Мұңсыз өмір сүре алман…
Бір мұң бар жүрегімде белгісіз,
Маған шын, сізге мүмкін сенгісіз.
Ой емес, уайым емес қызығы,
Бұл бір жайт кез-келгенге бергісіз.
Отандық өнімдердің өрісі күннен күнге кеңейіп келеді. Қазір елордадағы кез келген сауда орындарына бас сұға қалсақ, назарымыз бірден «Қазақстанда жасалған» белгісімен безендірілген азық-түлік, құрал-жабдық тауарларына ауады. «Өзіміздің
Астананың сол жағалауында келешекте хайуанаттар бағы салынатын болады. Жоспар бойынша зообақтың жалпы аумағы 50 гектарды құрайды. Оған Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка мен Африкадан жануарлардың 49 түрі жеткізілмек. Бұл туралы Астана қаласының
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Зергерлік өнер» атты көрме ашылды. Көрмеге «Әдемі-ай» өнер музейінің топтамаларынан сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды.
Астана қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңа монументтің ең үздік жобасына («Астана белгісі» архитектуралық және мүсіндік композициясы) ашық республикалық байқау жариялайды.
Бүгін республикалық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газеттерінің алғашқы санының жарыққа шыққанына – 25 жыл толды.
Бүгінгі мерекелік санында жарияланған басылымды мерейтойымен құттықтауында Елбасы: «Республиканың жаңа елордасы сіздердің көз алдарыңызда бой түзеді. Астанамен бірге оның жаңа басылымдары да қалыптасты. Газет беттерінде шырайлы шаһардың қызу тіршілігін айшықтап көрсетіп, өз оқырмандарыңыздың қатарын ұдайы көбейтіп келдіңіздер. Астаналық қос басылымға тың табыс, жоғары жетістік, ұжымдарыңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін!» деп шығармашылық ұжымның қажырлы еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ, мерейтой иелеріне Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Республикасы Парламентінің, дипломатикалық корпустың, жетекші бұқаралық баспасөз құралдарының басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері жүрекжарды құттықтауларын жолдады.
Астана төріндегі «Арай» саябағында салтанатты жағдайда «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды. Сонымен қатар, мерейлі датаға орай футболдан газет жүлделері үшін республикалық жарыс ұйымдастырылды. Бас бәйгені Қызылорда облысынан келген әріптестер ұтып алды.
«Ақшамдықтар» мерейлі мерекеге арналған поэзия кешін, көрме, оқырмандармен кездесу, сондай-ақ, бильярд және боулинг сайыстарын өткізеді.
«Ханшатыр» СОО-да «Астана» баскетбол клубы жаңа маусым алдында жаңа ойыншыларын таныстырды.
Салтанатты жиынға олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Юрий Мельниченко қатысты.
Биыл клуб құрамына қосылған Адам Кэмп, Кэнни Хэйс, Александр Жигулин, Алексей Жуканенко сынды ойыншыларына жанкүйерлер құрмет-қошемет көрсетті.
«Астана» БК бас директоры, олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко елордалықтардың қолдауына алғысын айтып, алдағы ойындарға жанкүйер болуға шақырды. Клубтың жаңа маусымдағы алғашқы ойыны 18 қазан күні «УНИКС» командасына қарсы өтеді.
Астана қаласының әкімдігі жауапсыз құрылыс салушылармен пәтерлерді заңсыз сату фактілеріне жол бермеу мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарын хабарландырады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылыс салушылармен баспананы сату үлескерлердің қаражаттарын тарту үшін тиісті лицензиясы немесе нақты бір объектіні салу үшін екінші деңгейлі банктерде ашылған 100 % кредиттік желісі бар болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Сонымен, құрылыс салушыда құрылысты бастау үшін мынадай растама құжаттары болуы тиіс:
1. Объекті орналасқан жер учаскесін иелену құқығын растайтын құжаттары (жеке меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығына арналған акті);
2. Инженерлік желілері бар, әзірленген және сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы;
3. Әкімдіктің құрылыс жұмыстарын орындауға арналған қаулысы;
4. «Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (МСҚҚБ) құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламасы.
Рұқсат беру құжаттамалары туралы қажетті ақпаратты Астана қаласы әкімдігі сайтынан (пайдалы сілтемелер – www.astana.gov.kz) алуыңызға болады.
Бұзылымға жол берген құрылыс салушылар жөніндегі ақпарат қосымшада көрсетілген.
Мүмкіндігі шектеулілерді жұмысқа орналастыру айлығының шеңберінде 22 қазан күні Жұмыспен қамту орталығында кембағал жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Бұл қайырымды шараға елорданың 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелері қатысады. Олар мүгедектерге күзетші, есепші, полиграфия және тағы да басқа жұмыс орындарын ұсынбақ.
Жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» әлеуметтік бағдарламасы және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі.
Ұйымдастырушылар астаналықтарды Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайында 22 қазан күні сағат 10.00-13.00 аралығында күтеді.
Таяуда ғаламтор желісінде Астана мен «Expo-2017» көрмесіне арналған ерекше субұрқақ туралы шағын видео жарық көрді. Субұрқақтың ерекшелігі сол, жоғарыдан төмен аққан су тамшылары ұлттық ою-өрнектеріміздібен қатар, «ASTANA», «EXPO-2017», «KAZAKHSTAN» сөздерін және еліміздің Мемлекеттік туын бейнелейді. Алдағы уақытта «EXPO-2017» көрмесіне әзірленіп отырған елордада дәл осындай субұрқақтар шаһар шырайын кіргізе түсуі әбден мүмкін.