Антижуристік өмір салты. 6. Аттыкіндей төрт жыл оқу

(Ертайы. Басы мында)

Бұл әңгімеде, журистикаға неменеге аттай 4 жыл «оқытатынын» сөз қылсақ. Шынымен, ең бай мемлекеттер екі ай ішінде курс түрінде оқытывжіверіп, тоғытып жатқанда, бізге не крест жорығы деген заңсыз сұрақ туады. Ендеше конспирологиялық бір болжам бар.

Совиет Үкіметі саяси сауатты адамдардан әрқашан қорқатын болған. Сондықтан ба, бір ай ішінде ұшқыш дайындап шығарса да, журик немесе басқа да қоғамдық салмағы болуы мүмкін мамандықтарды оңнан солға, жоғарыдан төмен шырмап тастаудың керемет жүйесін жасаған.

Мысалы, адамды екі-ақ ай оқытса, ол журик емес, журналист боп кетер еді. Себебі, мұнша қысқа уақытта жас өреннің батылдығын, максимализмін, ақиқатқа деген риясыз сенімін өлтіру тіпті мүмкін емес. Ол шындықты жаза беруге болмайтын шарттылықтарды, ымды түсінбейді. Екі ай ішінде идеологиялық өңдеуден өткізе ме, әлде жазу үйрете ме?

Осыдан барып, журналист болуы мүмкін адамнан болван жасау әдісі жолға қойылған.

Бірінші жыл — ол жалпы — жетекте жүре алатын адам ба, сөзге түсіне ме — соны аңдауға кетеді. Оқытушылар КГБ-ға тапсыратын арнайы формада кімнің қандай екенін сипаттап береді.

Екінші жыл — жүйеге келеді-ау дегендерге негізгі мағлұматтар оқытыла бастайды. Онда да — 100 грамм журналистика туралы білімге 15 килә маркстік-лениндік пәлсапа қосылып береді.

Бұлардан өткендер үшінші жылы тамаша материалға айналады. Енді оларға ашықтан ашық — нені жазып, нені жазбауға болатыны меңзеледі.

Төртінші жылы болашақ журикте әкімшілік-қаржылық байланыстар мен тәуелділіктер орнай бастайды: жұмысқа тұру үшін ирелеңдей тұрайыншы, сұрағанын жаза тұрайыншы деген мысықниет пайда болады. Ол енді баяғы жалынды ұлан емес, оның көздері көмескі бірақ сұмдық ақылды. Ол ит, бірақ ақылды ит. Ол енді құсық қоғамды, оның дімкәс қайраткерлерін оңды-солды мақтауға әзір.

Рас, техникалық мамандарды да ұзақ оқытады. Бірақ оларды шетелде де ұзақ оқытады. Шетелдерде ілім мен ғылымды жақсы жіктеп қойған. Физика — ол ғылым, ауыр ғылым, адамның үнемі энциклопедиялық-тәжірибелік тонуста болуын қажет етеді. Ал журналистика — ол ілім: мың жерден заңдары мен ережелері жазылса да, біреудің нәтижесін екіншісі қайталай алмайды. Ондайға 4 жыл оқытып қажеті не? Бәлкім бұлар керемет аспаз, даяшылар немесе сылақшы болуы мүмкін еді ғой? Жұмысшы күші жетіспейд деен масқараны естімес едік. Бірақ журиктер ыстық бәліштей басылватыр. Реті келгенде азайтып отырғанның еш сөлекеттігі жоқ сияқты. Мысалы, журье форумының кезінде кастрюльге пурген салып жіберсе…

Келесі өсегіміз — журьелерді жіктеуге арналған.
Бөлісу:

25 пікір

Adiletshu
Иә. Журналистикада оқып жатқан студенттердің көптігіне көзім жетті
Marco
Екінші курстан кейін сырттайға ауысып кеттім. Дәлірегі екінші курстан кейін универден қуып жіберіп, кейін сырттайға ауыстым   
asaubota
бұлар сосын журфак бітірмегендерді мойындамай зайып ал қылады. филфак бітіргендер де журик емес бұлар үшін.
edige
адамды екі-ақ ай оқытса, ол журик емес, журналист боп кетер еді
Рас сияқты…
Emilia
Өзіңіз керім журналистсіз ба не?
edige
Ол кісінің екінші аты КЕРІМ
Sashok
Осы жерден толығырақ. keriim satibaldi ма сонда?
Adiletshu
Ағаң журналист емес, алқаш
Emilia
Көрініп тұр сау емес адамның жазғаны
Aya
таяқтың бір ұшы сізге де тиіп кетіп жатыр ма?)
zholantai
мұнда как раз осы журналистиканы таңдау, таңдамау туралы, әңгіме болд))
zholantai
айтад та енді, айтад
Мысалы, журье форумының кезінде кастрюльге пурген салып жіберсе…
VKM
журналистер, алға!
Zhan
Әлі журналистерге тиісу жүріп жатыр ма? Тегі өлмейтін, ескірмейтін тақырып екен.
Aldeken
Сенің өміріңде елеулі өзгерістер орын алса да, бұл жер әлі сол баяғы керек. Қош келдің, Жансая!
Zhan
Рахмет! Сағынып қалыппын бәріңді
dark_nazgul
оооооооо!!! Сағындық қой өзіңді!
Daniar-Alan
Қайдасың? не істеп жүрсің? тірімісің өзі?
Zhan
«Дәл осылай болатынын білгем мен ғұмырым, Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген тірімін» — деген Есенғали Раушан. Сол айтпақшы, жүрміз ғо.