Астанадағы «Expo-2017» көрмесі қарсаңында қазақстандықтар БАӘ-не визасыз ұша алады


Қазақстандықтар «Expo-2017» көрмесі қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз ұша алады. Осы елге іссапармен барған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев шетел билігімен осындай келісімге келді – деп хабарлайды Қазақпарат.
«Келіссөз барысында БАӘ Астанада өтетін көрмеге қатысатындығын тағы растады. Сондай-ақ виза алуды жеңілдету туралы келісімге келдік. Қазіргі уақытта дипломатиялық қызметтегі адамдар үшін виза жүйесін алып тастадық. Енді Астанада өтетін көрме қарсаңында 30 күн бойы барлық жолаушылар визасыз жүруге құқылы», — дейді ҚР СІМ бірінші орынбасары, «Expo-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев.
Сондай-ақ Астана мен Дубай арасында туристік компаниялардың бірлесе қызмет жасау туралы меморандумға қол қойылды.
«Қазақстанға инвестиция салатындай беделді азаматтарды жіберіп, сіздердің көрікті қалаларыңызды тамашалауды ұсынатын боламыз», — дейді Al Khalidiah Tourism компаниясының президенті Сирак Мурадян.
Пікір жоқ әзірше