Афроцирктен Америкалық зоопаркке дейін


"Мадагаскар 3" Нью-Йорк зоопаркінен қашқан арыстан Алекс, зебра Марти, керік Мелман және сусиыр Глорияның ұзақ саяхаттан кейінгі "үйлеріне" қайта оралу жолындағы тағы бір әрекетін баяндайды. Бұлар осы жолы пингвиндер мен маймылдар жасаған ұшақпен келе жатып, тағы да апатқа ұшырайды. Елге қайтуға үміт үзілді дегенде, тағы бір мүмкіндік пайда болады: егер олар Еуропаны аралап, өнер көрсетіп жүрген цирктің құрамына қосылса, Нью-Йоркқа да жетуге болады. Бірақ өнерлі жануарлардың қатарына қосылу да оңай емес…
Әрі қарай

Майқұдық бүгін біртүрлі....©

Кеше еліміздің қай аймақтарында жауын-шашын болғанынан хабарым жоқ. Бірақ, мынау біздің Майқұдықтың жауын сәтіндегі көрінісі. «Топан су басты даланы!» деген бір өлең бар еді ғой (ННбек, Бақай) соны еске салды әйтеуір кім айтса да.



Жиенім Ислам. Басында қайыққа мінемін деп батырсынып тұрған, судың екпіні астындағы "қайығын " шайқағанда жылап жіберді)))
Әрі қарай

Төлеген "Бекежанды" шынымен жеңді ме?

Әлем халқының көбісі теңбіл допқа телміріп отырғанда, қазақ даласында біреулер біреулермен жұдырықтасып жатты.Өзіндік ережелері бар ережесіз төбелестен өткен бұл жұдырықтасуды еліміздің арналары бере қоймады. Әлемдік рейтингте біздің жігіттердің қандай дәрежеде тұрғанын кім білсін. Білетініміз, Төлеген ақылбеков атты(лақап аты «Аттила» жігітімізге қарсы Боб Сапптың шығуы. Иә, кейбіріміздің есімізде кинолар арқылы, кейбіріміздің есімізде Майк Тайсонды ринге шақыруы арқылы қалған Боб қой. Әйтеуір жаңалықтарда оның жеңілгені жайлы айтып өтті. Кішкене бейнесюжетері де болды. Өз басым толық көрмеген соң әлгі көріістен оның жеңілгеніне сене алмадым.Жасы келген Бобтың әйтеуір көп жерде шоу жасап жүргені анық.
«Найман» деген есерсоқ та жеңіліп қалыпты. БІрер жеңісінде әйгілі Тито Ортиздің жеңген сәттегі қимылдарын салатын осыбір жігітке бір жағынан сол керек.
Суреткесілтеме
Әрі қарай

УЕФА қақпашыларды қолдайды



УЕФА-ның Денсаулық сақтау және футболшы психологиясы департаментінің зерттеулері бойынша футбол ойыны кезінде ең көп психологиялық зардап шегуші аймақ қақпашылар екен. Қақпасына гол жіберудің өзі оларға соққы болғанымен, өз командасының голдарына да көппен бірге қуана алмауы олардың психикаларына үлкен әсер етеді екен. Осындай себептердің салдарынан қақпашылардың жеке өмірлерінде түрлі мәселелер туындап жатады. Атап айтқанда суицид оқиғалары, агрессия және ажырасу жиі кездеседі.

Департаменттің 5 жылғы сараптамасы оң нәтиже беріп, УЕФА басшылығы қақпашыларды бұдан кейін ерекше қамқорлыққа алатын болды. УЕФА президенті Мишель Платини бұдан кейін қақпа артында 5 адамнан құралған қақпашының отбасы мүшелері немесе достарынан құралған топтың тұруына рұқсат берді және бұл топ команда гол соққанан кейін 1 минуты аспайтын уақыт ішінде алаңға кіріп, қақпашымен бірге гол қуанышын бірге бөлісе алады. Сондай-ақ ойын кезінде қақпа артында тұрып қақпашымен әңгімелісіп тұруларына да рұқсат. Аталмыш шара 8 маусым күні Польша және Украинада өтетін Еуропа елдері біріншілігі ойындарында алғаш рет іске қосылмақшы.
Әрі қарай

D тобы


Украина Еуропа чемпионатына бірінші рет қатысайын деп отыр. Англияның соңғы үлкен жеңісін көргендер қазір елудің үстіне шықты. Шведтерден чемпиондық күту ұят сияқты. Ал, француздар болса 1998-2000 жылдардағы ғажайып күйінен адасып қалды.
Әрі қарай

C тобы


ИИИХ… Түшкіргем жоқ. Бұл С тобының аббревиатурасы.  Мұнда фаворит анық, аутсайдер де бірден танылатын сияқты. Бірақ, бәрі тым қарапайым деуге болмас.
Әрі қарай