Мүшәйра! Бас жүлде 1 000 000 теңге!
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.Мүшәйраның мақсаты: Сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі дініміздің алар орнын пайымдау, отбасы татулығы, ұлт бірлігі, ел тәуелсіздігін сақтаудағы Ислам құндылықтарын насихаттау, Мәңгілік ел мүддесін жүзеге асыруда рухани ықпалы зор асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың ұштасқан озық үлгілерін дәріптеу.






