Бутрос Бутрос Ғали ағам дүниеден озды
Кеше, Каирде, 94 жасқа қараған шағында, Әлемнің Ұлы Азаматы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992-1996 жылдар аралығындағы бас хатшысы Бутрос Бутрос Ғали қаззақтарға білдірместен дүниеден озды.
Әрі қарай

Ежелгі бір заманда, Айдала деген жазықта алып жалғыз бәйтерек өсіпті. Ол аспан мен жерді жалғап тұрады екен. Оның қоңыртүсті тамыры Өтершақпен, жасылтүсті діңі Осышақпен, алып теректің күмістүсті басы Болашақ бұлтымен байланысып тұрыпты. Бұл дарақ ағаштың аса ерекше қасиеті болыпты, оның жапырақтары жеті түске боялып құбылып тұрады екен. Жер бетінің барлық уақыты терек діңгегіне сіңеді екен. Сөйтіп, Жер тарихы осы бір бәйтерек бойына жазыла береді, жазыла береді.

Бірақ бұдан үй жылынып кетті деу қиын. Суық бәрібір бар. Содан интернеттен үйдегі жылуды сақтаудың амалдарын іздестірдім. Тәсілдер көп, бірақ оның бәріне менің ақшам да жетпейді, қолымнан да келмейді. Бір ғана амалды жасау оңай екен, ол — алюминий фольганың көмегімен бөлмедегі жылуды ұстау.
Ілінген фольга мен батарея арасында бос кеңістік болуы керек. Қабырғаға бағытталған жылы ауа фольгаға ұрылып, кері қайтуы үшін сол дұрыс. Бір-біріне тақалып тұрса фольганың ешқандай әсері болмайды, жай ғана қабырғаңның сәні кетіп тұрады (не деген урод материал еді өзі).







