Тағы да бір күн батты
Терезеден қарап тұрмын кешқұрым,
Аула жақтан дауысыңды естідім.
Көлігіңді аңдып күнім өтуде
Менде мұндай болған емен еш бұрын…
Тәрбиесін әжем берген ескінің,
Аттағам жоқ өсиеттің еш бірін.
Ойламайын десем-дағы келеді
Көрші жігіт, көз алдыма кескінің.
Жын ұрғам жоқ, ақылым бар, естімін,
Тыныштықта өтпей қойды еш түнім.
Әттең уақыт күте алмайды біздерді,
Құйрығындай келте ғұмыр ешкінің.
Бүгін міне іштей ғана үн қаттым,
Тағы осылай ұясына күн батты.
Жанарымнан ұғар едің егер де,
Кез боп қалсақ, менде жүрген жұмбақты.
10 пікір