Ән тыңдайық


















Иә, иә, мен бүгін тағы кураторлық тобымның кезекті дарыны туралы сөз қозғағалы отырмын. Олар туралы мен айтпасам кім айтады? Өткенде «ән» тақырыбында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 1-курс студенті Нұржан Оразалинмен таныс болсаңыздар, бұл аптадағы «кино» тақырыбының кейіпкері – Абылайхан Қайыржанов.
Ал осы мақсатқа жетудегі алғашқы қадамын ол өткен жылы «Infomatrix» байқауында жасап көрген екен. Және ол қадам жетістіксіз болмады.


Француздар мен Мароккалықтар 2004 жылы түсірген осынау «Ұлы сапар» («Үлкен саяхат» деп аударғым келмеді. Фильмнің орысша аудармасы «Большое путешествие») фильмі адамды өзіне баурап алады. Бір қарағанда, тым қарапайым, шұбалаңқы көрінген сюжетті фильмен керемет әсер аламын деп ойламайсыз. Көбіміз жарқыл-жұрқылды оқиғалар, шартпа-шұрт төбелесті, қым-қиғаш тірліктер көрсетілген жеңіл фильмдерді жиі көреміз. Адамды ойға жетелейтін, айтары бар кино көргіңіз келсе осы туындыны тамашалаңыз. 