Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы "Масаң Нұрберген" метеорология тарихына енді

Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы Масаң Нұрберген метеорология тарихына енді
Өткен аптада еліміздің батыс аймағын, Ресейдің Астрахань облысын, Әзірбайжан және Иран жағалауларын әурелеңге түсірген сұрапыл дауылға «Масаң Нұрберген» аты берілді. Синоптиктер дауылдың жылдамдығы сағатына 14.5 шақырымға дейін жетіп, Каспий теңізінде биіктігі 1-1.3 метрлік толқындар көтеріледі деп болжап отыр. Атырау қорқыныш құрсауында. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі тас-түйін дайындалып жатыр. Тамадалар тойларын, балықшылар арақтарын, облыс орталығына қатынайтын таксистер рейстерін шұғыл түрде тоқтатуға мәжбүр. Автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер де уақытша жабылуы мүмкін. Бүгін облыстың танымал синоптигі Ақсел Көшімхан шұғыл жиналысын өткізіп, табиғаттың төтенше мінезіне қарсы дайындық шараларының барысын пысықтады.

Ақсел Көшімхан:
— Алдымен баршаңызды осындай сұрапыл дауылға қазақша ат беріліп, әлем метеорологиясы тарихына енуімізбен құттықтағым келіп отыр. Әлемде мұндай оқиғаларға атты кім, қалай берілетінін білмейміз. Дегенмен біз осылай атауды жөн көрдік. Дауылдың мінезі дәл сондай еді, масаң кісінің мінезіне ұқсайтын. Дауыл бір көтеріліп, бір түсіп, бір кетіп қалып, қайтып келіп, арасында жаңбырмен «жылап» та алды. Басқаша атауымыз мүмкін емес еді. Жалпы желді, дауылды аймақпыз ғой. Болашақта да бірнеше қазақша дауыл аты шығады деген ойдамыз. Қазірден демеушілік қаражаты аударылып, ұсынылған аттар бар. Мысалы «Серпінді Серікқали», «Сықи Қаршыға», "Әйгерім", «Жылауық Нұржамал», «Мәди» сияқты аттар біздің орталыққа келген өтініштердің бір қатары. Әлбетте ұсынушылардан демеушілік жарна алынады. Дауылға дайындық туралы айтар болсақ, жалпы үй құлататындай қатты дауыл емес. Сонда да төбесі дұрыс жабылмаған үйлердің шипры ұшуы мүмкін, малқоралардың да құлауы ықтимал. Байқас болайық ағайын!
Әрі қарай

12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби

Бернабеуде өткен 10 гол соғылған шоудан соң арада көп уақыт өтпесе де Мадридтіктер жақын маңайда орналасқан, Мадридтік команда болып саналатын Райо Вальеканоға қонаққа барған еді. Бұны футбол тілінде дерби деп атайды, ал дербидің қызықсыз өтуі(Эспаньол мен Барселона секілді) дерби деген атауға дақ түсірері анық. Кешегі матч қызықсыз өтті десеңіз, матчты көрмегеніңіз. Бұл ойында да алдыңғы Севильямен өткен ойын секілді барлық нәрсе болды.
Әрі қарай

Уәзип Скотт. "Шервуд жамағаты"

әзип Скотт шығармалары сөйлеу мәнері жағынан батыстық үлгіде болып келеді. Батыс дегенде Ұлыбритания, Франция деп ойлап қалмаңдар, епті — кәдімгі Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау өңірінің диалектісімен жазады да! Шамасы жас кезінде Дәруішөлгенге ішсапармен көп баруы әсер етсе керек. Сонымен кеше ғана жазылған бір шығармасын назарларыңа ұсынуды жүн санадым, әас.



Уәзип Скотт. «Шервуд жамағаты»

— Мен сені айтып қоям! — деді ересек баладан зәбір көрген бір қожалақ щегол.

— Мал әнаң, пақаның да, мақаның да жоқ, кімге айтасың ал? — деп ыржалақтады әлгі қояншық.

Щегол кімге айтатынын айтты. Бірақ ересек оны естімеді. Оңтүстік шығыстан соққан дауыл жел баланың сөзін ұшырып алып кетті. (Отамалының кезі болатын, бұл жерде менің кінәм жоқ — автордың ескертпесі). (Форс-мажоршылын, ептінің — менің ескертпем).

Бірақ ересегіне бәрібір еді:
— Айта бер, нақу. Кімге айтсаң да қорықпаймын, әас, — деді де жүгіріп келіп кішкентайды кеудесінен итеріп жіберді.

Қорлыққа шыдай алмаған щегол кент сыртындағы орманға қарай жүгірді: талай адамнан естіген — Шервудта әділетшіл жігіттердің жасағы бар, зәбір көргендер мен кедейлерге көмектеседі. "Қазір барып айтам да, вытчтыңды шығартқызамын. Көресің қазір", — деп іштей кіжініп қойды жүгіріп келе жатып. Қараңғы орманға кірісімен жүрісін баяулатып, оларды іздей бастады. Ұзақ іздегені сонша, олардың бар екеніне күмән келтіре бастағандай еді. Түн жақындап, енді қайтамын ба дегенде мұрнына түтіннің иісі келді. Иіспен жүре отырып, қалың бұтақтармен (тура мағынасында) жасырылған қосты да тапты. О Құдайым, бәрі жұрттың тапсанып әңгімелегеніндей екен: Сауыт-саймандар самсап ілулі тұр, маңайда аттар жайылып жүр, екі-үш жерде дәу қазан қайнап жатыр, әр шатырдың алдында «АК-47» автоматтары бастары түйістіріле сүйеліп жиналған. Бәрі жинақы, нағыз әділетшіл жігіттер дерсің. Тек баланы бір нәрсе күмілжітті: Жасыл киімді ағалар жиылып намаз оқып отыр еді…

©patick
Әрі қарай

11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 11 тур. Ла Лига. Голдан тау тұрғызу

Онша қызықты емес, әрі сүреңсіз өткен Эль класикодан соң Мадридтіктер өз алаңында Барселонамен Ноу кампта 90 минут тең ойнап, қосымша минуттарда ұтылған, бұрынғы жылдары еурокубоктардың тұрақты қатысушысы болған Севильяны қабылдаған еді. Реалға бұл жеңіс ауадай қажет болды, себебі каталондықтар мен матрасниктерді тым ұзатып алуға болмайды. Бұл ойында Мадридтіктер құмарынан шыққанша гол соғумен болды, голдан тау тұрғызды десек артық емес…
Әрі қарай

#25 күн - Ку-ку! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #25 күн - Ку-ку! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #25 күн - Ку-ку! :)

Ку-ку! Жылт-жылт етіп, бір көрініп, бір көрінбей жүрмін бе?

Уааай, мендегі өзгерісті білсеңіз.  Өзім өзіме тәнті боп жүрмін. Әзірге бұл туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын, кейіііін айтармын

Жаңа таныстықтар көп өзгерістер алып келеді ғой. Батыл таныстықтан қашпау керек. Мысалы, көшеде кетіп бара жатқан қыз ұнап қалды ма, жүгіріп барып, батыл қадам жасау керек. Ол «сізбен танысуға бола ма» деген ескірген сөзбен емес, іспен жүзеге асу керек.
Бір топ қыздың арасында кетіп бара жатқан құрбымды бір жігіт жүгіріп кеп, көтеріп алған. Атын емес, жұлдызнама белгісін сұраған. Күшштііі! Қыздар жігіттің бойындағы батылдықты, бірбеткейлікті бағалайды. Вай, мен ақыл айтып кетіппін  Жап-жақсы әңгіме айтып келе жатам да, бір кезде ақыл айтып кетем  Халқым бақытты өмір сүрсін деймін де мен сол… Халқымның тілеуін тілеп жүрген ақкөңіл, дым арам ойы жоқ бейбақпын ғо

Біздің (мақтанышпен айтатын болыппын соңғы кездері) Тимуша, Тимур Бекмамбетовты айтамын, профи режиссер  «Горьконы» көріңіздер! Позитивтің көкесі, атасы сол фильмде  Вууух, сөзбен жеткізе алмайм ощм  

Ауа райы туралы қалай жазбай кетем?) Жаңа ғана таза ауада серуендеп келдім. Демек, күн керемет деген сөз  Күннің салқындығынан да ләззат алуға болады  Таңертең ояна сала, таза, салқын ауаны ашқарақтана жұтывалам

Соңғы кездері жүйкем жұқарып жүрген сияқты көрінеді өзіме  Кабинетте тым жұмысбасты адамдар бар, солар таңертеңнен кешке дейін телефонмен сөйлеседі. Барынша қатты дауыспен сөйлеседі, солай болуы қажет шығар. Мен оны есітпеу үшін таңертеңнен кешке дейін музыка тыңдаймын  Құлағым түсіп қалуға шақ қап жүр. Мұның позитивті тұсы — плэйлистімдегі әндерді жаттап алдым  Тезірек қызметте жоғарылап, бастық болып, жеке кабинетте отыруыма мотивация

Бақытқа бастар 100 күн: #25 күн - Ку-ку! :)
Әрі қарай

Түсінгім келмейді немесе жоқтан жүйрік жоқ

Соңғы кездері «бензин қымбаттады!», «адам арзандады!», "қылмыс деңгейі сол қалпы жоғары" деген негативті реңкі бар мақалалар тым көбейіп кетті. Бірақ бір сәт ойланайықшы, жағдай сонша жаман ба? Тығырықтан шығатын жол шынымен жоқ па?

"Үй қымбаттады". Ол қашан арзан болып еді?
Әрі қарай