Нағыз бұттан кету

Мына киноны кеше көрдім. Колпачино деген түрікше кино. Сол кинодан бір фрагмент. Орманда 2 өлікті лақтырып тастауға бара жатқан адамдардың темекілері бітіп қалады. Машинада үстіндегі одеколонға темекі түсіп, киімі өртеніп, өрт сөндіргіш көбікпен үсті сөндірілген жігіт бір үйге темекі сұрауға барады. Барса біреулер үйде рух шақырып, «гадать» етейін деп жатады.

Әрі қарай

Ақымақ полимерлер

Тұрмыста, не басқа да – нағыз керек кезінде енегі айналып, сынып қала қоятын пластмасса бұйымдарының Топ-5-тігін жасауды жүн көрдім. Шешесстің.

№1. Унитаздың насосының қазығы, кейде – фланеці.
Ептібайымайдтың, рақаттанып отырғанды жек көретін адам сірә, жоқ шығар. Бәлкім бар да шығар, оның өзінде тек Turkish Airlines-тің рейстерінде шығар. Ендеше осы: рақаттанып, кейде тіпті ләззаттан көздерің жұмылып кетіп, үлкен шаруа тындырған соң, суын ағызып жіберуге насосты тартып қалсаң, бірдеңе «қырт» етіп үзіліп кетеді. Ептібайымайд, әншейін туалетке барып келу – үлкен ремонтқа
Әрі қарай

Қуанышты хабар, жама'ат!!!

"Құдайға барғанда, бірінші:«көршіңмен қалай болдың?» деп сұрайтын көрінеді ғо" © Әмөштің тостынан.

Уа Исаның өсиетін аттамаған ізгі кришнаит бауырлар! Бүгін мен 8 айдан бері… бір қабатта тұратын көршімді көріп қалдым!
Әрі қарай

Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір»

«Ақзеренің аватары күшті, үйленем ғыӘ,» ©СаянҮш

Менде бір керемет сюжет бар...: Стамғазы Рубрук. «Рақат өмір» — Бүгін шайды немен бересіз? – деді ол лакейге.
— О! Таң ата нақ Марсельдің өзінен тамаша крюасандар келіп жетті! Балдай татиды!
Лакейдің тамсануынан өзінің де жегісі келіп тұрғаны байқалатындай.
Әрі қарай

Ақпараттық алкоголизм

Жаңа байқадым: ұшып кеткен сайтты ертеңіне жаңа келбетпен және соңғы әңгімелерсіз көру, шамамен — түнімен ішіп, таң ата бас көтере алмай, түсте мең-зең болып әрең тұрғанда, түнде гардобты жарғаныңды айтып тұрған достарың сияқты екен.
Әрі қарай

Бұйрабас тотықұс күтімі

Өткен айда зоодүкенге аяқастынан жолым түсіп, осы бір өзіндік мінезі бар бұл тотықұсты ойланбастан сатып алдым. Менің тотықұсым бұйрабас тотықұстар (волнистый попугай) түріне жатады. Үйге келген соң ал енді қандай есім қоямын деп дал болдым. Үш күн ойландым ғой. Сосын Сатыбалды, Жулюлюм, Сүйінші деген үш есімді қатар таңдап, көңіл-қошыма қарай үш есімді кезектестіре атап, шақырамын.
Сүйінші, Сатыбалды, Жулюлюм
Негізінен бұйрабас түріне жататын тотықұстар басқа тотықұс түрлерінен көп сөйлегіштік, бәдіктігімен ерекшеленеді екен. Оған көзім әбден жетті.
Әрі қарай

Хард-әдебиет. Стратиллат Меңдешев. "Соңғы кеш"

...7 жұлдызды «Шератон» отелінің швейцары есік алдына келіп тоқтаған «шестерка „Жигулиге“ баруға ықылас таныта қоймады. Сосын ба, ол мәшинеден де ешкім шықпай, қақшиған күйі тұра берді. Күзетке хабарлап, қуып жіберсем бе екен деп ойлады швейцар. Сол-ақ екен, отельден администратор жүгіріп шығып, швейцарды жағадан алды:

— Не қарап тұрсың сен! Оңбаған! Бар, аш есігін!

Швейцар құлықсыз ғана, қолдарын салбыратып, еріне-періне машинаға келіп, артқы есігін ашқаны
Әрі қарай

Антижуристік өмір салты. 6. Аттыкіндей төрт жыл оқу

(Ертайы. Басы мында)

Бұл әңгімеде, журистикаға неменеге аттай 4 жыл «оқытатынын» сөз қылсақ. Шынымен, ең бай мемлекеттер екі ай ішінде курс түрінде оқытывжіверіп, тоғытып жатқанда, бізге не крест жорығы деген заңсыз сұрақ туады. Ендеше конспирологиялық бір болжам бар.

Совиет Үкіметі саяси сауатты адамдардан әрқашан қорқатын болған. Сондықтан ба, бір ай ішінде ұшқыш дайындап шығарса да, журик немесе басқа да қоғамдық салмағы болуы мүмкін мамандықтарды оңнан солға, жоғарыдан төмен шырмап тастаудың керемет жүйесін жасаған.

Мысалы, адамды екі-ақ ай оқытса, ол журик емес, журналист боп кетер еді. Себебі, мұнша қысқа
Әрі қарай