Елордада жаңа монументтің ең үздік жобасына байқау жарияланды


Астана қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңа монументтің ең үздік жобасына («Астана белгісі» архитектуралық және мүсіндік композициясы) ашық республикалық байқау жариялайды.
Байқау 2015 жылдың 6 қазанынан 6 қарашаға дейін өтеді. Шараға кәсіби архитекторлар, мүсіншілер, суретшілер қатыса алады. Байқауқа қатысушылар тіркелу шарттары және басқа да қажетті мағлұматтарды мына мекен-жай бойынша анықтай алады: «Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, 010000 Астана қ., Әуезов к-сі, 6, 310 бөлме. Тел. +7 (7172) 919-426, 8-705-783-73-07.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9237
Пікір жоқ әзірше