Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 4 бөлім. Соңы

(Соңы. Басы — мұнда)




Жас қазақ: Орыстарда пушкинтану ол дүниеден өткесiн кемi елу жылдан кейiн басталды. Ал қазақта Абай қайтыс болған соң арада он-он бес жыл өтiсiмен-ақ ақын туралы сөздер айтыла бастады. Оған алашордашылардың еңбектерi куә. Бұл ұлысын тануда қазақтың орыстан зеректiгiн аңғартпай ма?

Өтежан Нұрғалиев: Алаш орданың ақындары Абайға мүлде ұқсамайды. Олар Абайдың әсерiнсiз, ықпалынсыз қалыптасқандар. Сендерге оңашалап айтайын, олардың бәрi – орыс ақындарының көшiрмесi.
Әрі қарай

Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 3 бөлім.

(Ертайы. Басы — мұнда)



Борхес – қазақтың Сегiз серiсi


Жас қазақ: Неге олай? Аргентин Борхестi оқысаңыз, эфталит, ғұн, галл мен гот секiлдi халықтардың ұрпағына мұра еткен тарихы жоқ, дәстүрлi тарих тек Өлi теңiз жағалауындағы халықтарда ғана бар дейдi. Олардың арабтар мен еврейлер екенi белiгiлi.

Өтежан Нұрғалиев: Борхес – бiздiң заманның Сегiз серiсi. Сендер оның атын ғана бiлесiңдер. Бүкiл қазақтың оңай өлең шығаратын, бес минутта бүкiл тарихты жырлап беретiн
Әрі қарай

Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 2 бөлім.

(Ертайы. Басы — мұнда)




Жас қазақ: Егер шығармаларын жiлiгiн шағып, майын iшiп оқитын, ойлы, терең оқырман қауымы пайда болса, Мұқағали, Жұмекендердiң жұлдызы жаңадан жарқырайды демексiз бе?
Әрі қарай

Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 1 бөлім.

Көвәріп оқығысы келмейтіндерге фабула: Өтежан амигос қазіргі тренд ақын-жазушысымақтардың жаттанды обрызын аршып тастап, оларға басқаша көзқарас ұнсынады.
Негізі, көвәріп болса да іштерің пыспайды.




Менен мықты ақын шықса, қуанар едiм. Бiрақ ондай ақын жоқ («Жас қазақ», №32, 2008)
Әрі қарай

Линкольнның басын берсін, Гранттың тасын берсін!

Қолдан жасалған фото мен монтаждың тарихы – Сиэтлде “Адоуб” ЖШС өзінің “Фотошопақ” атты тауар белгісін тіркегеннен басталды деу авесттік болар еді, Arhun -сстың. Тарихтың тасақ беттерін аударыстырсақ, монтаждау тарихы сонау фотоға түсіру өнері басталған уақыттарға дейін кететін көрінеді.
Әрі қарай

Кондиционердің қазақшасы қалай?


Басқа тілден кірген, қолданыста жүрген тұрмыстық-техникалық заттар көп. Телефон, телевизор, сотка, компьютер, колонка және т.б. көп. Енді қазекем өз кезегінде қарап отырмай, осы терминдердің барлығын қазақшаға аударып шығады. Нәтижесінде қазақша жаңа сөздер пайда болады. Естіген құлақ қызық аудармалар көп. Телефон — сымтетік, сотка — ұялы сымтетік, немесе қалтафон, телевизор — теледидар, көгілдір экран деп жатамыз, айта берсең тізбектеліп кете береді.

Бүгін таңертең жұмысқа келсек, әріптес ағамыз (әрі ұстазымыз) екі жаңа сөз үйреніп келдім деп жаңалығын айта отырды. «Кондиционер» сөзінің қазақшасы қандай деп сұрақ қойды. «Салқындатқыш, желдеткіш және тб» сөздерді айттық, дұрыс емес деп жауап қайтарды. ФБ-дан сұрап көрдім, жауап келмеді. Бір уақытта табылды жауабы: «Ауабаптағыш!» біреулеріңіз естіген де боларсыздар, бірақ маған қызық көрінді. Салқындатқыш сияқты көрінеді кондер, бірақ ол толық мәнін ашып бере алмайды, ал «Ауабаптағыш» шынында да сәйкес келетін сияқты, арнайы шектегі ауаны баптайтын міндеті болғандықтан.

Екіншісін айтайын ба? Аға прокурор деген, «кәттә прокурор» екен)))))))))))))))))))))))))
Әрі қарай

Жадовская vs Асан Қайғы, fight! Мағауин wins!!!

Оля vs Асан, fight! Бджж-бджж! Ы-уу-әқ-қа-қа!

Көвәріп оқуға ерінетін адамдарға фабуласы:
Очм халық барып Мухычқа айтад та, «Мухырло, „Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады“ — Асан қайғыныкі емес!» деп. Оған Мухырло, сонша кітап жазған ғалымның қызығушылығының орнына: "қасымды ауыртпай, жоғалыңдарЧ нақ!" дейді. Ғылыми пактіге қатынасы осындай адамның тарихи
Әрі қарай

Жаман айтпапты

Он жеті жасымда келіп едім

Біздің ауылда Қабен деген қария өмір сүрді. Ескіше де, жаңаша да оқыған, сауатты, көрген-түйгені мол адам еді. Қалжыңға да шебер болатын, бір айыбы — өтірікті тым көп айтатын. Сондықтан ол айтыпты деген сөзге сырын білетін адамдар илана бермейтін.
Әрі қарай

Шайтан бар ма?

Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Әрі қарай