Шігер-шігер!



Рок музыканың этно-фольк бағытындағысы ұнайды ма? Қытайлық моңғолдар құраған HANGGAI атты топтың орындауындағы мына әнді көптен бері тыңдап жүрмін. Сөздерін түсінбесем де әннің әуені, орындалуы қатты ұнады. Түсініп те керек емес, ән жылқы үстіндегі көшпенді екені түсінікті онсыз да.
bk
Бөлісу:

17 пікір

torgai
Рокта да ұлттық нақыштарын ұмытпаған. Жараған екен! Өте жақсы!!!
asaubota
костюмдері де мықты
torgai
Ұлттығын ұмытпай, заманға ілесуге болатындығын дәлелдеген сыңайлы. Жақсы бейнетаспа екен.
ken
жақсы.



мен де түсінбесем де кейде мына әнді тыңдап тұратыным бар. қалмақша.
біздегі «көмеймен айту» деп аталатын ән орындау түрін моңғолдар «хумей» дейді екен. көмей — хумей.
daugozhek
мынау әлгі қазақстанда болған конкурсқа қатысқандарма еді?
asaubota
The Spirit of Tengri деген конкурстағы клиптерін көріп қалдым. содан бері іздеп жүріп тыңдаймын.
torgai
Тағы басқалары болса бөлісе отырсаң…
Aya
«Тобыр, тобыр»))) көңілді ән екен Ұнады
Marco
Этно рок рокты өзгеше қылудың тәсілі. Әйтпесе гитара мен барабандарды ағылшын және американ рокерлері атам заманда «теуіп» тастады. Мысалға ирландиялық рок тыңдаңызшы. Бірден айырмасын сезінесіз, тіпті ешкім айтпаса да оның ирландиялық екенін сезінуіге болады. Музыкада ұлттың рухы бар.
Бізде жақында электро-домбыра жасалды. Тағы сын айтылды.Ойбай, ұлттық дыбысты құртады деді. Ешкім оның дыбысын естіп көрген жоқ әлі. Бірақ сынай жөнелді. Менің ойымша бұл қазақша рокты жаңа белеске шығаратын тамаша идея.
asaubota
қазақша осындай музыка істеп жүрген Қытайда Мамыр деген жігіт бар. бізде өкінішті, өнер үшін музыка істейтіндер азайып бара жатыр. ал мына жігіт былай танымал, тек ҚЗда емес.


Marco
Бірінші видеосы 70-жылдардағы авангардистерді еске түсіреді екен)
torgai
Не болса да заман көшінен қалмай, ұлттығымызды сүйреу керек.
torgai
Бұл пост біраз уақыт өтіп әлсін-әлсін жанданатын сыңайлы ғой. Жаңа видеолар қойыла берсе жақсы болар еді.