Шігер-шігер!



Рок музыканың этно-фольк бағытындағысы ұнайды ма? Қытайлық моңғолдар құраған HANGGAI атты топтың орындауындағы мына әнді көптен бері тыңдап жүрмін. Сөздерін түсінбесем де әннің әуені, орындалуы қатты ұнады. Түсініп те керек емес, ән жылқы үстіндегі көшпенді екені түсінікті онсыз да.
Әрі қарай

Қайран жеңгем!

Anuarbekkyzy-ның постында ағайындыларды біраз жерге апарып тастадық-ау деймін. Осы жеңшелеріміз туралы айтайық енді. Әрине, жақсы жағын. Өзі менің жеңшелерім көп-ақ! Солардың бірнешеуінің жақсы жақтарын айта кетейін.
Әрі қарай

Талантты гитарашы Чигинцев

Ютубта талай керемет таланттар бар ғой. Бірақ мен үшін Макстың жөні бөлек, неге екенін білмеймін мен Максим Чигинцевтің талантына ғашықпын. Оның орындауындағы әрбір әуен нотаға дәл түсіп, адамды еріксіз елітеді. Гитараға аздап әуестігім болғасын ба сағаттар бойы тыңдай беруге жалықпаймын.
Сілтеме: www.youtube.com/watch?v=ljFlfsNcfU0
Сайты: 4igi.ru
Әрі қарай

Бас гитарамен соло шығарма - Тәңірберген Молдабайдың әні



Эксклюзив! Қазақстанда алғаш рет бас гитарамен соло шығарма. «Музарт» тобының бас гитарисі Ерлан Құлахметовтың орындауында Тәңірберген Молдабайдың әні. Бұл әннің музыкасы 1964 жылы «Алдар Көсе» фильмінде қолданылды.
Әрі қарай

PSY - Gangnam style



Мына роликті бүгін ТВде көрдім. Қызық екен, ұнады. Сөйтсем бұл Оң.Кореялық рэпер PSY-дің шығармасы екен. Шыққан кезінен бастап Youtube Top 100-дің алғашқы орындарына шығыпты. Бүгін мен қараған кездегі қаралу саны: 148.921.898
Әрі қарай

Балалардың сүйікті әндері



«Көк тудың желбірегені» әнінің әуені кішкентай балаларға қатты әсер ететін сияқты. Кіші ұлым Әлижан осыны сүйіп тыңдайды. ТВден осы әннің клибі шықса қатып қалады соған қарап. Азия+ деген канал күнде бірнеше рет көрсететін осы клипті.

Ал үлкен ұлымның сүйікті әндері оның айтуы бойынша Чика-чика (Көкжалдар мекенінің музыкасы), Ауладағы ереже, İstanbul, Құнан нар. Ал Атамекенді жатқа біледі, ең бірінші үйренген әні де осы болды. Ешкім үйреткен жоқ, өзі жаттап алды осыны. Байқағаным үлкен ұлға темпы жоғары, динамикалық әндер ұнайды. Кіші ұлға жәй әндер ұнайды.

Сіздің бүлдіршіндер қандай ән тыңдайды?
Әрі қарай

Тұрабаев Бауыржан әнектерi


Белгiлi әнекшi қазiрде тегiн Манасбай деп өзгеткен Бауыржан Тұрабаевтын әнектер жинағы колыма түсiп қалды… алдын есiтпеген екенмiн… Тынданыздар!!!
(Суретi алынган видеодагы әнектерi емес)

Есітіп қойғандар жүктеп әуре болмасын деген оймен үзінді жаза кетейін:

Олимпиадада әлем чемпиондығын 2 рет жеңіп алған бір жігіт ауылға барыпты да,
— Жарты сағаттай төбелестім, бір ауылдың баласымен, қарайм чета очкомен утып келе жатқан сияқтымын — депті ))))

Қоян түгіл қой да жоқ сайтына қойдым
Әрі қарай

Бұл клипті флешерлер қарамасын!

Тамара Асар — Жаным неге


Жүрегі әлсіз, жүйкесі нашар флешерлер, анимациямен, клип жасаумен айналысатындар бұл клипті қарамасын. Ән былай да жақсы дей алмаймын, бірақ клипі енді сұмдық. Мұндай қорқыныш клип көрмеппін.

Егер видео ашылмаса мына жерден қараңдар.
Әрі қарай