,
Жарып кетті биігін мұздақтарын.
Гүрілдеген, тасыған өмір-өзен,
Шіркін ақын ағамнан мін таппадың.

Дантенің "Құдіретті комедиясын",
Аударып қазақшаға оқығансың.
Өмірге өткір қыран көзбен қарап,
Өлеңді өрмекшідей тоқығансың.

Жылататын жүректі жыр айтқанда,
Бірде лаулап,
кейде бір мұз қатқанба?
Қайрылған шаш,
Кең маңдай,
Терең ойлы!
Керемет қой қаламы тіл қатқанда.

Суретінен Мұқаңның көп сұраймын,
«Аққулар ұйықтағанда»
О,Құдайым,
«Музасымен» ақынның таныстыршы.
Бір сезініп қалайын,
ақ шырайын.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері һәм EPUB


… Сонымен…
Барлығыңыз .pdf немесе .djvu секілді электронды құжат форматтарын білесіздер. Осы күні .mp3 дегенді жас та, кәрі де үйреніп алғандай, жаңағы айтқан .pdf секілді .epub деп аталатын электронды кітап форматтары күнделікті қолданысымызға еніп жатыр. Себеп, Apple шығаратын iPad бастаған планшеттер мен Amazon Kindle қостаған сан алуан электронды кітап оқу құралдарының пайда болуы. Бұл форматтың артықшылығы сол .pdf секілді салмағы ауыр емес және электронды құрылғыға салып оқығанда кітап өлшеміне байланысты қиындықтар туындамайды. Өйткені, оның белгілі бір өлшемі жоқ. Мұндай e-кітап құрылғыңыздың экран өлшеміне сай өзі мөлшерін келтіріп алады. Сондай-ақ, кітап оқу барысында сіз оны көлденең де, тікесінен де оқи аласыз. Әріптерді үлкейту, кішірейту немесе оқып жатқан бетіңізге қыстырма салу, мазмұны арқылы беттер немесе бөлімдер арасында жылдам ауысу жағы өте жақсы қарастырылған.
Әдетте, iPad немесе соның тумаластары, сондай-ақ Андройд операциялық жүйесімен жұмыс істейтін қалтафоны немесе басқа да қазіргі заманғы гаджеттермен қаруланғандар үшін осы форматтағы қазақша кітаптар жоқтың қасы. Өзім жаңа ғана айтып өткен құрылғылардың барлығын пайдаланып жүргендіктен, әрине, менде де осы форматтағы кітап оқу қажеттілігі туындады. Бірақ, жоқ нәрсені қалай болдырамыз?.. Айналып келгенде, осы сұраққа жауапты өзіме-өзім бергім келді де Google-шейхқа қайта жүгіндім. Бетімді қайтармады. Еш қиналмастан білгенімен бөлісті. Сөйтіп, дәл қазір мен сіздерге ұсынғалы отырған Абайдың қара сөздері epub форматында өмірге келді. Оны мына жерден жүктеп ала аласыздар: Абайдың қара сөздері (EPUB)
Кейбір қызығушылық білдіретін адамдар үшін бұл форматтағы кітап қандай болатынын, қалай пайдаланатынын iPad планшетімде және Android қалтафонымда іс жүзінде түсіріп, осында салып отырмын. Әлі бейнекамераға қолым жетпей жүр, сондықтан уебкаммен түсірген видеомның сапасы үшін сөге көрмеңіздер.
Кітаптағы қара сөздер түгелімен adebiet.kz сайтынан алынды. Сұрап жатпадым ал, ренжімесін… Кері байланыс арқылы хат жазып едім, он шақты рет каптчаны дұрыс жазбадың деп лақтырып тастады. Егер осы сайттың иелерінен біреу-міреу менің бұл әрекетімді құп көрмей, “Материалдарды кері қайтар. Керек болса, өзің теріп, өзің сканерлеп ал!” десе, онда әрине, айтқанды тыңдауға тура келеді. Дейтұрғанмен, қабыл алыңыздар!
“Абайдың қара сөздері” iPad-та:


“Абайдың қара сөздері” Android-та:


timurdan.info/?p=813
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: madlen

madlen — Маржан Тулеева — 1987 ж. 18 сәуірде ОҚО дүниеге келген. Қазығұрт ауданында мектепті бітіріп, Алматыдағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түседі. Оны 2008 ж. аяқтайды. Қазір «Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Нақты есімде жоқ. Тіркелген күнім 09 ақпан 2011, 12:37 деп тұр. Дегенмен, көпшілік юзерлар сияқты Блогкэмптен соң келдім деп ойлаймын. Ал Блогкэмпке Салтанат (Балғырған) жетектеп алып келгені үшін оған үлкен рахмет айтамын.
Әрі қарай