Автомобильдің электронды жүйелерін диагностикалау

Автомобильдің электронды жүйелерін диагностикалау жайлы алғашқы мәлімет жазылған.
Жалпы мағлұматтардың берері аз десеңіз оны оқымай өткізіп жіберіңіз. Өз тәжірибемнен білетінім «оқимын» деп бел буған жазба соңына жетудің ыңғайын табады, соған сенімдімін.
Жазбадан қосымша танымдық ақпарат іздеймін немесе жалпы мазмұнның бағдар ойын білгім келеді десеңіз керек-ау, оқуға тұрарлық деген кез-келген жерінен оқи беріңіз.

Жазбадағы ең жиі кездесетін қысқарту: ЭББ-электронды басқару блогы.

Мазмұны

1. Автомобильдің электрондық жүйелерін диагностикалау тәртібі
1.1 Жалпы мағлұматтар
1.2 Заманауи автокөліктердің диагностикасы
2. Ақаулар кодын оқу
2.1 Диагностикалаудың борттық жүйесі

1. Автомобильдің электрондық жүйесін диагностикалау тәртібі

1.1 Жалпы мағлұматтар

Негізгі түсініктер. Ең біріншіден тексті оқығанда қабылдауды жеңілдету үшін бірінғайлы түсінік сөздерді енгізейік. Ең алғашқы түсінік «автомобильдің ақауы» -бөлшектердің, құрылғылардың, қондырғылар қирап істен шығуынан немесе техникалық көрсеткіштерінен ауытқып қалыпты жұмыс талабына сай істемеуін деп қабылдайық.
Ақауларды бір-бірінен атау беру арқылы ажыратамыз. Кейде ақау немесе оның белгілері көз, мұрын және терінің тіркенуі арқылы бірден байқалады. Бірден сезілмейтін ақау және ақаудың белгілері бар. Оны анықтау үшін арнаулы білім, қажет болса техникалық құрал-жабдық қажет.
Ақау сөзін жеке қолданғанда автомбильдің қандай бір жерінде ақау барын білдіртеміз. Көбінде автомобиль ақауы оны мүлдем қолдануға жарамсыз немесе қолдануына шектеу қояды деп түсінеді. Ондай көзқараста дұрыс, бірақ қазіргі автомобиль ақауының орынын толтыра алса «авариялык» тәртіпте негізгі автокөлік сай сипаттарын сақтай отырып қолдануға мүмкіндік береді. Авариялық тәртіптте автомобильдің эксплутаттық қасиеттері төмендейді. Мысалы экологиялық талаптарға сай жұмыс істемеуі мүмкін.
«Диагностикалау» (әрекеті дегеніміз) ақауды білдіретін белгілер бойынша ақауды анықтау.
Арнаулы белгі беру немесе ескерту индикаторларын ескермесе заманауи автомобильдерде ақау барын бірден айту қиын. Кейбір ақауларды және ақаулар белгілерін адам сезбейді немесе қабылдамайды. Яғни, ақау бар болса оны анықтау қиын.
Заманауи автоэлектроника сенімді жұмыс істейді. Оның сенімді жұмысы автокөлікке қызмет көрсету станцияның «жөндеуші -қызметкерлері» оп-оңай анықтайтын жеңіл-желпі дефектілер санын азайтты (әрине, жеңіл-желпі анықталатын ақаулар бар, оны жоққа шығармаймыз). Ақауды білдіртетін белгіні анықтағанның өзінде де оны қандай ақауға жататынын ажырату қиын. Ақауды анықтау үшін әрі қарай диагностикалау әрекетін жасау қажет. Сол себепті заманауи автомобильдердің диагностикасы оңай іс емес.
Қазір жүргізілетін диагностикалау барысы осыдан 20 жыл бұрын жүргізілетін диагностикалаудан ерекшелінеді.
Өткенде және қазір дегендей диагностикалау әдістеріне шолу жасап жіберейік (электр жабдықтарына диагностика жасау үшін қолданатын әдістерге) және өткенде диагносика жасау үшін қолданған әдістер қазір неге жарамсыз болып қалғанын анықтайық.

1.2 Дәстүрлі диагностикалау әдістері

Автокөлікте электронды жүйелерді көптеп пайдаланбай тұрғанда автокөліктің электр жабдықтары бір-бірінен дербес және құрылысы күрделі емес кіші жүйелерден құралатын. Электр тоғымен қоректендіру (электронды, электротехникалық аспаптарды) автокөліктің аккумуляторлық батареясынан тікелей жүргізілетін. Электр тізбектерінің көпшілігі тізбектің құрамындағы қозғалтқыштарды немесе қандай да бір электр құрылғысын басқару үшін қолданылатын. Кейде релені (электротехникалық аспабы) электр тізбегінде кездестіретінбіз. Электр тізбектің компоненттері көп болмағандықтан автоэлектрслесарь қарауындағы автомобиль моделі оған таныс болмасада ондағы ақауды оп-оңай анықтайтын.
Электр тізбегіндегі кездесетін конструкциясы қарапайым элементтердің жұмысқа жарамдығын «бақылау жүргізуге арналған лампа» немесе мультимер көмегімен оп-оңай анықталатын.
Құрылысы күрделірек элементті, реле секілді-мыс, жұмысқа жарамдығын анықтау үшін оның дәл сондай жұмыс істейтін данасымен айырбастап, жұмыстарын салыстыру арқылы оның жұмысқа жарамдылығын анықтайтын.
Осылайша диагностика жүргізудің әдісінің өзіндік артықшылығы бар. «Автомобиль диагносты» қарапайым диагностикалық құралдар көмегімен және жеке өзінің тәжірибесіне және біліміне сүйене отырып диагностика жасауға болатын.
Сол заманда автосервис қызметкерін оқытқанда автокөліктің электр жабдықтарының толық жұмысын, яғни жүйенің және оның шағын бөліктерінің бір-бірімен байланысын толықтай түсіндіріп оқытатын.

1.2 Заманауи автокөліктердің диагностикасы

1970-ші жылдары электронды отын бүрку және оталдыру жүйелері пайда болуы дәстүрлі диагностика «жүргізу стратегиясына» өзгеріс әкелді. Дәстүрлі диагностика негізгі үш себеп бойынша жарамсыз болып қалды:
-Дәстүрлі әдіспен диагностикалау жүргізгенде ЭББ басқа элементтерден ажыратылып, әр элемент жеке-жеке тексерілетін, тексеріс барысында элементтерде дефект табылмаса ЭББ-да ақау бар деп табылатын. Көп жағдайда мұндай шешім орнысыз болды. Қызмет тұтынушысына мұндай «жөндеу» барысы ұзаққа созылып, уақыт жоғалтумен қатар қымбат тұратын ЭББ-н негізсіз алмастырылудан қаражаттай шығынға ұшыраумен аяқталатын;
-Автомобиль жүйелері күрделене түсті, жүйені құрайтын элементтер арасындағы байланыстар көбейді. Барлық байланыстарды емес, мысалға, сезгілермен ЭББ арасындағы байланыстарды автосервис маманына есте сақтау мүмкін емес-ті (әрине, бұл жерде бір машина моделіне қызмет көрсететін маманданған сервис орталығын қарастырып отырған жоқпыз).
Сондықтан автоөндіруші автомобиліне диагностика және жөндеу жұмыстарын жасағанға арналған нұсқаулықты құжат түрінде таратады. Онда диагностика, жөндеу жұмыстарын атқару ретін блок-схема, диагностикалау кестесі ретінде көрсетеді. Мақсаттары автомобильдің эксплутаттық қасиеттерін арттыру, автосервисте автомобильдеріне көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Бірақта, соның өзінде де автомобильдің электрондық жүйесін жете түсіну қиын. Техникалық қызмет маманы әртүрлі автоөндірушілердің автомобиль модельдеріне қатарлас қызмет көрсеткенде (мыс. nissan, crysler -құрылғылары, ЭББ әртүрлі) ақпарат тапшылығына тап болуына әбден мүмкін.
Жүйесі күрделінген автомобильге диагностика жасау қажет дейік. Ендігісінде маман уақытында (уақыттыллы, яғни керек кезде лезде) табылған ақпаратқа жүгініп, автомобиль жүйесін барынша аз уақытта жете түсініп, ақауды анықтау алгоритмін ойластырып, ақау тұсын айқындап, ақауды жою жолын тауып, жөндеу жұмыстарын атқарып, ақауды жойып қызметін көрсететеді;
-Ескі автомобильдердің электрөткізгіштері екі деңгейлі сигнал өткізумен анықталды: массадағы және аккумуляторлық батареясындағы кернеу деп. Қазіргі заманауи автомобильдерде (қарапайым) екі пар электр өткізгіштен басқа тарамыс-тарамыс болған жекелей өткізгіштер бірігіп буылған электр өткізгіштері қолданылады. Оның бойымен сезгілерден, ЭББ-нан, атқарушы механизмдердің өзарасында екілік (екілік дегеніміз-төменгі және жоғарғы «мыс.: 0..0,4 және 4,5..5В» кернеуден тұратын электр импульстер ағымы, ағым реттік немесе параллель болады, осындай сигналдар ағымы логикалық деп-те аталады) және аналогты сигналдарды жеткізеді.
Мұндай жағдайда бақылау лампасы (әдетте қылы қызғанда жарық шығаратын лампа қолданатын оған екі өткізгіш жалғанып сезгінің қабылдағыш ұштарының қызметін өткізгіштің бос екі ұшы атқаратын) және мультимер (көбінде аналогты комбинатталған өлшеуіш құралдар пайдаланған, мысалы Ц20 типті «цэшка») пайдаға аспай қалады. Пайдаланған жағдайда электронды тізбектер бүлінуі мүмкін. Қарапайым өлшеу жүргізу арқылы диагностиканы жүргізуді жоққа шығарғым келмейді, тек, ондай диагностика жасау үшін «логикалық сынама» алатын құрал және арнаулы автомобиль мультимері қолданылады деп назарларыңызды аударғым келді.
1980-ші жылдары күрделінген «қозғалтқышты басқару»-дың электронды жүйесі кең қолданысқа жол ашты. Жаңа диагностикалау әдістері ойластырылды (немесе ойлап шығаруға негіз) болды. Жаңа қондырғыларға қызмет көрсету үшін «сервистік ақпарат» көлемі айтарлықтай өсті және де мұндай ақпарат (мамандар арасында) сұранысқа ие болды. Автомобиль модельліне сай қолданатын ЭББ-ның түр-түрінің көбейе түсіуі маман алдынан келесі мәселе, яғни, көлемі өсе түскен ақпараттан керегін іздестіріп табуды қажет етті.
Жалпы автомобиль жүйелерімен қатар диагностикалау жүйелері де дами «жаңа диагностикалау жүйелері» қалыптастырды және жаңа диагностикалық құрылғылардың пайда болуына себепкер болды. Диагностика құрылғылары борттық және борттық емес деп бөлінді. Пайдалану ерекшелігігне қарай топтастырып қарастырайық:
-Стационарлық (стендтік) диагностикалық жүйелер. Автомобильдің ЭББ-на тікелей қосылмайды. Яғни, борттық диагностикалық жүйеден дербес жұмысын атқарады. Мұндай жүйелер көбінесе отын бүрку, оталдыру жүйесін диагностика жасау үшін қолданады. Көбінесе оларды «мотор-тестер» деп те атайды. Автомобильдік электронды жүйелер күрделенуіне байланысты стационарлық жүйелердің мүмкіншілігі артта түсті. Қозғалтқышты басқару жүйесінен басқа тежеу жүйелерін, белсенді аспа және т с.с. диагностика жасауға пайдалануға болады;
-Борттық диагностикалық жүйе (ең алдыңғы қолданыста болған жүйе? Мүмкін, қазір қолданыста сирек кездеседі). Автономды жұмыс істеп, ақауды анықтап, түріне қарай хабарландырады. ЭББ-ның программалық қамтуына енетін диагностикалық программалық қамтуының «ақауды анықтайтын процедуралар» тіркеуішке (жадыға) ақаудың кодын тіркейді. ЭББ-гы тіркелкен ақауды тапқанда автомобильді басқаратын дөңгелек астында орналасқан бақылау-өлшеуіш панелінде орналасқан индикатор көмегімен ақауды білдіреді. Индикатор жарық сәулесін шығарып жанып-сөніп, сигналдар тізбегін құрап ақау кодын білдіреді. Жарықпен берілген сигналдар қандай ақауды білдіретінін «анықтама кестесі» бойынша анықталады;
-ЭББ-на сырттан қосымша диагностикалық құралды қосылатын борттық диагностикалық жүйе. Қосымша құралмен борттық диагностикалау программалық қамтумен жұмыс жасаймыз. Портативті диагностикалық тестер (автомобиль сканері) автомобильдің ЭББ-на қосылады. ЭББ-нан бақылаудағы параметрлермен ақаулар кодтары оқылады да сервистік орталық маманымен интерпреттау (ақау кодына қарай талдау) жасалынады.

2. Ақаулар кодын оқу

2.1 Диагностикалаудың борттық жүйесі

Қазіргі кезде автомобиль бортында орналасқан басқарудың заманауи микропроцессорлық жүйесінде қандай да бір диагностикалық мүмкіншілігі бар. Мұндай мүмкіншіліктерді іске асыратын программалар тұрақты еске сақтау құрылғысында жазылған және фондық тәртіпте борттық компьютермен орындалады. Фондық тәртіп. Компьютер бірнеше программаны ереже бойынша алма-кезек орындайды. Екі программаны орындағанда ереже келесідей болуы мүмкін. Программаның біреуі негізгі екіншісі қосалқы болсын дейік. Компьютер негізгі программаны орындаған кезде жүктемесі азайса сол кезде қосалқы программаны орындайды. Негізгі программа басқару функцияларын іске асырады.
Автомобильді қалыпты жағдайда, яғни «штаттық» тәртіпте пайдаланған кезде «борттық компьютер» электр және электрондық жүйелерді және оның компоненттерін тестілейді.
Тағы бір ұғым енгізейік. Көрсеткіш -сезгі өлшейтін шаманың сандық мәні.
Сезгі жұмысы. Резервтік мән.
ЭББ-да шама нақты санмен анықталады. Шама көрсеткішін сезгі анықтайды, онда сезгі анықтаған көрсеткіш нақты шамаға сәйкес келетінін тексеру қажет. Сезгінің дұрыс жұмыс істеуі маңызды. Автомобильді пайдалану барысында сезгінің қызмет атқару қабілеті өзгеруі мүмкін сондықтан сезгінің жұмысқа жарамдылығы тестілеу арқылы анықталып отырады (рациональділікке тексеру). Тест нәтижесінде сезгі істен шыққаны анықталса онда сезгі көрсеткіші резервті көрсеткішке алмастырылады. Яғни, сезгіден түсуі тиіс көрсеткіш орнына оның қалыпты жұмыс істеп тұрғандай көрсеткіштердің бірін ЭББ қойып, қозғалтқыш жұмысын авариялык тәртіпте жалғастыра береді. Мысалы, қозғалтқышты суытуға пайдаланатын сұйықтықтың температурасын анықтайтын сезгі істен шықты деп ЭББ анықтаса одан келіп түскен көрсеткіш мәнін 80-ге ауыстырады, сұйықтықтың 80 градус Цельций температурасы көп жағдайда қозғалтқыштың штаттық тәртіпте жұмыс істегенінде болатын көрсеткіш. ЭББ қозғалтқыштың авариялық тәртіпте жұмыс істегендегі қолданған көрсеткішті жадыға тіркеп жазады.
Жүргізуші ақау жайлы автомобильдің бақылау-өлшеуіш панеліндегі «CHECK ENGINE» бақылау лампасы жануынан (немесе жарықтандырғыш диодтың жануынан) хабардар болады.
Ақау коды.
Ақау коды сақталатын жады жайлы бірер сөз. ЭББ-дағы микропроцессор айрықша кодты КАМ (Keep Alive Memory) жадысына жазады. КАМ жадыда ақпарат сақталу үшін оны жеке электр өткізгіш қорғаны бар сымдар арқылы автомобиль аккумуляторына жалғайды немесе ЭББ-ның ішіндегі платада орналасқан уақытылы қуаттандырылатын шағын аккумуляторлық батареядан жұмысына қажет электр тоғын алады.
Ақаулар туралы ақпарат сақтаулы. Қалайша жадыдағы кодты оқып нақты ақау түрімен байланыстырамыз?
Мысалы, ақау анықталған кезде оның коды жадыға жазылады да «CHECK ENGINE» бақылау лампасы жанып белгі беретіні белгілі, бірақ оны қандай ақаудың кодымен байланыстырамыз? ЭББ жобаланып жасалған кезде конструкторлық ерекшеліктеріне сай жадыдағы кодты оқу жолы анықталады.
Ақау кодтары оқылып жеткізілу жолымен шартты түрде екіге бөлінеді: «баяу» және «жылдам» деп.
Баяу код. Ақау коды оқылып «баяу» әдіспен келесідей беріледі:
-ЭББ-да орналасқан жарық диоды периодты өшіп-жану арқылы;
-Диагностикалық ұядағы (розеткадағы) белгілі бір контакттерін (pin-пиндерін) өткізгішпен жалғау қажет. Сол кезде «CHECK ENGINE» бақылау лампасы ақау қодын периодты жылпылықтаумен бере бастайды;
-Жарық диодын немесе аналогты вольтмерді диагностикалық ұядағы белгілі бір контакттеріге қосу қажет, сонда жарық диодының жанып-сөнуі арқылы (аналогты вольтомер көрсеткішінің ыршуынан) ақау коды туралы ақпарат алынады.
«Баяу кодтар» визуальді қабылдауға арналғандықтан оның жиілігі төмен (шамамен 1 Гц), кешіп түскен ақпарат көлемі азғана. Код жарықтың периодты жанып-сөну арқылы түзелген сигналдар тізбегін құралады. Жарық көмегімен берілген сигнал коды күрделі болуы мүмкін. Мысалы сигналдағы код санды құрайтын екі цифра болуы мүмкін. Кодтың не білдіртетінін автомобиль құжаттарында көрсетіледі. Ақаулар атауы және оған сәйкес коды кестелерден табамыз. Ондай кестелерді «ақаулар кестесі» (ақаулар анықтамасы) деп-те қысқаша айта береді.
Жарық көмегімен қалайша код берілетінін қарастырайық. Ұзақ жарқылдан (1,5 сек) санның үлкен цифрасы, қысқа жарқылдан (0,5 сек) санның кіші цифрасы (яғни кодты құрайтын екі цифраның бірінші цифрасы сосын екіншісі) беріледі. Цифралар арасындағы пауза бірнеше секунд. Бір цифраны білдіретін жарқылдар саны және жарқылдаудың жиілігі оны екінші цифрадан ажыратады. Мысалы, екі ұзақ жарқыл (яғни жарық екі рет жанып сөнді, жану уақыты 1,5 сек тең дейік), 3-4 секунд пауза, сондан соң төрт қысқа жарқыл болса (яғни жарық төрт рет жанып сөнді, жану уақыты 0,5 сек тең дейік), ақау коды 24-ке тең болатынын байқау қиын емес. Әрі қарай мысалымызды қарастырайық. Ақау кодын енді ақаулар кестесінде қараймыз. Кесте бойынша 24-«автомобильдің жылдамдығының сезгісі істен» шыққанын білдіретін кодқа сәйкестігін көріп ақау анықталды деп қорытынды шығару әлі ерте. Біз тек ақау пайда болған тұсты айқындадық. Бұл ақау коды «жылдамдық сезгісіне» қатысты көптеген жайттар туғызады. Тізсек: сезгінің өзі немесе оның қосылыс ұясы, сезгіге баратын өткізгіштердің қорғаныс қабығы бұзылғаны, сезгіні ұстап тұрған бекіністің дұрыс болмауы.
«Баяу» кодтар қарапайым, оны қабылдау үшін қымбат диагностикалық құралдардың қажеті жоқ. Жоғары жазып кеткендей «баяу код» ақаудың себебі жайлы, жалпы жүйенің жағдайы туралы аз ақпарат береді. Қанағат тұтарлық ақпарат берілмеуі «баяу код»-тың кемшілігі. Сондықтан қазір жасап шығарылатын автомобильдерде қолданылмайды. Бірақ, мысалы, кейбір OBD-II стандартына сай келетін заманауи Chrysler автомобиль модельдерінде борттық диагностикалау жүйелерінде ақау кодтарының бір бөлігі жарық шамдарының жарқылдауы (қарастырылған «баяу код»-ы әдісі) бойынша жеткізіледі.
Жылдам код. Жай ғана ақау кодын емес жалпы жүйе туралы ақпаратты ЭББ-ның жадысынан «бір іздік интерфейс» («диагностикалық интерфейс») арқылы теріп оқуға мүмкіндік береді. Интерфейс арқылы оқылған ақпарат көлемді. Автомобиль зауытында автомобильді жинағаннан кейін жүйелерінің жұмысын реттеу үшін, кейінен автомобильді пайдаланғанда диагносттауда диагностикалық интерфейс арқылы іске асады.
Инерфейске сырттан «диагностикалық қосылыс ұясы»-нан қосыламыз. Мұндай қосылыстың бар болуы сканер немесе мототестер көмегімен автомобильдің ішкі өткізгіштерін бұзбай сақтап қалып, әртүрлі автомобильдің жүйелерінің (қозғалтқыш, АБС, трансмиссия, аспа және т.б.) жағдайы жайлы диагностикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Текст бойынша жоғарғы жақта ақау кодтары қалайша оқылатынын және жалпы диагностикалау жүйесі туралы ақпарат алдық. Бірақ ақау анықталмай, ақау жасырын күйде қала беретін жағдай да болуы мүмкін соны қарастырайық.
Рациональділікке тексеру. Заманауи автомобильдің ЭББ-ның күрделінуі автомобильге қойылатын талаптардың жоғарлауымен түсіндіруге болады. Егер сезгі қадағалайтын шама көрсеткіші дұрыс анықталмаса, яғни, сезгі анықтаған көрсеткіш нақты шамаға сай болмаса, бірақ-та, қадағаланатын шама көрсеткіші өзіне тән аралықта өзгерсе онда сезгі дұрыс жұмыс істемейді деп біржақты қорытынды жасау мүмкін емес. Дұрыс қызмет жасамайтын сезгі көрсеткіші басқару функциясын іске асыратын ЭББ-ның микропроцессоры орындап жатқан алгоритімге (программаға) дерек ретінде берілсе сәйкесінше басқару жүргізілгенде қателіктер орын алады.
Мысалы, қызметі дұрыс емес сезгіден келіп түскен ақпаратқа сүйеніп ЭББ-гы қозғалтқыштың цилиндірінде оталдырудың озу бұрышын дұрыс есептемейді, форсунканың ашылу импульстарының ұзақтығы дұрыс болмайды. Сол себепті автомобиль жүрісінің сипаты нашарлайды. Қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін тұрақты жұмысына қажет жилікпен иінді білігі айналмай сөніп қалады т с.с. ақаулар байқалады.
Кейде жоғарыда сипатталған сезгінің дұрыс жұмыс істемеуінен пайда болған ақау байқаусыз қалып, жасырын ақау пайда болуына себепші болады. Әрине, ЭББ-гы бар ақауды анықтамаған соң өз жадысына ақау бар деп «ақау колдын» жазбайды. Қозғалтқыш жұмысы авариялық тәртіпке көшірілмейді.
Ақауды табу үшін күдікті сезгіні ажырату қажет. Осы кезде ЭББ-гы ақау кодын жадыға жазады да, сезгіден келіп түсуі тиіс сигнал (көрсеткіш) орнына резервтік сигнал жазылады. Мысалы, «массалы ауа шығысы» (отын мен ауаны қоспасын дайындау үшін қажет) сезгісін ажыратқанда ЭББ-гы одан түсуі тиіс сигналды резервті көрсеткішпен алмастырады. Резервті көрсеткіш мәні қозғалтқыштың дроссель қалқанның тұрысының (ашық, жабық, жартылай ашық) бұрышын және иінді біліктің айналу жиілігін ескеріліп анықталады. Осы кезде (массалық ауа сезгісін ажыратқанда) қозғалтқыш жұмысы жақсарса сезгі істен шыққаны анық болғаны.
Заманауи ЭББ-рының материалдық (элементтік) базасы және программалық қамтуы жақсаруы сезгі қадағалайтын шама көрсеткіші шектен шықпаса, бірақ шама көрсеткіші дұрыс анықтамаса онда сезгіні автоматты түрде жарамсыз деп табатын (рациональділікке тексеру арқылы) мүмкіншілігі қосылып әрі қарай дамуда (екінші ұрпақты OBD-II жүйелерінде).

Дерек көзі:
1) В. Ф. Яковлевтің «Диагностика электронных систем автомобиля» оқу құралы, көлемі 272 бет, 2005 жылы Мәскеуде қаласында «СОЛОН-Пресс» -баспаханасында басылған кітаптың 5-8, 17-20 бетінен ақпарат алынып толықтырылған.

P.S.: превьюдегі фотосуретте Өскемен қаласының автоуәсқойлары қысқы сынақтан өтуде. Ауа температурасы -38 С
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман маусымашары жайлы

Сіресі қатып, көңі кепкен блогымды жаңғыртуға не себеп? Соңғы жылдары қазақтілді Жайдарман ойындарының көрермені болып жүрмін. Мейірбан, ілтипатты көрермен деуге келмейді. Бірақ ойын ұнайды.

Сонымен, қайырлылау күн, жайдарманшылар, олардың көрермендері және керекинфоның кездейсоқ-тұрақты арамтамақтары!
Осы жолы Қазақстан КВН Одағының жыл сайын өткізетін лигаларын қалыптастыратын маусымашар фестиваліне барғанмын.
Маусымды кім ашса, сол ыстық. Ғм-ғм, жарайды, бұл мәтел бет туралы болатын, бірақ бұл жағдайда да ақиқаттан алыс кеткен жоқ. Маусымды тұрақты түрде Есен есімді ағай мен редакторлар қауымы ашады, ал олар сендерге анық ыстық. Ыстық болмай көрсін…
Әрі қарай

Пираттықпен күрес мектептен басталады

Тың игеру: Пираттықпен күрес мектептен басталады
Адам бойындағы ізгі адами қаситтердің қалыптасуына мектептің рөлі өте зор. Жаман мен жақсыны ажыратуды да осы мектептен санамызға құяды. Ал осы канондарымыз ескіріп қалған жоқ па, ұрлық деген тек қолға ілінетін материалдық құндылықтарды рұхсатсыз алумен шектеледі ме? Интелектуалды жеке меншік тек қана ақын-жазушылардың, композиторзиторлар, суретшілердің туындылары ма? Әрине мектепте осы жоғарыда айтылғанның бәрі оқытылады. Қазіргі заманның талабына сәйкес кез келген туынды, ол мейлі бағдарлама болсын, мейлі бағдарламалық код болсын интелектуалды меншік екенін кез келеген оқушы жақсы біледі. Ал осыны үйретуші мектеп біледі ме? Осы мектептеріміздегі ахуал қалай, компьютерлерінде қандай бағдарламалар тұр?

Мектеп басшылары қарамағындағы компьютерлік паркке ревизия жүргізетін болса біраз нәрсеге көзі жетері анық. Әзірше былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің күйін кешіп жүрген информатика пәні мұғалімдері күнбе күн мектепке келген сайын қылмыс жасап жүргенін бірі білсе, бірі білмейді. Кез келген информатик контрафактілік бағдарламаларды пайдаланған кезде бір күні сұрауы боларын сезінсе бұндай олқылық болмас еді. Бұны бір қарағанда сауатсыздық деп қарасаңыз, бір жағынан мәжбүрлік деп айтар едім.

Бір қарапайым компьютерлік сыныптың техникасын кейін қойғанда бағдарламалық жабдықтау қанша тұратынын білесіз бе? Есептеп көрсек, ол дегеніңіз компьютер жұмыс жасау үшін операциялық жүйе windows8, офистік бағдарлама MS office2010, 2013, компьютерлерді вирустан қорғау үшін антивирустар. Орта есеппен алатын болсақ, әрине микрософттың академиялық мекемелерге арналған төменгі бағасымен, бір компьютердің бағдарламалық жабдығы 32-35мың теңгені құраса, орташа компьютерлік сынып 16 компьютер деп есептеңіз 0,5 миллионнан асып жығылады. Мектепте осындай ақша бар ма? Әрине жоқ, мектеп өзін өзі қаржыландырмайтынын бәріміз де білеміз. Жаңа компьютерлер бағдарламасымен келеді дерсіздер, ол не бағдарламамен келетінін ойландыңыз ба? Әрі кеткенде тек операциялық жүйесімен келер, ол да көп жағдайда үйде қолдануға рұхсат етілген нұсқасы ғана (Home Edition). Яғни операциялық жүйенің home edition нұсқасы бар компьютерді мектеп үшін алған болсаңыз тектен тек әр компьютер үшін 30мың теңгені ауаға төледіңіз деп біліңіз.

Ал енді осындай заң талаптарына сәйкес сыныптарда не үйретуге болады? Тек қана windows жүйесінің құрылымы, офистік редакторлар, антивирус құрылымы, болды. Сіз айтарсыз, бағдарламалау тілдері ше, неше түрлі сурет өңдейтін бағдарламалар ше? Кешіріңіз, ол бағдарламаларды да сатып алу керек.
Немене сонда тегін таратылатын бағадарламалар жоқ па? Бар әрине GNU/GPL лицензиялары арқылы таратылатын бағдарламалардың басым көпшілігі тегін, ақылы болса да өте арзан. Мысал үшін линукс жүйесімен компьютерлік сыныпты жабдықтасақ бәрі тегін. Керемет емес пе? Заң алдында директор да, мұғалім де таза, тек оқушыларға білім бер. Кез келген сауатты маман барлық операциялық жүйелер өздеріне тән спецификалық ерекшеліктері болмаса жалпы қызметі бірдей, барлық текстік редакторларының қызметі мәтін басу екенін жақсы біледі. Сонымен қатар электронды кестелердің де, мәліметтер қорының да, сурет өңдеу бағдарламаларының да әр түрлі нұсқаларының негізгі қызметтері бірдей.

Тек енді қолымызға кісен болатын білім стандарты. Стандарт бойынша информатика пәнінде оқушыға тек қана windows операциялық жүйесін, тек қана word, excel, power point, outlook, access, MS блокнот, paint дегендерді оқыту керек деп жазылған. Ал стандарттан ауытқу да қылмыс. Жалпы қарап отырсақ бұл мәселе колледждерде де, ЖООда да орын алып отыр, тек соңғыларында қаражат болғандықтан компьютерлік сыныптарын өздері жабдықтап жүр. Қаражат мәселесі де бір күні шешілер, электронды оқытамыз деп біраз мектеп сыныптары жабдықталып қалды. Тек болашағымыз, балаларымызды қалыпқа салып, оқытатындай қажеттілік бар ма? Неге windowsтан басқа жүйелердің бар екенін көрсетпеске, неге таңдауды мұғалімге бермеске. Тек консоль арқылы басқаруды американ киноларынан көріп, таңғалып жүре беруді қоятын кез келген сияқты. Болашағымызды электронды оқыту, электронды үкімет деп елестететін болсақ информатика пәніне қатысты типтік жоспарды қайта қарайтын кез келген сияқты.
Әрі қарай

"Қазақстан дауысы": The Voice фанатының көзімен

Компьютерден мені жұлып алып, теледидарға телміртіп қоятын екі жоба болса, соны бірі — осы The Voice. Алдымен ресейлік «Голосты», артынша арысы АҚШ, берісі «Голос країниға» дейін түгендеп жүріп біразын көрген болатынмын.
Әрі қарай

From Souvenirs To Souvenirs

… Жақсы көріп тыңдаушы едім. Даусы да ерекше еді. Дөп түсуші еді адамның көңіл-күйіне әндері. Ары қарай да тыңдаймын. Қартайған кісі ғой, жасында айтып кеткен әндері-әлі де көпшілік үшін жалықпай тыңдайтын әндері деп ойлаймын. Жаны Жәннатта болсын!

From Souvenirs To Souvenirs
Әрі қарай

Іле-Балқаш деградациясы

Ал сол кезде...: Іле-Балқаш деградациясы
Арал теңізінің апатынын кейін посткеңестік елдер аумағындағы ең ірі ішкі су айдыны — (Каспий теңізін есептемегенде) Қазақстандағы Балқаш көлі болып қалды. Бірақ, экологтардың болжамы бойынша, бұл көлдің де демі үзілуге таяу. Арал теңізінің тартылуы 40 жылға созылса, Балқаш көлі нәбәрі 5-6 жылдың ішінде жекелеген тоған-суларға айналуы мүмкін. Бұған да себеп біреу – көлге келіп құятын өзен суларының бақылаусыз жұмсалуы.

Ащы-тұщысы аралас 600 шақырым

Жер бетіндегі көл біткеннің арасында 15-орынға ие Балқаш көлінің ауданы 16 мың шаршы шақырым. Шығыстан батысқа 600 шақырымға созылып жатқан көлдің бірегейлігі сол, көлдің батыс бөлігінің суы – тұщы, ал шығыс бөлігінің суы – ащы. Шын мәнісінде, Балқаш көлі екі су айдынынан тұрады. Екі су айдыны бір-бірімен енсіз, тереңдігі 5-6 метрлік Ұзынарал бұғазы арқылы қосылады. Көлдің шығыс бөлігімен салыстырғанда таяз әрі кішірек батыс бөлігіне Іле өзені келіп құяды. Балқашқа құятын судың 75 пайызы осы Іле өзеніне тиесілі. Тұщы су ащы судан жеңіл, сондықтан көлдің бетіне жақын жайлайды. Осылайша шығыс бөлігіне тұщы су ағып өтіп, буланады. Ал, тұзды су бұғаз тереңдігінің деңгейінен төменде орналасқандықтан батыс бөлігіне өте алмайды.
Іле-Балқаш алабында Қазақстан халқының 3 миллионнан астамы, яғни бестен бір бөлігі қоныстанған. Мұнда республиканың ең ірі қаласы – Алматы орналасқан. Аймақта Қазақстан өндірістің қуатының 20 пайызы шоғырланған. Ал, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық энергожүйелерінің жұмысы осы Іле өзеніндегі су қорының молдығына тікелей тәуелді.

Балқаштың мәселесі өткен ғасырда Іле өзені бойынан Қапшағай су қоймасының құрылысы аяқталғаннан кейін, 70-жылдарда басталған. Кеңестік биліктің ойға алған жоспары бойынша, су қоймасының салынуы 400 мың гектар жаңа жерді ауылшаруашылығына пайдалануға енгізуге мүмкіндік беруі керек болатын. Бірақ, алып бөгеттің салынуы мен су қоймасын суға толтырудың салдары бір мезетте өзендегі су деңгейінің төмендеуіне және ондағы су тұздылығының артуына алып келді. Іле өзенінің көптеген салалары тақыршақ сортаңдарға айналды. Көлдегі балық саны күрт азайды.

Ал сол кезде...: Іле-Балқаш деградациясыБалқаш қаласы мен көлінің көрінісі, 1979 жыл. Фото: ТАСС

Қазір көлдің су деңгейі соңғы жылдар бойына үздіксіз төмендеу себебінен 341 метр. Су деңгейінің бұдан ары төмендеуі, яғни теңіз деңгейінен 337 метрге төмен түсуі, Ұзынарал бұғазының кебуіне әкеледі. Бұл дегеніңіз, шығыс Балқаштың бірте-бірте жойылуын білдіреді. Осылайша, шығыс Балқаш та Аралқұм секілді құлазыған тұзды шөлге айналады. Нәтижесінде, экологтардың болжамына сенсек, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы барлық өзен-суы жүйелері бұзылады. Шаңды дауылдар Алатаудың тау бөктерінің жоғарғы тұсына дейін жетіп, мұздақтар еріп бастайды. Алматыны сел басады.

Қытайға керегі....

Егер, бар мәселе Қапшағай су қоймасына ғана тіреліп тұрған болса, онда Қазақстан билігі бір шешімін тауып, көлді сақтап қалар ма еді?! Бірақ, өкінішке қарай, бұл Қазақстан билігінің ырқына көндігетін шаруа емес. Өйткені, Іле өзені суының негізгі бөлігі көршілес қытайлықтардың кесірінен Балқаш көліне жетпейді. Іле өзенінің қайнарлары Тянь-Шань тауларының Қытай Халық Республикасы аумағындағы бөлігінен бастау алады. Іленің жалпы ұзындығының 40 пайызы, яғни 600 шақырымға жуығы ҚХР-аумағында. Сондай-ақ, өзен суының 80 пайызы сол жақтан келеді.

Бейжің билігі 2000 жылы Батыс Қытай – Синьцзяньды жаппай игеру стратегиялық жобасын бекітті. 2000-2002 жылдар аралығында аймақтың экономикалық өсім деңгейі 8 пайыз төңірегінде болса, 2006-2009 жылдары бұл көрсеткіш 12 пайызға жетті. Синьцзяньның халық саны 2000 жылдан 2010 жылға қарай төрт миллион адамға ұлғайды. Адам санының осылайша күрт өсуі, негізінен, қытайларды елдің басқа аймақтарынан осында көшіру есебінен жүзеге асты.

Қуаң даланың өндіріс қуаттылығын, ауылшаруашылық жерлері мен саны күрт артқан халқын сумен қамтамасыз ету үшін Қытай билігі Іле өзені алабында ондаған жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Мұндай жобалардың қатарында гидротехникалық станциялар да бар. Бұған қоса, 2015 жылы осы аймақтағы суармалы жерлердің ауданын 600 мың гектарға жеткізу жоспарланған. 2012 жылғы деректер бойынша, Қытай үкіметі Іле өзені бойынан 13 су қоймасын салып, 59 гидроэнергетикалық қондырғы орнатқан. Осылайша, Қазақстанға жылына ағып келетін өзен суының 15 мың текше метрін алып қойып отыр. Қазір Қытай Халық Республикасы Іле өзенінен Тарым шөлді ойпатының батыс бөлігіне баратын су арнасының (канал) құрылысын жүргізіп жатыр. Тарым ойпатын Қазақстанда «түбі жоқ қалта, Орталық Азияның сужұтар құбыжығы» деп те атайды. Сөйте тұра Қытай билігі көп жағдайда суды игеруге қатысты өз жоспарлары жөнінде көршілерімен санасуды білмейді.

Сарапшылардың бағалауынша, қытайлық жобалардың барлығының жүзеге асырылуы 2050 жылға қарай Іленің Қазақстанға келетін су қорын 40 пайызға төмендетіп, Балқашты апатты жағдайға алып соғады. Жылдан жылға Қытайдың өндіріс орындарынан Ілеге тасталатын қалдықтардың мөлшері ұлғайып, онымен ластанған өзен суының сапасын да әсте ұмытуға болмайды. Ілеге қалдық тастайтын Қытайдағы өндіріс орындарының денін мұнайөндіруші және мұнайөңдеуші кәсіпорындар құрайды.

Қазақ ондатрасын құтқару

2001 жылы Қазақстан мен Қытай: трансшекаралық өзендерді рациональды қолдану бойынша екіжақты келісімге қол қойды. Алайда, ол құжат бүгінде ескіріп, трансшекаралық өзендерді қолдану тәртібінің халықаралық нормаларына сай келмейді. 2007 жылы Астана тарапы Бейжіңге Қазақстаннан ҚХР-ға азық-түлікті жеңілдікпен жеткізу бойынша онжылдық келісім-шарт жасауды, қайтарымына трансшекаралық Іле мен Ертіс өзендерінің су қорын молайтуды ұсынды. Бірақ, қытайлықтар бұл ұсыныстан бас тартты.

Тоқетері, Балқаш көлі мен оның басты қоректендіруші күретамырларының нашарлауы бүгінде дамылсыз жүріп жатыр. Іле алқабындаҚапшағай су қоймасын салынғаннан кейін ондатра кәсібі толығымен тоқтады. Бұл аңды өткен ғасырдың 40-жылдарында Канададан осында әкеліп, жерсіндірген еді. Жылына 1 миллионға дейін ондатра терісі алынатын. КСРО құлағанға дейін ел аумағында ауланатын сазан балығының тең жартысын беріп отырған Балқаштағы балық аулау кәсібі де күрт қысқарды.

Ал сол кезде...: Іле-Балқаш деградациясыБалқаш көлі жағалауындағы зауыттар. Фото: flickr.com

Түрлі бағалауларға қарағанда, Іле-Балқаш алабының ластануынан, шөлге айналуы мен өзен сағаларының сорлануынан 1941 жылдан 2001 жылға дейін Балқашта ауланатын балық көлемі 80 пайызға қысқарған. Өткен ғасырдың ортасында Балқаштан ауланатын балық мөлшері кейбір жылдары жылына 17 тоннаға дейін жетіп, КСРО аумағындағы басқа көлдерден ауланатын балық көрсеткішінен асып кеткен. Байқал көлінен ауланатын балық мөлшерінен екі есе артық болған.

Қытаймен келісімге келу және Қапшағай су қоймасы мәселесін шешу мүмкін болмай отыр. Қазақстан билігі Солтүстік Аралды құтқаруда тәжірибе жинап, әккі болып алғаннан кейін де Балқашты сақтап қалудың басқа да тәсілдерін іздестіріп жатыр. 2014 жылдың қараша айының басында жаңа дренажды каналдың құрылысы аяқталды. Бұл дренажды канал арқылы Қаратал өзенінің суы Балқашқа құяды. Балқаш көліне құйылатын судың 20 пайызға жуығы осы өзеннен беріледі. Бұрындары Қаратал өзені арнасының жырылуынан ондағы су құмға сіңіп, батпақта қалып қоятын.

Әйткенмен, бұл күш-жігердің барлығы да әзірге тек жергілікті сипатқа ғана ие. Халықаралық қауымдастық араласып, Қытайдың суға деген тәбетіне қандай да бір жолдармен ықпал етпесе, онда таяп қалған дүлей апаттың алдын-алу туралы сөз қозғаудың өзі қиын.

slon.ru сайтындағы мақаладан қазақ тіліне аударған

Жәнібек Нұрыш

Әрі қарай

OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?

OnePlus One смартфоны туралы Фейсбуктегі бір досымның постынан оқып едім. Кейін видеошолулар арқылы толық білгеннен кейін кәдімгідей қызығып кеттім. Әйеліме дұрыс телефон керек болып жүр еді, туған күніне сыйлық жасайын деп шештім.
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Телефонның сипаттамасы:
Фотокамера — 13 мп
Алдыңғы камера — 5 мп
Видео кеңейтілімі — 3840x2160
Процессор — Qualcomm Snapdragon 801, 2500 МГц
Процессор ядросы — 4
Ішкі жады — 64 Гб
Жедел жады — 3 Гб
Батарея сыйымдылығы — 3100 мАч

Бұл кереметтердің барлығы $349 долларға (шамамен 64 мың теңге)! Жазда жүргізілген тестілеу кезінде, смартфондардың өнімділігін тексеретін AnTuTu бағдарламасы OnePlus One-ға бірінші орын беріпті. Бұдан бөлек, телефонның 16 Гб-тық түрі бар, ол 299 доллар.

OnePlus One брендінің лозунгы: «Смартфондарды өлтіруші». Интернетте оқыған шолуларымның барлығы дерлік бұл лозунгтың растығын алға тартады. Бұндай артықшылықтар соңғы шыққан ірі брендтердің телефондарында да бола бермейді.

Бір ғана минусы бар: OnePlus One смартфоны еркін сатылымда жоқ. Ресми сайтына тіркелген қолданушылар инвайт арқылы сатып ала алады. Оның өзінде инвайтты қанша күтетінің белгісіз.

Инвайт алу жолдары
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?Неге тек қана инвайтпен сатады? Бұған жас компанияның өндірістік қуатының әлі дұрыс жолға қойылмауы себеп болып отыр. Бір жағынан олар жаппай сатылым өзін ақтамай қала ма деп қорқатын көрінеді. Сондықтан, тек шақырулар арқылы сатылып жатыр.

Бірақ жақында жақсы жаңалық естідім: Смартфон енді еркін сатылымға шыға бастамақ. Алғашқыда 20 қаңтарда деген, бірақ уақыт тағы кейінге шегерілген секілді.

Енді инвайтты қалай аламыз? Егер сайтына тіркелген болсаңыз, олар кейде сауалнама жүргізеді. Сервистерін жақсарту мақсатында. Сондай шараларына белсене қатыссаңыз — көп кешікпей сілтеме түрінде инвайт келеді. Сілтемеге өтіп, инвайтты іске қосасыз. Сосын сайттың бастапқы бетінен телефонға тапсырыс бересіз.

Екінші тәсілі — ресми сайттағы форумнан сұрау, соның ішінде Ресейге арналған форумынан. Біреулерге инвайт келіп тұрса және ол өзіне керек болмаса сол жерде бөліседі (біреулер тегін, біреулер ақысына). Мен осы тәсілмен алдым. Сұраншақтар сізсіз де ол жерде көп, сол себепті тегін алу үшін барынша аяушылық сезімдерін тудыратындай себептер келтіріп сұраңыз :)
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Кейін өзіңізге инвайттар келіп тұрса, бөлісуден қашпаңыз. Онсыз да инвайт 24 сағатқа жарамды.
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Ал үшінші тәсілді қолдануды ұсынбас едім: қазір eBay интернет-аукционында инвайт саудасы өршіп тұр. Алғашқыда осы жерден алмақ болып едім, аукционға қатысушылар бағаны өсіріп-өсіріп, бір инвайттың бағасы телефонның жарты құнына дейін жақындады. Оны тастап кеттім де, форумнан сұрастырып тегін алдым.

Қалай тапсырыс береміз
OnePlus One әкімшілігі тапсырысты тікелей Қазақстанға жеткізе алмайды. Сол себепті курьерлік қызметтер көрсететін фирмаларға жүгінеміз. Маған біреулер usa-kaz.com сайтын ұсынған еді. Соның мысалында көрсетейін.
Сайтқа тіркелеміз, тіркелгеннен кейін сізге Америкадағы мекен-жайларын береді:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Осы мекен-жайды OnePlus One сайтында смартфонға тапсырыс бергенде көрсетеміз. Телефон алдымен соларға жеткізіледі. Ал әлгі фирма тауарды қабылдағаннан кейін Қазақстанға жібереді. Қызмет құны — 1 кг үшін 20 доллар (шамамен 3600 теңге). 0,60 кг болатын смартфонды жеткізу құны маған 13 долларға шықты.

Қызметін қалай төлеймін
Usa-kaz.com сайтында «Мой баланс» бөлімінде жеке профиліңізге ақша енгізу тәсілдері көрсетілген. Мен жалақы картамды PayPal сервисіне жалғадым да, сол сервис арқылы өз профиліме аудардым. Ал профилдегі ақшаны төлем кезінде өздері шешіп алады.
«Мои посылки» бөліміне тапсырысты салғаннан кейін, оның жүру жолын, қай статуста екенін бақылап отырамыз:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Өздеріңіз көріп тұрғандай, посылканы 10.01.2015 ж. енгіздім, араға 12 күн салып 22-сі күні тауар Алматыға жеткізілді. Алматыдағы кеңсесіне хабарласып, 23-і күні смартфонды алып кеттім.

Жоғарыда айтқанымның бәрі OnePlus One смартфонының америкалық (немесе халықаралық) нұсқасына қатысты. Егер бұл процедураларды ұзақ, қолайсыз деп шешсеңіз — Алматыдан қытайлық нұсқасын тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ бағасы әжептәуір қымбат болады, кем дегенде 80-90 мың теңгеге шығады. Ал Америкадан тапсырыс берген телефоным — жеткізу құны, комиссия, қырт-сырттарымен қосып бәрін есептегенде 73 мың теңгеге шықты.

Сосын Қытайда өндірілген OnePlus One-да «глюктер» бар деп жатыр. Әсіресе, аудармасы ақсап жатса керек, жүйенің кейбір жерлерінен иероглифтер көріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Алданып қалмаңыз
Егер Қазақстаннан алуға шешім қабылдасаңыз, сізге телефонның Америкадан әкелінгенін айтып, сатушы құлақтан тебуі мүмкін. Ондайда Қытай мен Америкада өндірілген смартфондардың арасында бір сыртқы айырмашылықты естен шығармау керек:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?Халықаралық нұсқада корпустың артқы жағында Cyanogen деген белгі болады, ал қытайлықта — жоқ.

Қысқаша осы, қосымша сұрақтар болса білгенімше жауап беруге әзірмін :)

P.S. Әйелімді танитындар, оған айтпай тұра тұрыңдар. Туған күні ақпанда :)
Әрі қарай

Уайтхиллдық Уайтмәунтейнде

Oral B қаласы (көктем) / Орал қаласы (life)
Уайтхиллдық Хэтроуда (қыс)
Уайтхиллдық Уайтхиллда (қыс) / Жаздың соңғы түні

Енді міне, Ақтау.

Иса пайғамбардың кезекті 2015 жылдығына берілген 4 күндік демалыста Каспийдің толқынын көрем деп шештім. Естеріңізде болса, дәл 1 жыл бұрын Атырауда болғам. Қолдан келгенше, қалтам көтергенше демекші, жыл сайын Қазақстанның өзім үшін жаңа облыс орталықтарында болуды мақсат еткенім рас. Ал негізгі мақсат — Қазақстанды визуалды құшақтау, ойша игеру. Үнемі гастрольде жүретін өнер иелері не кәсіпкерлер секілді немесе командировкада жүретін өзге де мамандық иесі болмасам да, бұл мәселені уақытынан бұрын шешем дегенім шығар бәлкім. Қазақияның кез келген қаласын атай қалғанда, басты көшелері мен орталықтарын еске түсіріп ойша қорытып жібергеннің пайдасы болмаса, кедергісі қанша?!) Оның үстіне жаңа таныстықтар.
Әрі қарай

Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?

Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?
Уақытысында аумағы жөнінен Жердегі ішкі сулар қатарында төртінші орында болған Арал теңізі үшін 2014 жылдың жазы тағы бір кері кеткен маусым ретінде тарихта жазылды. NASA-ның жер серіктерінен түсірілген фотосуреттерге қарағанда Оңтүстік Аралдың шығыс жартысы алғаш рет толықтай дерлік кеуіп қалды. Фотосуреттер Earth Observatory сайтында жарияланды.

Кіші Арал және Үлкен Арал; 19-маусым, 2014 жыл
Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?

Кіші Арал және Үлкен Арал; 25-маусым, 2000 жыл
Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?
Батыс Мичиган университетінің география профессоры Филип Миклиннің айтуынша, бұл жағдай соңғы 600 жылда, яғни, Әмудария өзені өзінің арнасын кілт өзгертіп, Каспий теңізіне құюын доғарғаннан кейін бірінші рет болып отыр (Арал теңізінің тартылуы циклді сипатқа ие). Алайда, бүгінде Әмударияның арнасы қаз-қалпында. Арал теңізіне жалғанып жатыр. Бірақ, өзен суы ұзақ жылдардан бері Арал теңізіне жетпейді.

Бес жыл бұрын Оңтүстік аралдың шығыс бөлігі толықтай жойылған еді. Әйткенмен, мол жауын-шашынның есебінен ондағы су деңгейі күрт көтерілді. Миклиннің ойынша, шығыс бөлігінің толықтай дерлік құрғап қалуына Арал теңізі алабында жауын-шашынның аз түсуі себеп. Сонау Памир тауларында қар аз түсіп, еріген қар суларының аздығынан онсыз да Аралға тамшыдай болып жететін өзендегі су қоры анағұрлым төмендеген. Одан бөлек, Орта Азия елдерінің өзен суын ауылшаруашылығы қажеттеліктері үшін тынымсыз пайдалануы аз су мөлшерін тіпті тауысты. Ал, Арал теңізінің құрып бітуі адами факторлардың салдарынан басталғаны әуелден белгілі.

Біреу еді, үшеу болды

Теңіздің тартылуы XX ғасырдың орта тұсында басталды. Дегенмен, Аралдың «жоқ» болатыны жөнінде қауіп сөздері одан бұрын, 30-жылдары айтыла бастаған-ды. Сол кезде КСРО аумағында Орта Азия жерлерін мелиорациялау жөнінде ғаламат бағдарлама қолға алынды. Әмудария мен Сырдария өзендері бойынан суландыру жүйесінің құрылыстары басталды. Бір ғана Қарақұм су арнасының ұзындығы 1445 шақырымға созылып,Әмудария суының 45 пайызын өзіне алып қойды. Кеңестік инженер-мелиораторлардың суды шығындамай сақтап қалу үшін қолдан қазылған су арналарын бетондауға бастары жетпегені таң қалдырады.

Арал, шіркін, 60-жылдарға дейін өзінің тірі қалуы үшін күресіп-ақ бақты. Ондағы су деңгейі бұрнағы қалпын сақтады. Ауданы 68 мың шаршы шақырымға, ұзындығы 426 шақырымға, ені 284 шақырымға жетсе, ең терең жері 69 метр болды. Жылына 40 тонна балық ауланып, теңіздің қазақстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу комбинаты, 45 балық қабылдау бекеті; өзбекстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу зауыты мен 20-дан астам балық қабылдау бекеті жұмыс істеді.

Бірақ, 60-жылдардан бастап теңіз деңгейі 0,7 метрге қайтымсыз түрде төмендеді. Аралға келіп құятын өзен суларының мөлшері — 4,5 есе, теңіздегі су айдынының ауданы – 8 есе, су көлемі – 13 есе азайды. Тұздану деңгейі 13-25 есе өсіп, Әлемдік мұхиттың минерализациялану бойынша орта деңгейінен 7-11 есе артып кетті. 1989 жылы Арал теңізі бір-бірінен оқшауланған Солтүстік (Кіші) Арал және Оңтүстік (Үлкен) Арал деп екіге бөлінді. 2003 жылы Оңтүстік Аралдың өзі тағы екіге: шығыс және батыс бөлікке айырылды (Шығыс Арал және Батыс Арал).

Оңтүстік Аралдағы судың тұздылық деңгейі артқаны соншалық, ондағы балық біткен қырылып қалды. Судағы тіршілік тоқтап, «Артемия салина» шаяндары ғана бұл тұзды суларды мекендеді. Теңіз табаны жаңа бір шөл дала – Аралқұмға айналды. Егістікке пайдаланылған тыңайтқыштар құрамындағы пестицидтер мен тағы да басқа улы заттар Әмударияға қайта қосылып, өзен суымен бірге Арал теңізіне құйылып келгендіктен, ешқайда кетпей, теңіз түбінде шөгіп қалған-ды. Сол улы заттар теңіз тартылғанда, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтеріліп, Арал маңын, Қарақалпақстан мен Қазақстанға жататын аумақтарды экологиялық апат аймағына айналдырып жіберді. Жергілікті жұрт тыныс жолдарының созылмалы аураларына, анемия, қылтамақ, бауыр-бүйрек және көз аураларына шалдықты.
Ал сол кезде...: Үлкен Аралдың шығыс бөлігі неліктен кеуіп қалды?

Қазақы Арал

Сырдария өзені келіп құятын Солтүстік Аралдың жағдайы Оңтүстік көршісімен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Қазақстан билігі қалып қойған теңізді қалпына келтіруге шындап кірісті. 2005 жылы ұзындығы 14 шақырымдық Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Кіші Арал суының Үлкен Аралға жылыстауы тоқтатылды. Осылайша, Солтүстік Аралда тіршілік жанданды. 2010 жылы Солтүстік Аралдағы су деңгейі мұхит деңгейінен 42 метрге көтерілді. Бұл дегеніңіз, Оңтүстік Аралдағы су деңгейінен 14 метрге жоғары, өткен ғасырдың 70-жылдарындағы су деңгейінен 11 метрге төмен. Су айдынының ауданы үш мың шаршы шақырымнан асады. Орташа тереңдігі — 8 метр.

Қазір Солтүстік Аралда жылына 6 тоннаға дейін балық ауланады. Мұндағы суларда сазан, көксерке, ақ амур, лақа, табан, торта, камбала балықтары бар. Таяу жылдарда су деңгейі Арал қаласына жақындауы мүмкін деп күтіліп отыр. 2012 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Кіші Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын әлемдік маңызы бар сулы-батпақты жер-сулардың тізіміне қосты. Осы тізімге енген жер-сулар Рамсар конвенциясымен қорғалады.

Теңіздің оңтүстік бөлігі болса, өзінің ақырғы күндерін кешіп жатқанға ұқсайды. Осыдан бес жыл бұрын ресейлік ғалымдар ондағы су деңгейінің жылына бір метрге тартылатынын, ақырында «жер асты және қалдық өзен суларымен қоректенетін ащылы-тұщылы су айдынына» айналады деп болжам жасаған. NASA-ның фотосуреттеріне қарағанда, Үлкен Аралдың шығыс бөлігі бұл стадияны өткерді. Ендігі кезек, батыс бөлігінде. Әмударияның суы бұл бөлікке жетпейді. Су айдыны жер асты су көздерінің есебінен «бар» болып отыр. Түрлі бағалауларға сенсек, жер асты су көздерінен жылына екі текше шақырым су беріледі.
Сөйте тұра, Аралдың суын «тартып алып қойған» Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстан мемлекеттері суармалы жерлерінің жартысын қысқартып, Әмударияның айдынын толтыруға ешбір құлық танытар емес. Керісінше, халқын асырау үшін суармалы жер көлемін үздіксіз арттырып келеді. Экспортқа шығарылатын ылғалсүйгіш мақта өсімдігі де осы Әмударияның есебінен суғарылады. Аралдың ажалына кезінде осы мақта өсіру шаруашылығы тікелей себеп болған-ды.

Ғалымдар теңіз деңгейін толықтай бастапқы қалпына келтіру үшін Әмудария және Сырдариядан жылына құйылатын су мөлшерін төрт есе арттыру керектігін есептеп шығарды. Бүгінде, бұл қос өзеннен жылына 13 текше шақырым су құйылады. Арал теңізінің тартылуына үлкен зардап шеккен Өзбекстан үкіметінің ұйытқысымен ұйымдастырылатын конференциялардан келіп жатырған пайда аз. Бұған қоса, Аралқұм аумағында көмірсутектердің ірі қоры ашылған. Кейбір есептеулерге сәйкес Аралқұмдағы көмірсутек қоры Орта Азиядағы барлық мұнай қорының 31 пайызын, газ қорының 40 пайызын құрайды. Мұнда қазір ресейлік «Лукойл» компаниясы белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да теңізді тірілту мәселесі көзделген пайданың ығында қалып, әзірге екінші орынға ысырылған сияқты.

Теңізді толтыру үшін ойластырылған қияли бір нұсқа бар. Ол — Памир тауларының тәжік жеріндегі аумағында орналасқан Сарез көлінің суы есебінен теңізді толтыру. Сарез көлінің су деңгейін 70-100 метрге төмендету арқылы Арал теңізінің айдынын 6-8 миллиард текше метр сумен толтыруға болатыны есептелген. Бірақ, Аралды қалпына келтіруге қатысты қандай әрекет болмасын, осыған мүдделі мемлекеттердің күші біріктірілу керек. Ал, бұған мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас әзірге жақсартуды қажет етеді. Арал теңізінің келешегі де осы жақсартуларға байлаулы.

Арал теңізі туралы әр кез түсірілген видеолар:

1958 жыл. Рыбаки Арала, Өзбекфильм


1963 жыл. Аральское море (Қазақфильм)


2014 жыл. Видео про Аральское море


slon.ru сайтындағы мақаладан қазақ тіліне аударған

Жәнібек Нұрыш

Әрі қарай

Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!

Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қандай дәрі-дәрмек болуы керек?
2015 жылғы 11 қаңтардан бастап елімізде автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасы жаңадан жасақталуы тиіс. Бір жақсысы, «зеленка», «йод», «кеторолак» секілді алғашқы көмекке еш қатысы жоқ препараттар алынып тасталды. Енді жаңа тізім бойынша мына дәрілік заттар болуы керек:
  • сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон),
  • зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана),
  • зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана),
  • қан тоқтатқыш жгут (1 дана),
  • бактерицидті лейкопластырь (5 дана),
  • медициналық лейкопластырь (1 дана),
  • эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),
  • зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп),
  • доғал ұшты қайшылар (1 дана).
(Тізім Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтынан алынды)

Қобдишаға шығындалма
Бұған дейін менде аптечка болып көрмеген еді. Жаңа бұйрық шыққаннан кейін, жасақтап алайын деп шештім. Қобдишаға шығындалмадым, үйде Жаңа жылда біреулер сыйлаған, ішіне тәттілер салынған фанера қорап бар еді. Ішіндегілерді жеп тауысқан соң, соны медициналық қобдишаға бейімдеп алдым:
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаға қатысты нақты талап жоқ. Бастысы дәрі-дәрмектерді сыртқы факторлардан қорғайтындай болса жеткілікті.

Міндетті дәрі-дәрмектерді іздеу
Ең басты мәселе — қажетті дәрі-дәрмекті табу болды. Үйдің жанындағы шағын дәріханадан бәрін тауып аламын десеңіз — қатты қателесесіз. Өз басым талай дәріханаларды аралап, әрең жинақтағандай болдым. Дәлірек айтқанда — толық жинақтауға аз-ақ қалдым. №6 эластикалық түтікшелі бинтті 1 апта бойы іздеп әрең тапсам, ал зарарсыздандырылған таңу пакеті ешбір жерде жоқ болып шықты. Бір фармацевт қала бойынша ешбір жерден таба алмайсың деп қорқытып қойды. 1-2 аптадан кейін тағы сұрастырып көру керек, мүмкін жаңалары түсіп қалар.

Ал бұның бәрі аптечка туралы бұйрықтың шалалығынан ба деп ойлаймын. Олар осы препараттарды жарияламас бұрын нарықты зерттеп алуы керек еді: дәрі-дәрмек қажетті мөлшерде бар ма, жоқ болса дәріханаларға алдын-ала тапсырыс беріп қойыңдар деп ескертілсе — жаңағы мәселе туындамас еді. Таңу бинті деген негізі хирургтардың ғана арнайы тапсырысымен келетін нәрсе екен. Дәріханаларда бола бермейтіні де сондықтан, ол тек операция үшін бірден ауруханаға жеткізіледі. Сөйтіп, 13 міндетті заттың 12-сімен әзірге жүре тұрамыз. Айтпақшы, сатып алуға барғанда қажетті дәрілердің аты-жөндерін орысша апарып көрсетіңіз, бұл заттардың қазақ тіліндегі аттары барлық жерде бірдей емес және жалпы дәрілік атаулардың қазақшасы кең қолданыста емес екенін түсінетін шығарсыз.

Дайын аптечка бар емес пе?
Дайын аптечка туралы армандамай тұра тұрыңыз. Жаңа тізім бойынша жасақталған қобдишалар 2-3 айдан кейін ғана сатылымға шығады екен.

Аптечканы қайда қоямын?
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаның машина ішінде орналасуына қатысты да бекітілген талап жоқ. Ең бастысы күннің көзінен аулақ, қажет кезінде тез табылатын жерде болуы керек. Форумдарда автомобильдің білгірлері ең қолайлы жер — жүргізуші орындығының асты деп есептейді. Күн түспейді, ауа температурасы бір қалыпты, қол жететін жерде.

Барлығы (әрине таңу бинтін есептемегенде) 2100 теңгеге шықты. Негізі бұдан да арзанға шығуы керек деп есептеймін. Ажиотаж кезінде фармацевттер пайда көрудің амалымен бағаны сәл өсірген шығар деген күдіктемін. Ең қымбаты басы доғал қайшы болды — 1400 теңге.
Әрі қарай